Егіс алқаптарына дақылдарды орналастыру жоспары:
Биыл ауданда 53215 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылады деп жоспарлануда.
Облыстық статистикалық деректерді нөлге келтіру туралы тапсырмасына сәйкес ауылдық округдерде егістік алқаптарға нақтылау жұмыстары жүргізіліп, былтырғы жылғы статистикалық мәліметтермен салыстырғанда 6714 гектарға кеміді(2023 жылы 59 929 га).
2024 жылы егілетін алқаптың 6714 гектарға кему себебі, жер балансы бойынша АШТӨ жерлері 56500 гектарды құрады (2023 жылы 57930 га), сонымен қатар 2935 гектар жеке сектор жері алынып тасталынған және сүрге айдалатын жер көлемі 3245 гектар (2023 жылы 927 га).
Осыған байланысты аудан бойынша дәнді және дәнді бұршақты дақылдар – 21890 гектарға, майлы дақылдар – 1155 гектарға, қант қызылшасы – 2300 гектарға, картоп – 60 гектарға, көкөніс – 3200 гектарға, бақша дақылдары – 1300 гектарға және мал азығы дақылдары – 23350 гектарға орналастыру жоспарланды.
Көктемгі егіс дала жұмыстары:
2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарының қорытындысыбойынша 25045 гектар жер дайындалып, жаздық масақты дақылдар 12005 гектарға(жоспар 12000 га), жаңа көп жылдық шөп (жоңышқа) 3580 гектарға(жоспар 3580 га), майлы дақылдар 1050 гектарға (жоспар 1155 га, 90,9 пайыз), көкөніс3062 гектарға(жоспар 3200 га, 95,7 пайыз), бақша 1348 гектарға(жоспар 1300 га, 103,7 пайыз),картоп60 гектарға(жоспар 60 га),дәндік жүгері1100 гектарға(жоспар 1100 га), және қант қызылшасы 2840 гектар алқапқа (жоспар 2300 га, 123,5 пайыз)себілді.
Қант қызылшасының жоспардан артық себілу себебі, былтырғы пияздың өтпеуінің салдарынан шаруашылықтар қант қызылшасы дақылына басымдық беруде.
Жаздық дақылдар тұқымдарының сапасы:
Себілетін жаздық дақылдардың тұқымдарың сапасын жақсарту мақсатында, ауданның шаруашылықтары «Қазақ ғылыми зерттеу институтынан», басқа да тұқым шаруашылықтары мен жоғары сұрыптытұқым сататын мекемелерден тұқым алу бойынша жұмыстар атқарылып, егіс алқаптарына сапалы тұқымдар себілді.
Мысалы, себілген тұқымдардың репродукция бөлінісі: 1-ші репродукциялы тұқым 331 тонна (14,9%), 2-ші репродукциялы тұқым 934 тонна (42,2%), 3-ші репродукциялы тұқым 882 тонна (39,8%) және бірінші ұрпақты будан 68 тонна (3,1%).
Ауыл шаруашылығы техникларының дайындығы:
Аудан бойынша (2024 жылдың 1–қаңтарына) барлығы 1520 әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген. Көктемгі егіс-дала науқанына 868техника қатысады деп жоспарлануда. Жиналған мәліметтер бойынша 530 тракторлардың 494 данасы (100,0%), 206 соқаның 195данасы (100%), 68 қопсытқыштың 62 данасы (100,0%),дән сепкіштің 58 данасы (100,0%)және 6 дана тұқым дәрілегіштердің 6 данасы (100,0%) барлығы көктемгі дала жұмыстарына толық дайындалып, егіс науқанына қатыстырылды.
2024 жылдың 5 айында, аудан бойынша 24шаруашылық жалпы құны 606,8 млн. теңге тұратын 68 жаңа техникалар сатып алды (оның ішінде 28-трактор, 1 комбайн және 39-әр түрлі техникалар). Бүгінгі күнге техника жаңару көрсеткіші 2,9% құрап отыр. Жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу жалғасуда.
Кепілді дизель отыны:
Көктемгі дала жұмыстарына ауданның ауыл шаруашылығын тауарын өндірушілеріне 604,3 тонна кепілдендірілген дизель отыны көлемі бекітілді. Таратушы оператор «Тараз VIP Сервис» ЖШС. Шаруашылықтарға босату бағасы 250 теңге болып бекітілді.
Бүгінгі күнге 32 шаруашылық 155,9 тонна дизель отынын алды. Жеңілдетілген дизель отынын шаруашылықтарға беру жалғасуда.
Минералды тыңайтқыштар алу
Ағымдағы жылы жалпы 4401,0 тонна минералды тыңайтқыштар (оның ішінде, 1907,3 азотты 438,8 фосфорлы және 2054,9 тонна басқа да тыңайтқыштар) алып, енгізу жоспарлануда.
Бүгінгі күнге аудан бойынша минералды тыңайтқыштар алу бойынша барлығы129 шаруашылық 4133,5 тоннаға келісім-шартқа тұрып 3961,09 тонна тыңайтқыш алды (оның ішінде 2292,25 тонна аммиякты селитра, 628,0 тонна аммофос және 1040,8 тонна басқа да тыңайтқыштар). Тыңайтқыш енгізілген алқап 15844,4 га құрайды.
Шаруашылықтар тарапынан минералды тыңайтқыштарды алу жұмыстары жалғасуда.
Мал азығын дайындау жұмыстары
2024 жылы жалпы аудан бойынша 28055 гектар шөп шабылады деп күтілуде. Оның ішінде 5051 гектар шабындық, 23004 гектар көп жылдық шөп. Бүгінгі күнге 4121гектар алқап шабылып аталған алқаптардан, 7011 тонна пішен дайындалды.
Ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру бағдарламалары
2024 жылы көктемгі дала жұмыстары үшін «Кең дала» бағдарламасы бойынша 6 шаруа қожалық жалпы сомасы 264,0 млн. теңге несиеге өтінім берілді («Байжанова Н.» шқ 10,0 млн. теңге, «Калиев» ЖК 6 млн. теңге, «Үміт» шқ 9,0 млн.теңге, «Зерхат» шқ 54,0 млн. теңге, «Бансет» шқ 10,0 млн. теңге және «Агрохолдинг Aspan» АШК 180 млн. теңге). Бүгінгі күнге «Диқан» несие серіктестігінен 4 шаруашылыққа 171,0млн. теңге және «Құлан Дән» несие серіктестігінен 1 шаруашылыққа 7,0млн. теңге несие берілді.
Сонымен қатар, «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша егіс науқаны бойынша 14 ауылдық округтен 35 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісі 438,6 млн. теңге несие алуға ниет білдірді. Бүгінгі күнге тиісті құжаттарын жинақтап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өткізуде.
Ағын сумен қамтамасыз ету:
2024 жылғы вегетациялық кезеңге ағын суды пайдалануды болжамдау мақсатында аудан аумағындағы әр каналдың жағдайы зерделеніп су балансы жасалынды. Жалпы каналдар саны 146, жалпы ұзындығы 748 шақырымдықұрайды. Суармалы жерлердің жалпы көлемі 27,5 мың гектар.Оның ішінде2024 жылға ағын сумен қамтамасыз етілетіні егістік көлемі 16,1 мың гектар,ағын су жеткізілмейтін егіс көлемі11,4 мың гектар.Аталған егіс алқапты ағын сумен қамтамасыз еткен жағдайда вегетациялық кезең кезінде 226,0 млн. текше метр су қажет болады.
«Жамбыл обылысының су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтіру жол картасы» бойынша, «Қазсушар» РМК теңгерімінен ауданның коммуналдық меншігіне қабылданған 19 каналға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалары(ЖСҚ) дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Каналдарды күрделі жөндеуге қажетті жалпы қаражат сомасы
5 млрд. 650 млн. теңге. 2024 жылға республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынсын берілді.