Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – коронавирустық инфекция) таралуын алдын алу үшін Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20 қаулысының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1) білім беру, оқу-тәрбие қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдары, оның ішінде интернаттарда, жатақханаларда санитариялық-эпидемиологиялық және алдын алу іс-шараларын күшейту бойынша шаралар қабылдасын;
2) ағымдағы жылғы 13 наурыздан бастап бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салсын (мерекелік, концерттік, мәдени, спорттық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.);
3) білім алушылардың халықаралық спорттық, мәдени, туристік
іс-шараларға шығуына тыйым салсын;
4) онлайн режимге ауыстырылып, мәжілістерді өткізу барынша азайтылсын;
5) осы бұйрықтың 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін штаттық режимде жүзеге асырсын,
ата-аналар мен заңды өкілдердің тілегі бойынша еркін бару режимін қамтамасыз етсін, балалар болмаған жағдайда мектепке дейінгі ұйымда баланың орнының сақталуын қамтамасыз етсін;
6) қосымша білім беру ұйымдарының, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің қызметі 2020 жылғы 5 сәуірге дейін тоқтатылсын;
7) осы бұйрықтың 1-тармағы 1, 2, 3 тармақшаларын ескере отырып, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін штаттық режимде жүргізсін, бөгде тұлғалардың келуіне шектеу қойылсын.
1-қосымшаға сәйкес пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар;
2-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылының үшінші тоқсанын аяқтауды қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдар;
3-қосымшаға сәйкес пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында жоғары оқу орындарындағы оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар;
1) тікелей ұйымдағы білім беру ұйымдарының тынысы мен қызметін қамтамасыз ететін қызметкерлерді (әкімшілік, техникалық қызметкер);
2) шеттетілген режимде қашықтық технологияларының негізінде білім беру, оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету бойынша еңбек қызметін іске асыратын қызметкерлерді;
3) кестеге сәйкес кезекті еңбек демалысына баратын қызметкерлерді қарастырсын.
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қашықтан оқыту мүмкіндігі болуына білім беру ұйымдарының мониторингісін (далее - мониторинг) жүзеге асырсын;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне аралық қорытынды мониторингісін 2020 жылғы 18 наурыз мерзіміне дейін ұсынсын;
3) алдағы уақытта мониторинг қорытындысы жөніндегі ақпаратты Комитетке апта сайын ұсынсын.
Министр А. Аймағамбетов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы « »
№ бұйрығына
1-қосымша
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша нұсқаулық
- әрқайсының денсаулықты сақтау, сақтық шаралары үшін жауапкершілік;
- білім алушылармен, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, жеке және (немесе) топтық жұмысты ұйымдастыру.
ТжКБ ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі
Қажет болған жағдайда оқу процесінің кестесіне, оқу бағдарламаларының мазмұнын оқытудың икемді ұйымдастыру нысанын құру қажеттілігінен туындаған түзетулер енгізіледі.
ТжКБ ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қызметі
ТжКБ ұйымдарының басшылары:
- білім беру ұйымының жұмыс жоспары;
- сабақ кестесі;
- оқу процесін ұйымдастыру үшін жағдайлар, оның ішінде техникалық жағдай жасайды;
- оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға тұрақты мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;
- педагогтармен, білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (балалардың заңды өкілдерімен) кері байланысты жүзеге асырады;
- ұйымның педагогтердің және басқа қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады;
- жұмыс сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдайды.
Басшының орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, әдіскерлер:
- білім алушылардың оқу бағдарламаларын меңгеруіне бағытталған іс- шараларды әзірлеуді ұйымдастырады;
- оқу материалдарын, оның ішінде электрондық оқу-әдістемелік кешендерді, электрондық білім беру ресурстарын қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
- ТжКБ ұйымының интернет-ресурстарында орналастырылатын сабақ кестесін, оқыту графигін жасайды;
- педагогтермен бірге білім алушылардың оқу қызметін ұйымдастыруды анықтайды: оқытудың әдістері мен тәсілдері, білім алушылардың тапсырмаларды алу мерзімдері және олардың орындалған жұмыстарды ұсыну.
- оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларына (педагогтерге, білім алушыларға, білім алушылардың ата-аналарына (заңды өкілдерін), өзге де қызметкерлерге) жұмысты ұйымдастыру және оқыту нәтижелері туралы хабарлауды жүзеге асырады;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру барысында әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады;
- бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес педагогтардың қызметін және олармен кері байланысты ұйымдастырады;
- оқу-тәрбие процесін және білімді ағымдағы бақылау мен қорытынды аттестаттауды өткізу барысын бақылайды;
- оқу-тәрбие процесіне қатысушылармен кері байланыс жасайды;
- педагогтердің оқу жүктемесін орындау бойынша жұмысты үйлестіреді;
- ТжКБ ұйымдарының қызметін талдайды.
Педагогтер:
- күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды (қысқа мерзімді және орта мерзімде) түзетеді;
- веб-сайттарға, электрондық кітапханаларға және т. б. сілтемелерді қолдана отырып, оқу материалдарын жоспарлау мен құрылымдауды уақтылы жүзеге асырады;
- оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі басшының орынбасарымен жұмыс түрлерін келіседі;
- жұмыстың оңтайлы және әртүрлі түрлерін (видеосабақтар, өзіндік жұмыс, онлайн-курстар, чат-сабақтар, веб-сабақтар, телеконференция және
тағы басқа), қолжетімді ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (электрондық журнал, скайп, теле-сабақтар, modul, zoom, электрондық пошта, whatsaapчаттар, жеделхаттар және т. б.) қолданады;
- қолданылатын жұмыс түрлері туралы ақпаратты білім алушылардың, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) назарына уақытылы жеткізеді;
- бекітілген оқу кестесіне сәйкес, оның ішінде өзіндік жұмысқа бақылау жүргізу бойынша сабақтар өткізеді;
- білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жеке кеңес беру жұмыстарын жүргізеді;
- оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылайды;
- жүргізілген жұмыс және оның нәтижелері туралы әкімшілікті хабардар етеді.
Топ жетекшілерінің қызметін атқаратын педагогтер:
- ата-аналарды (заңды өкілдерді) жұмыс тәртібі туралы, кестелердің өзгерістері туралы, оқу процесін ұйымдастыру туралы, білім алушылардың оқу іс-әрекетінің барысы мен қорытындылары туралы, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзіндік жұмысы жағдайында хабардар етеді;
- білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдермен) күнделікті байланыс жасайды;
- жүргізілген жұмыс туралы әкімшілікті хабардар етеді.
Білім алушылар:
- педагогтермен күнделікті байланыста болады;
- қол жетімді байланыс құралдары арқылы сабақ кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады;
- күн сайын білім алушының кабинетіне (бар болса), электронды поштаға және өз бетінше зерделеу үшін оқу материалын алу үшін басқа да байланыс жүйелері мен технологияларын қолданады;
- күн сайын білім беру ұйымы белгілеген қол жетімді байланыс құралдары арқылы тапсырмаларды өз бетінше орындайды;
- күн сайын педагогтердің талаптарына сәйкес орындалған тапсырмаларды ұсынады, сканерлеу (немесе фото), педагогке орындалған тапсырмаларды қол жетімді байланыс құралдары (электрондық пошта, whatsaap чаттар және т. б.) арқылы жібереді;
- оқу тапсырмаларын орындау кезінде академиялық адалдық қағидаларын және өзін-өзі бақылау қағидаттарын сақтайды;
- қол жетімді электрондық ресурстарды пайдаланады.
Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері):
- жұмыс кестесімен, сабақ кестесімен, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесімен танысады;
- білім алушылардың тапсырмаларды орындауын бақылауды жүзеге асырады;
- педагогтермен, топ басшыларымен байланыста болады;
- оқу үшін жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы « »
№ бұйрығына
2-қосымша
Жоғары оқу орындарында пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында оқу процесін ұйымдастыру бойынша нұсқаулық
- денсаулықты сақтау, сақтық шаралары үшін жауапкершілік;
- білім алушылармен, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (ҚББТ) қолдана отырып, жеке және (немесе) топтық жұмысты ұйымдастыру.
ЖЖООКББ ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі
Қажет болған жағдайда оқу процесінің кестесіне, оқу бағдарламаларының мазмұнына оқу процесін жетілдіру және оқытудың икемді ұйымдастыру нысанын құру қажеттілігінен туындаған түзетулер енгізіледі.
