Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ (бұдан әрі – білім бөлімі) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Қарағанды қаласында мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімнің өткізілетіні туралы хабарлайды.
Құжаттарды қабылдау конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Қажетті құжаттардың тізбесі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білімге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында айқындалған.
Мектепке дейінгі ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды Қарағанды қаласы білім бөлімінің кеңсесіне әкеліп тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар мына мекенжайға: Қарағанды қаласы, Степной-2, 9 үй, 2022 жылғы 20 желтоқсаннан 2022 жылғы 22 желтоқсан сағат 17.00-ге дейін ұсынылады.
Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар 2022 жылғы 27 желтоқсан, сағат 11.00-де, келесі мекен-жайы бойынша: Қарағанды қаласы, Степной-2, 9 үй, 6 кабинетте қаралатын болады.
Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірі арқылы алуға болады: 8 (7212) 343640