Педагогтерге оңайлатылған тәртіп бойынша біліктілік санатын беру тәртібі
- Президенттің кадр резервіне кірген тұлғаларға, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылған шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмысқа орналасу сәтінде жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін бес жылдан кешіктірілмей біліктілік санатын беру рәсімінсіз Комиссия шешімімен "педагог-сарапшы" біліктілік санаты беріледі. Кезекті аттестаттау осы Қағидаларда белгіленген мерзімде өткізіледі.
- "Педагог-модератор" біліктілік санаты клил (CLIL) әдістемесі (болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаттары бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне жеке өтініші негізінде Біліктілік тестілеуі рәсімінен өтпей беріледі:
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) - 6,5 балл; тойфл (TOEFL) – 60 - 65 балл; француз тілі: дельф (DELF) - C1;
неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) - C1.
- "Педагог-сарапшы" біліктілік санаты клил (CLIL) әдістемесі (болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаттары бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне жеке өтініші негізінде Біліктілік тестілеуі рәсімінен өтпей беріледі:
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) - 6,5 балл; тойфл (TOEFL) – 66 - 78 балл; француз тілі: дельф (DELF) - C1;
неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) - C1.
- "Педагог-зерттеуші" біліктілік санаты клил (CLIL) әдістемесі (болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаттары бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне жеке өтініші негізінде Біліктілік тестілеуі рәсімінен өтпей беріледі:
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) - 7 балл; тойфл (TOEFL) - 79-95 балл; француз тілі: дельф (DELF) - C2;
неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) - C2.
- "Педагог-шебер" біліктілік санаты клил (CLIL) әдістемесі (болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаттары бар шетел
(ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне жеке өтініші негізінде Біліктілік тестілеуінен өтпей беріледі:
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) - 7,5 балл; тойфл (TOEFL) – 96 - 110
балл;
француз тілі: дельф (DELF) - C2;
неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) - C2.
- Жоғарыда аталған сертификаттары жоқ шет тілдерінің педагогтері біліктілік санатын беру рәсімінен жалпы негізде өтеді.
- Комиссия шешімі аттестаттау органының бұйрығымен ресімделеді.
- Біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың негізінде білім беру ұйымы осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік беру (растау) туралы куәлік береді.
- Біліктілік санатын беру туралы куәліктерді беруді білім беру ұйымдары Комиссиялардың шешімдері мен тиісті бұйрықтардың негізінде жүзеге асырады және осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктерді тіркеу және беру журналында тіркеледі.
4-тарау. Білім беру ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын, басшыларының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін аттестаттаудан өткізу тәртібі
- Білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары мен басшыларының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткер болып отырған біліктілік санатын көрсете отырып, тиісті деңгейдегі комиссияға өтініш береді.
- Білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар), әдіскерлер (әдістемелік кабинеттер (орталықтар)) басшыларының орынбасарларын аттестаттау осы Қағидалардың 15 -тармағында белгіленген кезеңдерді қамтиды.
- "Басшы", "басшының орынбасары", "әдіскер" біліктілік санаттары лауазымға тағайындалған кезде автоматты түрде беріледі.
- Аттестаттау рәсіміне алғаш қатысатын білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының орынбасарлары, әдіскерлер атқарып отырған лауазымында болған үш жыл өткеннен кейін "үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшының орынбасары",
"педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санаттарын беруге өтініш береді.
- Аттестаттау рәсіміне алғаш қатысушы білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары атқаратын лауазымында болған үш жыл өткеннен кейін "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санаттарын беруге өтініш береді.
- Кезекті аттестаттау кезінде (әдістемелік кабинет (орталық) басшыларының орынбасарлары және білім беру ұйымының (әдістемелік кабинет (орталық) басшылары кезекті деңгейдегі біліктілік санатын беру туралы не лауазымда болған әрбір келесі үш жыл өткеннен кейін қолданыстағы біліктілік санатын растауға өтініш береді.