ЖЖООКББ ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қызметі
ЖЖООКББ ұйымдарының басшылары:
ЖЖООКББ ұйымының басшысы бекітеді:
- оқу процесін ұйымдастыру үшін ұйымдастырушылық, техникалық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (ҚББТ) қолданумен жағдайлар жасайды;
- оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға тұрақты мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;
- ПОҚ, білім алушылармен және олардың ата-аналарымен кері байланысты жүзеге асырады;
- ұйымның педагогикалық және басқа қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады;
- жұмыс сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдайды.
Бірінші проректорлар және академиялық мәселелер жөніндегі проректорлар:
- білім алушылардың оқу бағдарламаларын меңгеруіне бағытталған іс- шараларды әзірлеуді ұйымдастырады;
- оқу материалдарын, оның ішінде электрондық оқу-әдістемелік кешендерді, электрондық білім беру ресурстарын қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
- ЖЖООКББ ұйымының интернет-ресурстарында орналастырылатын сабақ кестесін, оқыту графигін жасайды;
- оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларына (педагогтерге, білім алушыларға, білім алушыларға, өзге де қызметкерлерге) жұмысты ұйымдастыру және оқыту нәтижелері туралы хабарлауды жүзеге асырады;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (ҚББТ) қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру барысында әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады;
- бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес педагогтардың қызметін және олармен кері байланысты ұйымдастырады;
- оқу-тәрбие процесін және білімді ағымдағы бақылау мен қорытынды аттестаттаудың өзге де нысандарын өткізу барысын бақылайды;
- педагогтердің оқу жүктемесін орындау бойынша жұмысты үйлестіреді;
- ЖЖООКББ ұйымдарының қызметін талдайды.
Декандар және кафедра меңгерушілері:
- қашықтықтан білім беру технологиясын қолдана отырып, ПОҚ оқу процесін әдістемелік сүйемелдеу материалдарын әзірлеуді және орналастыруды қамтамасыз етеді;
- қашықтықтан білім беру технологиясын қолдану арқылы оқу процесін жүзеге асырудың тұрақты мониторингін қамтамасыз етеді;
- ПОҚ жұмыстың оңтайлы және әртүрлі түрлерін (онлайн-дәрістер, бейне-дәрістер, өзіндік жұмыс, онлайн-курстар және тағы басқа), қолжетімді ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (скайп, MOODLE, ZOOM, MICROSOFT, электрондық пошта, телеграмм және т. б.) қолданады;
Кураторлар және Офис-тіркеушілер:
- қашықтықтан білім беру технологиясын қолдана отырып, студенттерді тіркеуді/қайта тіркеуді қамтамасыз етеді (қажет болған жағдайда);
- ПОҚ және білім алушыларды қашықтықтан білім беру технологиясын қолдана отырып ақпараттық жүйелеріне қол жетімділіктің болуын қамтамасыз етеді;
- жүргізілген жұмыс туралы әкімшілікті хабардар етеді.
Білім алушылар:
- педагогтермен күнделікті байланыста болады;
- қол жетімді байланыс құралдары арқылы сабақ кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады;
- күн сайын білім алушының кабинетіне (бар болса), электронды поштаға және өз бетінше зерделеу үшін оқу материалын алу үшін басқа да байланыс жүйелері мен технологияларын қолданады;
- күн сайын білім беру ұйымы белгілеген қол жетімді байланыс құралдары арқылы тапсырмаларды өз бетінше орындайды;
- күн сайын педагогтардың талаптарына сәйкес орындалған тапсырмалар;
- академиялық адалдық қағидаларын сақтайды;
- қол жетімді электрондық ресурстарды пайдаланады.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы « »
№ бұйрығына
3 - қосымша
2019-2020 оқу жылының үшінші тоқсанының
аяқталуын ұйымдастыру туралы нұсқаулық
Орта білім беру ұйымдарында 2020 жылғы 16 наурыз-5 сәуір аралығында көктемгі каникул жариялануына байланысты меншік түріне қарамастан:
1-сыныптар – 4.
2-сыныптар – 5.
3-сыныптар – 6.
4-сыныптар – 6.
5, 6-сыныптар – 7.
8, 9-сыныптар – 11.
