Әуесқой әйелдер лигасына 6 команда қатысады: Қарағанды 1; Қарағанды 2; Қарағанды 3; Бұқаржырау ауданы – Ботақара; Бұқаржырау ауданы – Доскей; Абай ауданы. Әуесқойлар лигасында 2 айналым кезеңі бар: 1 кезең – 2022 жылдың 15 қазанынан 27 желтоқсанына дейін; 2 кезең – 2023 жылдың 15 қаңтары мен 14 мамыры аралығында қаңтар -ақпан айында 14 ойын өткізіліп.
Ақпанда NOMAD MMA бойынша 10-20 жас және одан үлкен ұлдар арасында 41 салмақ дәрежесінде қалалық жарыс өтті. Қатысушылардың жалпы саны 250-ден астам адамды құрады. Барлық жүлдегерлер бөлімнің медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.
Қалада 7-8 сынып ұл-қыздары арасында «Мектеп лигасы" бағдарламасы бойынша баскетболдан жарыс өтті. Жарысқа 15 қала мектептерінен командалар, жалпы саны 180-нен астам адам қатысты.
Байқау нәтижелері:
Ұлдар 7-8 сынып
1 орын - Алтынсарин атындағы мектеп
2 орын - Жумабаев атындағы мектеп
3 орын – Сатпаев атындағы мектеп
7-8 сынып қыздары:
1 орын – №30 орта мектеп
2 орын – №91 мектеп
3 орын – №15 орта мектеп"
2-8 қаңтар аралығында қалада 5-6 сынып ұл-қыздары арасында «Мектеп лигасы" бағдарламасы бойынша баскетболдан жарыс өтті. Жарысқа 15 қала мектептерінен командалар, жалпы саны 180-нен астам адам қатысты.
Байқау нәтижелері:
Ұлдар 5-6 сынып
1 орын - Алтынсарин атындағы мектеп
2 орын - Жумабаев атындағы мектеп
3 орын – №45 мектеп
5-6 сынып қыздары:
1 орын – №30 орта мектеп
2 орын – Павлова атындағы мектеп
3 орын – №45 орта мектеп"
7-8 қаңтар күні қысқы президенттік көпсайыс бойынша қалалық жарыстар өтті. Қатысушылардың жалпы саны 100-ден астам адамды құрады. Жарыс ұлдар мен қыздар арасында 7 жас топтары бойынша өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер бөлімнің медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.
4-8 қаңтар аралығында 2013-2014 жылы туған ұлдар арасында футболдан ашық қалалық турнир өтті. Турнирге 8 команда қатысты.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен, медальдармен және естелік кубоктармен марапатталды. Сондай-ақ турнирді ұйымдастырушылар турнирде өзін барынша айқын көрсеткен ойыншыларды жеке марапаттаумен марапаттады:
Үздік қақпашы – Амиров Ибрагим танылды (Саран)
Үздік қорғаушы – Қылышбек Иманалы танылды («Шахтер» 2014-1)
Үздік шабуылшы – Даниэль Сафиуллов танылды (Саран)
Турнирдің үздік ойыншысы - Еркегүл Ерасыл танылды.
Көрермендер көзайымы сыйлығы Руслан Өскембековке берілді («Шахтер» 2014-2)
26 қарашада Г.Головкин атындағы ДСК-дерінде күштік триатлон бойынша құқық қорғау мемлекеттік органдары мен Ә.Бөкейханов аудан әкімдігінің қызметкерлері арасында жарыс өтті. Жарыс бағдарламасында 50-ден астам қатысушы классикалық стендтік пресс, штангаға тартылу және параллель сырықтарда жаттығуда мықтыларды анықтады. Бұл жарыстар Республикалық прокуратура күнін мерекелеу қарсаңында өткізілді. Шараны Ә.Бөкейханов аудандық прокуратурасы және «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ ұйымдастырды.
Жарысқа қатысушылар ішкі істер органдарында салауатты өмір салтын насихаттап, физикалық қабілеттерін шыңдауда еңбек етіп, шын мәнінде мықты қызметкерлер жұмыс істейтінін тағы да дәлелдеді.
23-25 қарашада батуттық гимнастикадан қалалық жарыстар өтті. Қатысушылардың жалпы саны 150-ден астам адамды құрады. Жарыс әр топқа қыздар және ұлдар арасында өткізілді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер бөлімнің медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.
29-31 тамызда Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің сынақтарын қабылдау бойынша Ашық Чемпионаты өтті. Қаланың жеңіл атлетика манежінде барлық жас топтары бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Жарысқа 150-ден астам адам қатысты. 1 орын алған қатысушылар грамоталармен, сыйлықтармен, тиісті дәрежедегі медальдермен, 2-3 орындар алғандар, медальдармен және мадақтама қағаздарымен марапатталды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
27 тамызда үстел теннисінен ұлдар мен қыздар арасында ҚР Конституция күніне арналған қала турнирі өтті. Қатысушылардың жалпы саны 60-тан астам адамды құрады. 1-3 орын үшін қатысушылар бөлімнің медальдарымен және грамоталарымен марапатталды. 1 орын үшін қатысушылар бөлім жүлделерімен марапатталды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!