- Білім беру ұйымының басшылары мен басшыларының орынбасарларын аттестаттау лауазымға тағайындалған сәттен бастап үш жыл өткен соң алты айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
- Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын, басшыларының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін аттестаттаудан өткізуге дайындықты білім беру ұйымдарындағы жауапты орындаушылар, аттестаттаушы органның Персоналды басқару қызметі ұйымдастырады және мынадай іс-шараларды қамтиды:
- Біліктілік тестілеуінен өткені туралы сертификатты (білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін), жұмыс тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі кестені, осы Қағидаларға 23 және 24-қосымшаларда белгіленген өлшемшарттарды орындау бойынша растайтын құжаттарды қамтитын қажетті құжаттарды дайындау.
Көрсетілген құжаттар басшы орынбасарының, басшының қолымен және білім беру ұйымының (әдістемелік кабинет (орталық) мөрімен расталады.
- аттестаттауды өткізу кестелерін бекіту.
- Тиісті деңгейдегі аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі жыл сайын 1 қыркүйекке дейін білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) аттестатталатын басшылары мен басшылар орынбасарларының, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерінің алдағы қаржы жылына арналған тізімін айқындайды, ол қажеттілігіне қарай түзетіледі.
- Аттестаттаушы органның басшысы органның персоналды басқару қызметінің ұсынуы бойынша жыл сайын бұйрық шығарады, онда аттестаттауды өткізу кестесі мен тиісті деңгейдегі Комиссияның құрамы бекітіледі.
- Аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі аттестатталушыларды аттестаттауды өткізу мерзімдері туралы жыл сайын жазбаша хабардар етеді.
- Білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары осы Қағидалардың 2-тарауының 1-параграфына сәйкес Біліктілік тестілеуінен өтеді.
1- параграф. Біліктілік бағалауын өткізу тәртібі
- Біліктілік бағалауы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімі, облыстың (облыстық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін), республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Білім басқармалары органдарында, тиісті саладағы уәкілетті органда (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) өткізіледі.
- Біліктілік бағалауы аттестатталушылар ұсынған құжаттардың: жеке басын куәландыратын құжаттың, білімі туралы дипломның, білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген, кемінде 72 сағат "Білім берудегі менеджмент" бағдарламасы бойынша курстардан өткені туралы құжаттың, қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелеріне сәйкестігін қарауды қамтиды.
- Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары мен басшы орынбасарларының, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерінің құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, тиісті деңгейдегі аттестаттаушы органның Персоналды басқару қызметі құжаттарды қабылдамайды және дәлелді бас тартуды ұсынады.
2- параграф. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды өткізу тәртібі
- Аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар)) басшыларының, басшылары орынбасарларының және әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерінің аттестаттау материалдарын Комиссияға жібереді.
- Отырыс барысында Комиссия ұсынылған материалдарды зерделейді.
- Ұсынылған материалдарды зерделеу нәтижелері бойынша Комиссияның әрбір мүшесі осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестатталатын басшыға/басшының орынбасарына/әдіскерге бағалау парағын толтырады.
- Аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі аттестатталатын басшыға осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, басшының орынбасарына осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресімдейді.
- Жоғары қорытынды көрсеткіштер кезінде (осы Қағидаларға 24- қосымшада көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес ең жоғары қорытынды балл) аттестаттау нәтижелері бойынша білім беру ұйымы (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының орынбасарлары қабылданған сәттен бастап екі жылға
білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының кадр резервіне алынады.
- Аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинет (орталық) басшыларының орынбасарлары және әдістемелік кабинет (орталық) әдіскерлері үшін:
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатын растай отырып аттестатталды; өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.
- "Өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады" деген шешім қабылданған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде аттестатталушының электрондық поштасына осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссияның барлық мүшелері қол қойған біліктілік санатын беруден (растаудан) бас тарту туралы негіздемемен жазбаша хабарлама жібереді.
- Комиссия "өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады" деген шешім қабылдаған кезде білім беру ұйымы басшысы орынбасарының, әдістемелік кабинет (орталық) әдіскерінің бар біліктілік санаты қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады, бұдан әрі – біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі.
- Білім беру ұйымы (әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары қайта аттестаттаудан осы Қағидаларға сәйкес тиісті деңгейдегі комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жылдан кейін өтеді.
