КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

БЕКІТЕМІН: 
_____________________

«Қарағанды қаласы білім    

бөлімі» ММ басшысы

Е. Әшім

2022 ж. 03.03

№   94    бұйрық

                                                                                                           

 

Жеке меншік білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша

 

КОНКУРСТЫҚ  ҚҰЖАТТАМА

 

Конкурс ұйымдастырушы: «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ 100024, Қарағанды қаласы, Степной 2 ш.а., 9 үй, тел.: 8/7212/34-33-99, СТН 302000259782, БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ63070103KSN3004000, «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ, ММ коды 4642251, БCН 060140011396.

Конкурстық комиссия хатшысы – С.С. Ахметова – «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ жоспарлау-экономикалық бөлімінің экономисті, 100024, Қарағанды қаласы, Степной 2 ш.а., 9 үй, тел.: 8/7212/34-33-99.

 

Жалпы ережесі

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларына» (2021 жылғы 24 қыркүйекке өзгертулермен және қосымшалармен) сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтерді жеткізушіні таңдау мақсатында өткізіледі.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындарды анықтау

 

2022 жылғы 03 наурыз айынан бастап 05 сәуірге дейін «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ бір балаға 37847 тг. болатын жеке бас қаржыландыру арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша енгізілген жаңа 40 орынның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Нақты мектепке дейінгі мекемеде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың негізгі факторы қала аудандарында тұрғындардың жоғары сұранысы болып табылады. 

Балалар контингентін толықтыру мектепке дейінгі ұйымдарға кезекті қалыптастыру, жұмыс жасау және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдамаларды берудің https://indigo-kargoo.e-orda.kz автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

 

Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;

2) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтама және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтама;

3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке (жекеменшік немесе жалға алынған) құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесі;

4) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;

5) медициналық кабинетке лицензияның көшірмесі немесе бекітілген орнын ескере отырып, емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шарт;

6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларының, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдерінің жолдамасымен ғана мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;

7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.

Осы тармақтың 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйым құрылтайшысының қолтаңбасымен мақұлданады, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Ұсынылған өтініштерді Комиссия өз отырысында 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Комиссия отырысынан кейін мынадай ақпарат:

1) олардан бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде құжаттардың осы талаптарға сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі;

2) алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі көрсетілген конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жасалады, оған Комиссияның төрағасы мен Комиссия мүшелері қол қояды.

Комиссияның алдын ала рұқсат беру туралы шешімін Комиссияның хатшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқарламасының, ауданда, қалада орналасқан білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырады.

Әлеуетті жеткізушілер алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде алдын ала рұқсат беру хаттамасы бойынша құжаттарды сәйкес келтіреді.

Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтініштерін қоса берілген құжаттармен бірге олар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сәйкес келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарайды.

Комиссия орындар санын көрсете отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шығарады.

Комиссияның мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетілілген шешімі отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттама түрінде ресімделеді.

Комиссия мынадай шешімдердің біреуін шығарады:

1) жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізу туралы шешім;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидалардың 18 және 19-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізуден бас тарту туралы шешім.

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар тарапынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді Комиссия қосымша өлшемшарттар бойынша конкурс негізінде таңдап алады.

Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшемшарттары:

1) жоғары және бірінші санатты тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%;

2) тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан алғанда кемінде 50%.

Ашық дауыс беру жолымен Комиссия мүшелері дауысының көпшілігімен шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия құрамының дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

Хаттаманы хатшы ресімдейді, оған төраға және отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі, егер Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса, дұрыс деп есептеледі.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар  Қағидалардың 19-тармағының 7) тармақшасында көзделген өтініш пен құжаттарды ұсынған жағдайда отырыс хаттамасына конкурссыз енгізіледі (сілтеме https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013418).

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешімі Қарағанды қаласы білім бөлімінің kargoo.gov.kz жарияланады.

Хаттаманы хатшы ресімдейді, оған төраға және отырысқа қатысқан комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Комиссия отырысы ай сайын өткізіледі, егер комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса дұрыс деп есептеледі.

«Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ жылына бір рет мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шартында көзделген міндеттемелердің орындалуы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне мониторинг жүргізеді және консультативтік көмек көрсетеді

 

Конкурсқа қатысуға өтінімді ұсыну тәртібі

 

Әлеуетті қызмет берушілер немесе олардың құзырлы өкілдері конкурсқа қатысуға өтінімді 2022 жылы 03 наурызды (қоса алғанда) сағат 13-00 дейін 100024, Қарағанды қаласы, Степной 2 ш.а., 9 үй, тел.: 8/7212/34-33-99, каб. 36 мекен-жайы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының қолына немесе тапсырысты пошта желісін қолдану арқылы ұсынады.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу конкурстық комиссия қатысып отырған барлық әлеуетті қызмет берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен, Қарағанды қаласы, Степной 2 ш.а., 9 үй, тел.: 8/7212/34-33-99, каб. 36 мекен-жайы бойынша 2022 жылы 05 сәуір сағат 15-00 жүргізіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті қызмет берушілердің өтінімдері салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурска (лот) бiр-ақ конкурсқа қатысу өтінімі түскен жағдайда бұл өтінім де ашылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,
орта білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына
1-қосымша

 

 

Өтініш нысаны

(мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия төрағасы Н.В. Головинаға

 

Өтініш

Жаңа орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқу бойынша жеткізушілер тізбесіне _____________________________________________________________________________

(мектепке дейінгі ұйымның атауы)

қосуды өтінемін.

 

Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ бетте.

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы ____________________________________ 

                                                                                 (Т.А.Ә. (бар болғанда))

______________  М.О.

        (қолы)

 

Толтырылған күні

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,
орта білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына
2-қосымша

 

 

Міндеттеме нысаны

(мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады)

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия төрағасы Н.В. Головинаға

 

                                                                   

Жеткізушінің міндеттемесі

Осымен ________________________________________________________________

                                       (мектепке дейінгі ұйымның атауы)

атынан    _____________________________________________________________________,

                                                (лауазымы Т.А.Ә (бар болғанда))

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамаққа кететін ата-аналардың төлемақы мөлшері белгіленген, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы міндеттерді орындауға кепілдік береді.

 

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы _____________________________________

                                                                                  (Т.А.Ә. (бар болғанда)                    

_____________ М.О.

        (қолы)                         

 

Толтырылған күні

Приказ
Дата публикации
03 марта 2022