Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғанын жариялау
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.
2025 жылғы 3 ақпаннан бастап 28 ақпанға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Барлық мүдделі тұлғалар талдау жүргізу барысында жұмыс тобының құрамында қатыса алады.
Талдауға қатысу бойынша сұрақтармен 8 (71541) 2-15-08 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.