КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

БЕКІТЕМІН 
_____________________

«Қарағанды қаласы білім    

бөлімі» ММ басшысы

Е. Әшім

2021 ж. 17.11

№ 542 бұйрық

                                                                                                           

 

Жеке меншік білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша

 

КОНКУРСТЫҚ  ҚҰЖАТТАМА

 

Конкурс ұйымдастырушы: «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ 100024, Қарағанды қаласы, Степной 2 ш.а., 9 үй, тел.: 8/7212/34-33-99, СТН 302000259782, БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ63070103KSN3004000, «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ, ММ коды 4642251, БCН 060140011396.

Конкурстық комиссия хатшысы – С.С. Ахметова – «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ жоспарлау-экономикалық бөлімінің экономисті, 100024, Қарағанды қаласы, Степной 2 ш.а., 9 үй, тел.: 8/7212/34-33-99.

 

Жалпы ережесі

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларына» (2021 жылғы 24 қыркүйекке өзгертулермен және қосымшалармен) сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтерді жеткізушіні таңдау мақсатында өткізіледі.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындарды анықтау

 

2021 жылғы 18 қараша айынан бастап 09 желтоксанға дейін «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ бір балаға 37847 тг. болатын жеке бас қаржыландыру арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша енгізілген жаңа 650 орынның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Нақты мектепке дейінгі мекемеде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың негізгі факторы қала аудандарында тұрғындардың жоғары сұранысы болып табылады. 

Балалар контингентін толықтыру мектепке дейінгі ұйымдарға кезекті қалыптастыру, жұмыс жасау және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдамаларды берудің https://indigo-kargoo.e-orda.kz автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

 

Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;

2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін;

3) мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын;

4) құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

5) құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

6) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);

7) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.          2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен бекітілген «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» (2020 жылғы 05 шілдеге өзгертулермен және қосымшалармен) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;

8) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;

9) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады.

10) Тәрбиешілердің педагогикалық немесе кәсіби біліммен мемлекеттік үлгідегі білімі туралы құжаттарының көшірмесі

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Ұсынылған өтінімдерді комиссия өз отырысында 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Комиссия отырысынан кейін келесі ақпараттармен:

1) олардан бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі;

2) алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі көрсетілген конкурсқа қатысудың алдын ала талқылау хаттамасы жарияланады.

Мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуына алдын ала рұқсат беру туралы конкурстық комиссияның шешімі қатысуға өтімдерді ашқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні барлық мектепке дейінгі ұйымдарды электронды пошта бойынша автоматты түрде хабардар ете отырып қала білім бөлімінің интернет-ресурстарында орналастырады.

Әлеуетті жеткізушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап 5 (бес) күн ішінде алдын ала рұқсат беру хаттамасына сәйкес құжаттарды сәйкес келтіру құқығы беріледі.

Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін оларды сәйкес келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарайды.

Комиссия отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орын санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шығарады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетіле отырып, комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді.

Комиссия мынадай:

  • жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізу туралы;
  • осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда, жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізуден бас тарту туралы шешімдердің біреуін шығарады.

Ашық дауыс беру жолымен комиссия мүшелері дауысының көпшілігімен шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия құрамының дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

Хаттаманы хатшы ресімдейді, оған төраға және отырысқа қатысқан комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Комиссия отырысы ай сайын өткізіледі, егер комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса дұрыс деп есептеледі.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім Қарағанды қаласы білім бөлімінің kargoo.gov.kz сайтында жарияланады.

«Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ жылына бір рет мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шартында көзделген міндеттемелердің орындалуы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне мониторинг жүргізеді және консультативтік көмек көрсетеді

 

Конкурсқа қатысуға өтінімді ұсыну тәртібі

 

Әлеуетті қызмет берушілер немесе олардың құзырлы өкілдері конкурсқа қатысуға өтінімді 2021 жылы 09 желтоксан (қоса алғанда) сағат 13-00 дейін 100024, Қарағанды қаласы, Степной 2 ш.а., 9 үй, тел.: 8/7212/34-33-99, каб. 36 мекен-жайы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының қолына немесе тапсырысты пошта желісін қолдану арқылы ұсынады.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу конкурстық комиссия қатысып отырған барлық әлеуетті қызмет берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен, Қарағанды қаласы, Степной 2 ш.а., 9 үй, тел.: 8/7212/34-33-99, каб. 36 мекен-жайы бойынша 2021 жылы 09 желтоксан сағат 15-00 жүргізіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті қызмет берушілердің өтінімдері салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурска (лот) бiр-ақ конкурсқа қатысу өтінімі түскен жағдайда бұл өтінім де ашылады.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым мин

2018 жылғы «28» мамырдағы

№ 231 бұйрығына

1-қосымша

Еңбек нарығының қажеттіліктерін
ескере отырып, техникалық және
кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi,
жоғары және жоғары оқу орнынан
кейiнгi бiлiмi бар мамандарды
даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу
орындарының дайындық бөлімдеріне,
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру қағидаларына             1-қосымша

 

 

Өтініш нысаны

(мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия төрағасы Н.В. Головинаға

 

Өтініш

Жаңа орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқу бойынша жеткізушілер тізбесіне _____________________________________________________________________________

(мектепке дейінгі ұйымның атауы)

қосуды өтінемін.

 

Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ бетте.

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы ____________________________________ 

                                                                                 (Т.А.Ә. (бар болғанда))

______________  М.О.

        (қолы)

 

Толтырылған күні

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2018 жылғы «28» мамырдағы

№ 231 бұйрығына

2-қосымша

Еңбек нарығының қажеттіліктерін
ескере отырып, техникалық және
кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi,
жоғары және жоғары оқу орнынан
кейiнгi бiлiмi бар мамандарды
даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу
орындарының дайындық бөлімдеріне,
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру қағидаларына

2-қосымша

 

Міндеттеме нысаны

(мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады)

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия төрағасы Н.В. Головинаға

 

                                                                   

Жеткізушінің міндеттемесі

Осымен ________________________________________________________________

                                       (мектепке дейінгі ұйымның атауы)

атынан    _____________________________________________________________________,

                                                (лауазымы Т.А.Ә (бар болғанда))

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамаққа кететін ата-аналардың төлемақы мөлшері белгіленген, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы міндеттерді орындауға кепілдік береді.

 

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы _____________________________________

                                                                                  (Т.А.Ә. (бар болғанда)                    

_____________ М.О.

        (қолы)                         

 

Толтырылған күні

Дата публикации
18 ноября 2021