- Комиссия қайта аттестаттауды өткізу кезінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатын растай отырып аттестатталды; өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.
- Қайта аттестаттау кезінде Комиссия "өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады" деген шешім қабылдаған жағдайда, бар біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі.
- Көрсеткіштердің орындалуын білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) аттестатталатын басшысы қызмет нәтижелерін кешенді жинақтауға ұсынады.
- Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатын растай отырып аттестатталды; өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады;
өтініш берілген біліктілік санатына еңбек шартын бұза отырып аттестатталмады.
- Комиссия "өтініш берілген санатқа аттестатталмады" деген шешім қабылдаған кезде аттестатталушы осы Қағидаларға сәйкес аттестаттаудан өткен күннен бастап үш айдан кейін (аттестаттау кезеңінде бір реттен артық емес) қайта аттестаттаудан өтеді. Бұл ретте білім беру ұйымы (әдістемелік кабинет (орталық) басшысының бар біліктілік санаты келесі аттестаттау кезеңіне дейін сақталады.
- Комиссия қайта аттестаттауды өткізу кезінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатын растай отырып аттестатталды; өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады;
өтініш берілген біліктілік санатына еңбек шартын бұза отырып аттестатталмады.
- Комиссия қайта аттестаттау кезінде "өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады" деген шешім қабылдаған жағдайда "басшы-көшбасшы" немесе "басшы-менеджер" біліктілік санаты бар аттестатталушының біліктілік санаты бір деңгейге төмендейді;
"басшы-ұйымдастырушы" біліктілік санаты бар басшылармен еңбек шарты бұзылуға жатады.
- Аттестатталушы Комиссия шешімімен танысады.
- Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған оның отырысына қатысқан Комиссия хатшысы мен мүшелері қол қояды.
- "Өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады" деген шешім қабылданған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің
негіздемесі бар, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссияның барлық мүшелері қол қойған жазбаша хабарламаны аттестатталушының электрондық поштасына жібереді.
- Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 26 және 27-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша аттестатталушылардың аттестаттау парақтарына енгізіледі.
- Аттестаттаудан өткен аттестатталушының аттестаттау парағы жеке іс парағында сақталады. Комиссияның шешімі аттестатталушының қызметтік тізіміне енгізіледі.
- Комиссия шешімі аттестаттаушы органның бұйрығымен ресімделеді.
Тиісті бұйрықтың негізінде осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік бере (растай) отырып, аттестаттау туралы куәлік беріледі.
- Біліктілік бере отырып (растай отырып) аттестаттау туралы куәлік осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәліктерді тіркеу және беру журналында тіркеледі. Бұл ретте біліктілік санатын беру туралы еңбек кітапшасына жазба талап етілмейді.
- Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) педагогіне, басшыларына, басшыларының орынбасарларына, әдістемелік кабинеттердің әдіскерлеріне берілген (расталған) біліктілік санаты үшін қосымша ақы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тиісті деңгейдегі комиссияның шешімі негізінде 1 қыркүйектен немесе 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.
- Басшының орынбасары (басшы) бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына басқа лауазымға ауысқан жағдайда (басшының орынбасары немесе басшы лауазымына) басшы орынбасарының өзінде бар үшінші санаттағы басшы орынбасары немесе екінші санаттағы басшы орынбасары немесе бірінші санаттағы басшы орынбасары немесе басшы-ұйымдастырушы немесе басшы-менеджер немесе басшы-көшбасшы біліктілік санаты мерзімі өткенге дейін сақталады.
- Аттестаттау және біліктілік санаттарын беру рәсімінде бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті деңгейдегі комиссия біліктілік санатын беру туралы шығарылған шешімді дербес немесе бақылау және қадағалау органдарының ұсынуы бойынша бұзушылықтар анықталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қайта қарайды.
- Шығарылған шешімді қайта қарау тәртібін комиссия дербес айқындайды.
