Ереже

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2020 жылғы «21» қазандағы

№ 61/05 қаулысымен

 бекітілген

 

 

«Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қарағанды қаласы аймағындағы жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласын, өнеркәсіп, индустриалды-инновациялық саясат, инвестициялық қызмет, сыртқы экономикалық байланыстар және туризм, кәсіпкерлік қызметінің жеке түрлерінде, сонымен қатар ауыл шаруашылық саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.

2. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.

4. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық лимиті қолданыстағы Заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100000, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Костенко көшесі, 6-шы құрылыс.

9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы ереже «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

12. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

13. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық салаларын, индустриалды-инновациялық саясат, инвестиция, сыртқы экономикалық байланыстар мен туризм, сауданы дамыту саласында мемлекетті саясатты жүзеге асыру.

14. Міндеттері:

1) Кәсіпкерлер қызметін қолдау және қорғауды қамтамасыз ету;

2) Қарағанды қаласының аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау;

3) Жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;

4) Қарағанды қаласының өнеркәсіп және ауыл шаруашылық салаларын дамыту үшін жағдайлар жасау;

5) Заңнамамен жүктелген өзге де міндеттерді атқару.

15. Функциялары:

1) Жеке кәсіпкерлікті, индустриалды-инновациялық даму және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мен дамытуға арналған мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асырады;

2) өңірде шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымның объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз етеді;

3) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектісінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қатынасының даму стратегиясын айқындайды;

4) сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастырады.

5) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етеді;

6) қала кәсіпорындарының мәліметтерін жинау және өңдеу, мониторинг жүргізу жолымен кәсіпкерлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, сауда және туризм салаларының талдауын және болжауын, қаланың индустриалды-инновациялық дамуын және инвестициялық жағдайын жақсарту үшін ұсыныстар дайындау және тенденцияларын анықтау;

7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар әзірлейді;

8) Өз құзіреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асырады.

9) Өз құзіреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

10) Көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;

11) Техникалық инспеция саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету;

11.1) Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, одардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу;

11.2) Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

11.3) Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (төлнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;

11.4) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелрді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқауды өткізу;

11.5) Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылғы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру.

12) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша, оның ішінде сауда, азық-түлік және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қызметінің жұмысын ұйымдастарады;

13) бекітілген тәртіпте азаматтардан түскен хаттарды, өтініштерді, арыздарды және ұсыныстарды қарастырады;

14) құзіретіне қарай кәсіпкерлікті қолдау, дамыту және қорғау мәселелері бойынша шешілуі тиіс заңнмалық және нормативтік акті жобаларына ұсыныстар құрастырады;

15) қатынаста әкімгер болып табылатын бюджеттік бағдарламлар нәтижесіне жету және орындау, жаңару, жоспарлау;

16) өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттелген фунциясын орындау үшін қала территориясында орналасқан мекемелер және мемлекеттік органдардан олардың бағыныстарына қарамастан ақпаратты сұратуға және алуға;

2) «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттелген функциясына сәйкес өткізілетін іс-шараларға ұйымдар және кәсіпорындар басшыларын келісім бойынша тарту;

3) өз құзіретіне қатысты мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарын қала әкіміне және әкімдігіне қарастыруға ұсыну;

4) «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзіретіне енетін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мәжіліс шақыру;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен ұсынылған басқа да құқықтарды пайдаланады.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

17. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және функияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қызметке Қарағанды қаласының әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары бар және олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарына қабылданады және босатылады.

20. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:

1) өз құзіретінің шегінде бұйрықтар, нұсқаулар шығарады және «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі барлық құрылымдық бөлімшелерімен орындалуға міндетті нұсқаулар береді, келісім-шарттарды жасайды;

2) «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдер туралы Ережені бекітеді;

3) өзінің орынбасарларының, құрылымдық бөлімдердің міндеттері мен өкілеттілігін айқындайды.

4) «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың міндеттері мен өкілеттерін айқындайды;

5) заңмен белгіленген тәртіппен «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

6) қолданыстағы заңдарға сәйкес барлық ұйымдарда және органдарда «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі болып табылады;

7) өз құзіретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және осы үшін жеке жауапкершілікті тартады;

8) құжаттардың орындалу барысын ұйымдастырады және бақылау жасайды;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.

«Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде онын өкілетін қолданыстағы заңнамға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Бірінші басшы әрекеттегі заңнамаға сәйкес орынбасарларының өкілетін анықтайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше анықталмаса «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені тарату және қайта ұйымдастыру

25. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесін тарату және қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ереже
Дата публикации
05 февраля 2021