Жарылғапов Саян Жанғазыұлы, 1988 жылы 1 қазанда Қарағанды облысы (қазіргі Ұлытауоблысы), Жаңарқа ауданыАқтау ауылында дүниеге келді
Ұлты — қазақ
Білімі мен кәсіби біліктілігі
Жетістіктері мен марапаттары
Қоғамдық және әлеуметтік дамуға қосқан үлесім үшін:
Қарағанды облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен еңбегім ерекшеленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында «Үздік радио сюжет» номинациясы бойынша диплом иегері атанды.
Ардагерлер ұйымымен ынтымақтастық, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мәдени-бұқаралық шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру бағытындағы еңбегім үшін көптеген алғыс хаттардың иегері.
2012 2014 жылдары Қарағанды облысының ішкі істер департаменті Қарағанды қаласының ішкі істер басқармасының кадр бөлімінде мемлекеттік тіл және ақпарат тобының инспекторы.
2014 жыл Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының Октябрь ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ жоғары деңгейлі маман.
2018 – 2021 жылдары «Издательский дом» ЖШС-де эфир жүргізушісі.
2021 – 2023 жылдары Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Өмірлік қиын жағдайдағы тұлғаларды қайтадан әлеуметтендіру орталығы» КММ директорының орынбасары.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қарағанды қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы» КММ директор лауазымында қызмет атқарады.
Қоғамдық-саяси бағыттағы белсенділігімнің нәтижесінде 2023 жылы Қарағанды қалалық мәслихатының депутатығына кандидат ретінде кандидатурасын ұсынды.