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғы облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шы басқармалары, аудандардың және облыстық білім бөлімдері
|
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңс
2) "Азаматтарға арналған үкімет "мемлек коммерциялық емес акционерлік қоғамы (б корпорация);
3) "электрондық үкімет" веб-порталы арқ
egov.kz (бұдан әрі – портал)
|
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдер
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің орна Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде
3) көрсетілетін қызметті берушінің орна Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде
4) портал арқылы – 1 (бір) жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кі
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар то күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты -
2) мемлекеттік корпорацияда көрсетілеті
көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыт
|
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Қағаз/электронды, жартылай автоматтанды
|
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген біліктілік санатын беру (растау) үшін о қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден д Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттар куәландыратын құжатты (не нотариат куәл оның өкілі) ұсынған кезде тиісті құжатт қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Өтініш берушінің (өкілдің) өтініші болм берілмеген құжаттар бір ай ішінде мемле сақталады, осы мерзім өткеннен кейін та көрсетілетін қызметті берушіге қайтарыл қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінге корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілет жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрс беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібе Портал арқылы жүгінген кезде құжаттарды хабарлама немесе көрсетілетін қызметті қойылған дәлелді өтінімі одан әрі қарау
берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.
|
|
6
|
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Жеке тұлғаларға тегін
|
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақ еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және м дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Көрсетілетін қызметті берушіде өтінішті мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсет
2) мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен алушының таңдауы бойынша жеделдетілген асырылады, электрондық кезекті "электро (бұдан әрі – портал) арқылы броньдауға
3) портал - жөндеу жұмыстарына байланыс қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қы берген кезде Еңбек кодексіне сәйкес жұм кейін демалыс және мереке күндері өтіні нәтижелерін беру мемлекеттік қызмет көр
жүзеге асырылады).
|
|
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке талап етіледі) (иесіне қайтарылады) не сервисінен электрондық құжат (сәйкестен 3) білімі туралы диплом;
4) қайта даярлау курстарынан өткені тур
5) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын Мемлекеттік корпорацияға:
1) өтініш;
2) білімі туралы диплом;
3) қайта даярлау курстарынан өткені тур
4) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын электрондық үкімет веб-порталы арқылы e
1) өтініш
2) білімі туралы диплом;
3) қайта даярлау курстарынан өткені тур
4) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын Білімі және еңбек қызметі туралы дерект
|
|
|
|
шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органда жүйелерінен алынады. Ақпарат болмаған ж растайтын құжаттарды қоса береді.
Бұл ретте аттестаттаудан өту үшін тиіст комиссиясы ақпараттық жүйе бойынша мына
1) Біліктілік санатын беру туралы куәлі біліктілік санаты болған адамдар үшін);
2) ұлттық біліктілік тестілеуден өткені
3) кәсіби жетістіктерін растайтын құжат
4) "педагог-зерттеуші" немесе "педагог- санатына-тәжірибені жинақтау;
5) бақылау парақтарымен сабақтардың/саб және сабақтарды/сабақтарды талдау (ПМПК қоспағанда);
6) білім беру ұйымының педагогикалық ке Ескертпе:
аттестаттау комиссиясы білім беру салас келісілген бағдарламалар бойынша білікт курстарынан өткені туралы сертификатты және жинақталуын растайтын құжаттарды б ҚР БҒМ-нің (ведомстволық бағынысты ұйым қарайды.
білім алушылардың/тәрбиеленушілердің же құжаттарды (әдістемелік кабинеттердің ( әдіскерлерін, ПМПК, ППТК, РО педагогтер аттестаттау комиссиясы білім басқармала ның ресми сайттарында білім беру саласы бекіткен республикалық және халықаралық
конкурстар мен жарыстардың тізбесіне сә
|
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекет алу үшін ұсынған құжаттардың және (неме (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушы және (не қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған мен мәліметтер талаптарға сәйкес келмег мүмкін.
|
|
10
|
Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары көрсету, өздігінен қозғалу, құжаттарды қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық көрсетілетін қызметті алушыларға мемлек Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 14 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгін жеріне барып жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының
1) Министрліктің интернет-ресурсында: w
2) мемлекеттік корпорацияның интернет-р
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ бол "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай бай
|
|
|
|
800 080 77777 арқылы қашықтықтан қол же Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлеке мәселелері жөніндегі анықтама қызметтер Министрліктің интернет-ресурсында орнал
www.edu.gov.kz.
|