2021 жыл бойынша спорттық дәрежені тағайындау туралы ақпарат

 «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі» мемлекеттік қызметін көрсеткені бойынша ақпарат ұсынады.

Өтініш берушілер қызметті қағаз және электронды түрде, мемлекеттік корпорация (ХҚКО) және «Еgov.kz» веб-порталы арқылы ала алады. Сайтта спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру нормалары мен ережелеріне сәйкес  қажетті құжаттар пакеті көрсетілген (https://egov.kz/cms/ru/services/professional_sport/pass514_adsfk). Қызметті алу мерзімі: берілген сәттен 10 жұмыс күні ішінде.

Сонымен қатар, бөлім электрондық Үкімет Порталы (әрі қарай-ЭҮП) арқылы қызмет көрсету үлесін арттыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Мемлекеттік қызметті ЭҮП арқылы алу туралы қадамдық нұсқаулығы бар буклеттер қаланың барлық спорт мектептеріне таратылды. Қажеттілігіне қарай мемлекеттік қызметтерді алу бойынша онлайн - кеңес жүргізіледі. «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандарын тарта отырып, «Zoom» қосымшасы арқылы спорт мектептерімен, бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу бойынша семинарлар өткізіледі.

Есепті кезеңде  бөлім жанында дене шынықтыру және спорт қызметкерлеріне спорттық разрядтар мен біліктілік санаттар беру бойынша комиссия жұмыс істеді. 710 спортшыға бұқаралық жасөспірімдік разрядтар; II – III ересектер разрядтары 332 спортшыға берілді; I разрядқа және СШҮ – 320 адамның ұсынымдары қаралды; «спорт төрешісі» санаты берілді-27 адам, спорт төрешілеріне-25 адам бірінші төрешілік санатын беруге облыстық ДШжСБ өтінішхаттар жіберілді; біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санат жаттықтырушы-оқытушыларға және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер – 26 адамға берілді.

Дата публикации
30 мая 2022