Мал санағы

ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Мәдиевтің 22.02.2024 жылғы №08-14/132-И хатына сәйкес, ұлттық ауыл шаруашылығы санағын және оған дайындық жұмыстарын сапалы және уақытылы жүргізу мақсатында жұмыс тобы 2024 жылдың 1 наурызында №30-Н/Қ құрылды. Бүгінгі күнге Байзақ ауданының бүкіл ауылдық округінде жұмысшы топтары құрылып, Аталған жұмыс топтары елді-мекендерді аралап мал санығын жүргізді.
2023 жылдың қорытындысымен, 01.01.2024 жылға мүйізді ірі қараның 106,2% (55505бас), қой мен ешкінің 112,2% (419046 бас), жылқының 110,3% (22024 бас), түйенің 102,5% (1296 бас) өсуіне қол жеткізілді. Құстар саны 98,3% (1 082066 бас) құраған.
Бүгінгі күнге елді-мекендер толық араланып мал басының есебі жасақталынды. Нәтижесінде мүйізді ірі қара 44532 бас, қой мен ешкі 343768, жылқы 22518 бас, түйе 1191 бас тіркелген. Бұл есепке ағымдағы жылы туылған төл есепке алынған жоқ.
Жалпы мал басының төлімен қосқанда 2023 жылдың 1-шілдесімен салыстырғанда бүгінгі күнге мүйізді ірі қара 91,6% (54771 бас), қой-ешкі 100,9% (449598 бас), жылқы 100,3% (23740 бас), түйе 123,1% (1415 бас), шошқа 99,6% (270 бас) құрап отыр.

Дата публикации
31 января 2025