Біздің бөлім 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі сияқты спорттық дәрежені тағайындайды.
Өтініш беруші өтінішті қағаз түрінде және электронды түрде Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) немесе «электрондық үкіметтің веб-порталы «егов кз» арқылы жүзеге асыра алады. Қызмет көрсету мерзімі өтініш тапсырылған күннен бастап 10 күн. Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру ережелерінің нормалары мен талаптарына сәйкес өтініш беру үшін қажетті құжаттар тізімі бар.
Коронавирустық инфекция індетінің таралуына және Қазақстан Республикасының аумағында ТЖ енгізуіне байланысты кейбір спорттық жарыстар өткізілмеді.
2020 жылы біздің бөліммен тағайындалған спорттық дәрежелер:
І жасөспірімдік дәреже – 163 , ІІ жасөспірімдік дәреже – 231, ІІІ жасөспірімдік дәреже – 118, ІІ дәреже - 60, ІІІ дәреже - 120. Спорт шеберлігіне үміткер – 209, І дәреже- 141 спортшыларға. 2019 жылмен салыстырғанда едәуір аз.