Байзақ ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

  2025 жылғы 27 қараша                                                            №53-3

 

(кезектен тыс LIII – сессия)

 

Байзақ ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесінің

мөлшерін төмендету туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:  

  1. Байзақ ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін  салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша                                     4 (төрт)  пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендетілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

     

         Байзақ аудандық

         мәслихат төрағасы                                                                 Б. Ақбаев

 

Дата публикации
12 декабря 2025