государственные услуги

 

Есепке арналған талдамалық анықтама
«Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы

Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі (бұдан әрі — Бөлім) 1 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, оның ішінде 1 қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы баламалы негізде ұсынылады.

2026 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Бөлім тарапынан мемлекеттік қызмет 721 қызмет алушыға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қағаз түрінде, сондай-ақ 1550 қызмет алушыға электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы көрсетілді.

Қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ, бас тарту жағдайлары тіркелмеген.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Бөлімде мамандармен мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен регламенттерінің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы талаптарының сақталуына бақылау жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтерді Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізу бойынша ұсыныстар жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесі тұрақты бақылауда.

 

 

 

Бөлім басшысының м.а.                                          А.Т. Баймаханова

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 апреля 2026