10-11-сыныптар – 10.
Қадам-1. 16-20 наурыз аралығында БАРЛЫҚ сыныптар бойынша сабақ кестесін жою.
Кесте сұлбасын жариялағаннан кейін сабақ мәліметтерімен жұмыс (қосу, өңдеу және жою) есептік кезеңнің торында тікелей жүргізіледі.
Назар аударыңыз: Кестені тазарту рәсімі оның сабақтарымен барлық байланысты мәліметтерін жоюын көздейді: ол - сабақ туралы жалпы ақпарат, бағалар, сабаққа қатысу туралы белгілер, үй тапсырмалар және сабаққа жазылған пікірлер.
Кестені бір апта ішінде немесе барлық есептік кезеңде тазалау мүмкіндігі бар. Ол үшін:
«Білім»
Ескерту: Кестені тазалау тек таңдалған апта үшін жүзеге асырылады.
Ағымдағы парольді енгізіп, «Тазарту» батырмасын басу қажет.
2-Қадам. Есепті кезеңдегі үшінші тоқсанның аяқталу күнін өзгерту.
Бұл үшін қажет:
* «Білім»
* мектепті басқаруға өту
* «Есептік кезеңдерге» өту
* тиісті есептік кезеңді таңдау
* 3-тоқсанның аяқталу күнін көрсету: 13.03.2020
3-Қадам. Сабақ тақырыбын біріктіру/құрастыру.
көктемгі - 13 күн (2020 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);
1-сыныптарда: қосымша каникул - 7 күн
(2020 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда).
Ескерту! Мектепалды даярлық сыныптарында:
күзгі каникул - 7 күн (2019 жылғы 28 қазан - 3 қарашаны қоса алғанда),
қысқы - 14 күн (2019 жылғы 27 желтоқсан - 2020 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда),
көктемгі - 15 күн (2020 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
қосымша каникул - 7 күн (2020 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда) белгіленеді.
Сабақтардың өткізу мерзімі мереке күндерімен, ауа-райына байланысты актіленген күндермен, карантин жариялануына байланысты сәйкес келген жағдайда, тақырыбын/оқу мақсаттарын оқу пәні бойынша жақын/ұқсас тақырыптармен/оқу мақсаттарымен біріктіріп/кіріктіру арқылы, сол күндерге дейін немесе кейінгі күндерде аздаған сағат санымен оқыту қажет. Бұл ретте қосымша сағат қарастырылмайды. Біріктірілген сабақтардың тақырыптары журналда бір жолға жазылады. Бұл жағдайлар мұғалімдердің еңбекақысына әсер етпейді, оқу сағаттары орындалған болып есептеледі.
Жеңіл оқу мақсаттарын шығару ұсынылады, жазба жұмыстарын жоспарлауға болмайды. Білім беру ұйымы басшысының бұйрығының негізінде бұл өзгерістер электронды журналдардың техникалық қолдау қызметі арқылы жүзеге асады.
Жүйеде сабақ тақырыптарын топтастыруды жүзеге асыру үшін:
* «Күнтізбелік жоспарлау» бөлімін ашу;
* 2 тақырып өтетін күнге басу (1-тақырып негізгі, 2-тақырып тоқсанның қысқаруына байланысты өтілмегені);
* келесі нұсқалардың бірінде екі тақырыпты көрсету:
1). «Тақырып-1. / Тақырыбы-2».
2). «Тақырып-1. Тақырыбы - 2 (бұйрық нөмірі)».
Ескерту: егер сыныпта КТЖ жарияланса, онда оны жариялаудан алып, сабақ тақырыбын «қарындашты» басу арқылы өңдеу ұсынылады.
Барлық өзгерістерді енгізгеннен кейін КТЖ қайта жариялануы тиіс және оны кесте бойынша бөлу қажет.
Назар аударыңыз! Үй тапсырмаларымен де рәсімдеу осылайша жүзеге асырылады.
Результаты согласования
14.03.2020 10:57:54: Мелдебекова М. Т. (Департамент дошкольного и среднего образования) - - cогласовано без замечаний
14.03.2020 10:59:45: Дауленов М. М. (Руководство) - - cогласовано без замечаний
14.03.2020 11:04:23: Байжанов Н. А. ( Департамент юридической службы) - - cогласовано без замечаний