GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Бөлім туралы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Все материалы
21 октября 2026
2027 жылға арналған Лисаков мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурс

ҚОӘББ «Лисаков қаласының білім бөлімі» ММ 2027 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруғамектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу үшін конкурстық рәсімнің өткізілетінітуралы хабарлайды.

Өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға конкурстық құжаттама Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына (құжаттар осыҚағидалардың 14тармағында және 15 және 18тармақтарында көзделген тәртіппенкөрсетілген) сәйкес ұсынылады.

Мектепке дейінгі ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды жібереді, ҚОӘББ-нің білім бөлімі органының goroo@lis-edu.kz  электрондық поштасына электрондық форматта мына құжаттарды ұсынады

1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл және дауыстық хабарлау түймелерінің болуы туралы ақпарат

3) Санитариялық қағидаларға (сыйымдылығы үш топқа дейін) сәйкес тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымымен шарт;

4) педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі штат кестесінің және білім туралы құжаттарының көшірмелері;

5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшірмесі (бар болса).

​Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым қағаз форматта Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласының білім бөлімі» ММ, Лисаков қ., 2 шағын аудан8-үй, қабылдау бөлмесі мекенжайы бойынша 2026 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде әр жұмыс күні сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін жібереді.

Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер арқылы («электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz мынадай құжаттардың бар-жоғын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;

2) медициналық қызметке лицензиялар;

3) ҚР заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;

4) «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы объектілердегі қорытынды(нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566мемлекеттік тізілімде тіркелген)

5) конкурсқа құжаттар берілгенге дейін бір ай мерзімнен ерте емес мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8(71433)3-35-52 телефоны арқылы алуға болады.

 

Социальные сети
Меню подвал
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң