Байзақ ауданы бойынша бюджеттің
2026 жылдың 1 сәуіріне атқарылуы туралы
анықтама
Аудан бюджетінің түсімдері және жоғары мен төменгі бюджеттен алынатын трансферттер бойынша есепті мерзімге жоспары 1 716 009,0 мың теңге, нақты түсіп отырған 1 882 246,9 мың теңге, немесе орындалуы 109,7%.
Аудан бюджетінің түсімдері есепті мерзімге жоспары
1 504 418,0 мың теңге, нақты түскені 1 670 655,9 мың теңге, немесе 111,0%-ға орындалды.
Оның ішінде:
1) Аудандық бюджет түсімдері есепті мерзімге жоспары 1 278 399,0 мың теңге, нақты түскені 1 130 633,9 мың теңге, немесе 88,4%-ға орындалды.
2) 4-ші деңгейлі бюджеттің түсімдері жоспары 226 019,0 мың теңге, нақты түскені 540 021,9 мың теңге, немесе 238,9%-ға орындалды.
3) жоғары бюджеттен түсетін трансферттер жоспары 181 591,0 мың теңге, нақты түскені 181 591,0 мың теңге, немесе 100,0%-ға орындалды.
Оның ішінде:
- ағымдағы нысаналы трансферттер жоспары 151 591,0 мың теңге, нақты түскені 151 591,0 мың теңге, немесе 100,0% орындалды.
- нысаналы даму трансферттер жоспары 30 000,0 мың теңге, нақты түскені 30 000,0 мың теңге, немесе 100,0% орындалды.
4) төмен тұрған бюджеттен түсетін (бюджеттік алып қоюлар) трансферт жоспары 30 000,0 мың теңге, нақты түскені 30 000,0 мың теңге, немесе 100,0 %-ға орындалды.
Есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспары 1 734 690,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 1 615 725,2 мың теңге, игерілмеген қаржы 118 964,8 мың теңге, немесе атқарылуы 93,1% - ды құрады.
Оның ішінде:
- Аудандық бюджет жоспары 1 267 772,0 мың теңге, кассалық 1 151 638,7 мың теңге, игерілмеген қаржы 116 133,3 мың теңге, немесе атқарылуы 90,8% - ды құрады.
- 4-ші деңгейлі бюджет жоспары 466 918,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 464 086,5 мың теңге, игерілмеген қаржы 2 831,5 мың теңге, немесе атқарылуы 99,4%- ды құрады.