
Байзақ ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының ұйымдастыруымен спорт-нашақорлыққа қарсы ұранымен көру есту қабілеті төмен дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында аудандық турнир өткізілді. Жарыстың үш түрінен өткен атап айтар болсақ Дойбы, Шахмат, Тоғызқұмалақ спорт түрінен сыңға, түсіп жүлделі орындарға ие болды. Жарыс жеңімпаздары тиісті диплом мен медальдармен марапатталды.