Байзақ ауданы бойынша ауыл шаруашылығы саласында
2024 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар туралы
2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 69 млрд. 929,5 млн. теңге немесе 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында нақты көлем индексі 106,5%. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 35 млрд. 207,2 млн. теңге (НКИ – 103,0%), мал шаруашылығы – 34 млрд. 570,2 млн. теңге (НКИ – 110,4%).
Ал, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2024 жылдың қорытындысы бойынша5 млрд. 567,2 млн. теңге немесе 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында 42,3%.
Егін шаруашылығы
Ағымдағы жылы аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егістік жердің көлемі 56500 гектарды құрайды, оның 27508 га суармалы, 28 992 га тәлімі.
2024 жылдың өнімі үшін 4-А/Ш есебі бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары жалпы 54441 га алқапқа орналастырылды.
Дақылдар бойынша 9027 га күздік бидай егілген, сонымен қатар
12163 га жаздық арпа, 1100 га дәндік жүгері, 40 га дәнді бұршақ, 1050 га майлы дақылдар, 3010 га қант қызылшасы, 74 га картоп, 3114 га көкөніс, 1356 га бақша және 23507 га мал азықтық дақылдарын орналастырылды. Сүрге қалдырылған жер көлемі 2059 гектарды құрап бүгінгі күнге бұл жерлерге күздік бидай дақылы егілді.
Ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы мен жаңаруы
Аудан бойынша (2024 жылдың 1–қаңтарына) барлығы 1520 әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген. Көктемгі егіс-дала науқанына 868 техника қатысты. Жиналған мәліметтер бойынша 530 тракторлардың 530данасы (100,0%), 206 соқаның 206данасы (100%), 68 қопсытқыштың 68 данасы (100,0%),дән сепкіштің 58 данасы (100,0%)және 6 дана тұқым дәрілегіштердің 6 данасы (100,0%) барлығы көктемгі дала жұмыстарына толық дайындалған.
2024 жылдың 12 айында, аудан бойынша 56шаруашылық жалпы құны 1704,5 млн. теңге тұратын 175 жаңа техникалар сатып алды (оның ішінде 52-трактор, 6 комбайн және 117-әр түрлі техникалар). Бүгінгі күнге техника жаңару көрсеткіші 10,8% құрап отыр. Жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу жалғасуда.
Кепілді дизель отыны
Көктемгі дала жұмыстарына ауданның ауыл шаруашылығын тауарын өндірушілеріне 604,3 тонна кепілдендірілген дизель отыны көлемі бекітілді. Таратушы оператор «Тараз VIP Сервис» ЖШС. Жеткізілгені 547,4 тонна. Шаруашылықтарға босату бағасы 250 теңге болып бекітілді. Көктемгі дала жұмыстарына 83 шаруашылық 547,4 тонна дизель отынын алды.
Күзгі дала жұмыстарына ауданның ауыл шаруашылығын тауарын өндірушілеріне 562,6 тонна кепілдендірілген дизель отыны көлемі бекітілді. Таратушы оператор «Тараз VIP Сервис» ЖШС. Жеткізілгені 320,0 тонна. Шаруашылықтарға босату бағасы 250 теңге болып бекітілді.
Күзгі дала жұмыстарына 21 шаруашылық 143,8 тонна дизель отынын алды.
2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарына және күзгі егін жинау жұмыстарына ауданның 63ауыл шаруашылығын тауарын өндірушілері678,7 кепілдендірілген дизель отынына өтінім берді.
Минералды тыңайтқыштар алу
2024 жылы жалпы 4401,0 тонна минералды тыңайтқыштар енгізу жоспарланды. Аудан бойынша барлығы 213 шаруашылық 9066,0 тонна тыңайтқыш алды (оның ішінде 3064,1 тонна аммиакты селитра, 1225,7 тонна аммофос және 4 776,2 тонна басқа да тыңайтқыштар). Тыңайтқыш енгізілген алқап 34798,0 га құрайды.
Су үнемдеу технологиясын енгізу
Соңғы жылдары шаруашылықтар жаңа технологиялар енгізу жұмыстарын қарқынды қолға алуда. Мәселен, ауданның агроқұрылымдары су үнемдеу технологиясын 2023 жылы 4843 га алқапқа енгізсе, ағымдағы жылы су үнемдеу технологиялары
5500 гектар алқапқа енгізілді (оның ішінде 1710 гектар жаңбырлатып, 3790 гектар тамшылатып).
Ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау
2024 жылдың өніміне 9027 гектар күздік бидай және 12163 гектар жаздық арпа, барлығы 20755 гектар масақты дәнді дақылдар егілген.
Аудан бойынша шаруашылықтар егін орағын 24 маусым күні бастады. Егін орағы 15тамыз күні барлық17 ауылдық округте 20755 гектар толығымен орылып, масақты дәнді дақылдардан жалпы 39124 тонна өнім алынды (бункерлік салмағы), әр гектардан орташа өнімділік 18,5 центнерді құрады. Егін орағын жүргізуге ауданннан 36 астық комбайны қатысты, сонымен қатар сырттан 8 астық комбайн жегілді. Жалпы егіс алқаптарда 44 астық комбайны жұмыс жасады.
Сонымен қатар басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынған өнімдер.
Атауы Жиналатыналқап, га Нақтыжиналғаны, га Орташаөнім, ц/га Жалпыөнім, тн %
Майлы дақылдар 1050 1050 7,1 746 100,0
Бақша 1 419,1 1 419,1 295,0 41 864 100,0
Картоп 394,1 394,1 221,9 8 745 100,0
Көкөністер 3 914,7 3 914,7 389,3 152411,0 100,0
Дәндікжүгері 1 638,0 1 638,0 72,0 11 794 100,0
Қантқызылшасы 3 010 2908 796,0 231 477 96,6
2024 жылдың өнімі үшін 4-А/Ш есебі бойынша жалпы 3010 гектар алқапқа қант қызылшасы дақылын 73 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері орналастырды. Қант қызылшасы дақылын жинағанға ауданда 18 комбайн бар. Шаруашылықтар қант қызылшасын жинау науқанын ағымдағы жылдың 8-қыркүйегінен бастады.
Бүгінгі күнге аудан бойынша 73 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 2908,0гаегістік алқаптырын жинап 231 477тоннаөнім жинады. Аталған өнімдерден 68 шаруашылық өнімдерін Меркі, Ақсу және Қырғыз республикасының қант зауыттарына өткізу үшін бекітілген кестеге сәйкес кезектерін күтуде.
Бүгінгі күнге қант зауыттарына жалпы
145 363,7 тонна қант қызылшасы өткізілді (Меркі қант зауытына 112 120,3 тн, Ақсу қант зауытына 33 243,5 тн). Кагатта жиналған көлемі62 000тонна.
Аудан бойынша 2025 жылдың өнімі үшін 8750 гектар күздік бидай егу жоспарланып, 8750 гектар күздік бидай себілді, орындалуы 100,0%.1575 тонна тұқым себілді. Себілген тұқымдардың репродукция бөлінісі: 1-ші репродукциялы тұқым 313 тонна (19,8%), 2-ші репродукциялы тұқым 617 тонна (39,2%), 3-ші репродукциялы тұқым 645 тонна (41,0%).
Сүдігер жоспары 30900 га, көтерілген сүдігер 25352га, орындалуы 82,0%, оның ішінде қант қызылшасы дақылына айындалған жер көлемі 1700 га.
Мал азығын дайындау жұмыстары
2024 жылы жалпы аудан бойынша 28510 гектар шөп шабылды. Оның ішінде 5051 гектар шабындық, 22691гектар көп жылдық шөп, 438гектар бір жылдық шөп және 330 га сүрлемдік жүгері. 23004 гектар көп жылдық шөп алқабы 1 және 2 орым толық, 3 орым 19902 гектар және 4897гектар шабындық шабылып, 375018 тонна пішен, 20000 тонна пішендеме және 58300тонна сабан және 13104 тонна сүрлем дайындалды. Мал азығын дайындауда 38 шөп шабатын техника және 45 шөп тайлағыш техника жұмыс жасады.
2024-2025 жылдардағы мал қыстауы кезеңіне мал азықтық қорын жинау бойынша бірқатар жұмыстар атқырылды. Бүгінге күнге 12 елді-мекенде 165 тонна мал азықтық қоры дайындалды, жоспар 155 тонна, 106,5 пайыз.
Мал шаруашылығы
2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мүйізді ірі қараның 106,2% (47 549бас), жылқының 108,1% (24 412 бас), қой-ешкінің119,2% (410 341 бас), түйенің115,3% (1373 бас) және құстардың101,3% (1 095 577 бас),өсуіне қол жеткізілді. Сонымен қатаршошқа58,8% (90 бас) құрады.
Аудан бойынша 2024 жылы шаруашылықтың барлық санаттарында 27 130,7тонна ет (тірі салмақта) өндірілді (116,1%), сүт 34 939,6тонна (100,7%) және жұмыртқа 13 535,9мың дана (100,1%) өндірілді.
Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау және несиелендіру бағдарламалары
Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау бағдарламасы бойынша да шаруашылықтар субсидия алуда.
Биылғы жылдың 12 айында аудан бойынша 2024 жылға мал шаруашылығын субсидиялау бойынша1186 өтінім беріліп, оның ішінде 684 өтінім бойынша 847,2 млн.теңге субсидия қаражаты төленді.
Егін шаруашылығының субсидиясы 3 148.5 млн. теңге, атап айтқанда:
- Тыңайтқыштар – 417,5 млн. теңге (213 өтінім);
- Қант қызылшасы – 2 529,1 млн. теңге (79 өтінім);
- Гербицидтер мен пестицидтер – 49,1 млн. теңге (92 өтінім)
- Тұқым – 152,8 млн. теңге (95 өтінім).
Инвестициялық салымдарды субсидиялау бағыттары бойынша
2024 жылы жалпы 172 өтінім берілген, оның ішінде 89 өтінім мақұлданып, 633,1 млн теңге төленді. Жалпы 2024 жылы 4 628,9 млн. теңге субсидия ауыл шаруашылығы бағыттарына төленді.
2024 жылы көктемгі дала жұмыстары үшін «Кең дала» бағдарламасы бойынша 7 шаруа қожалық жалпы сомасы 289,0 млн. теңге несиеге өтінім берілді («Байжанова Н.» шқ 10,0 млн. теңге, «Калиев» ЖК 6 млн. теңге, «Үміт» шқ 9,0 млн.теңге, «Зерхат» шқ 54,0 млн. теңге, «Бансет» шқ 10,0 млн. теңге, «Фазулов» шқ 20,0 млн. теңге және «Агрохолдинг Aspan» АШК 180 млн. теңге). Бүгінгі күнге «Диқан» несие серіктестігінен 5шаруашылыққа 273,0млн. теңге және «Құлан Дән» несие серіктестігінен 1 шаруашылыққа 7,0млн. теңге несие берілді.
2024 жылы «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 6 шаруашылық 198,9млн. теңге қаражат алды.
2025 жылға «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 1 шаруа қожалық 25,0 млн.теңге алды.
2024 жылы тартылған инвестициялар және 2025 жылға тартылатын инвестициялық жобалар туралы
Ауыл шаруашылығы саласында 2024 жылға жалпы құны
1 млрд. 624 млн.(2023 ж.–1,7 млрд. теңге)теңгені құрайтын
16 жоба жоспарланып, бүгінгі күнге жалпы сомасы
614 млн. теңге құрайтын 13 жоба іске асырылып, 35 адам жұмыспен қамтылды.
Орындалмай тұрған жобалар: Ботамойнақ ауылдық округіндегі «Арал» шқ мал бордақылау алаңы, жоба құны
10 млн. теңге жұмыспен қамтылатын 1 адам;
Сарыкемер ауылдық округіндегі «Нұрлы Жай» шқ сүт тауарлы фермасы 400 басқа дейін, жоба құны 900 млн. теңге жұмыспен қамтылатын 30 адам;
Түймекент ауылдық округіндегі «Құрманбеков» шқ мал бордақылау алаңы, жоба құны 100 млн. теңге жұмыспен қамтылатын 3 адам.
Орындалмау себебтері:Ботамойнақ ауылдық округі бойынша мал бордақылау алаңының орнына дүкен ашқан;
Сарыкемер ауылдық округі бойынша 2 жобаға қаражат кеш берілуіне байланысты, құрал жабдықтар алынған, бірақ құрылыстың қабылдау актілері дайын болмағандықтан жобалардың құжаттары 2025 жылы рәсімделеді;
Түймекент ауылдық округіндегі жоба «Даму қоры» АҚ арқылы несие ала алмауына байланысты іске асырылмады.
2025 жылға ауыл шаруашылығы саласына 13 ауылдық округ тарапынан 2 млрд. 835 млн. теңге құрайтын
24 инвестициялық жоба іске асырылу жоспарлануда.
Атап айтқанда, ішінде 7 мал бордақылау алаңы,
10 жылыжай, 4 су үнемдеу технологиясы, 2 балық шаруашылығы және
1 көкөніс сақтау қоймасы.