Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Бекітілген тізілімге сәйкес Бөліммен 15 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1-Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру;
2-құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау)жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
3-эскизді (эскиздік жобаны) келісу;
4-үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру;
5-үлестік құрылыс туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді-көшірме беру;
6-мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру;
7-мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;
8-Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру;
9-мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру;
10-ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастардағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау;
11-жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестесін бекіту;
12-халықаралық және Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін келісу;
13-тұрғын үй сертификаттарын беру;
14-тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктердің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;
15-қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару;
13 қызмет электрондық форматқа ауыстырылды, онда өтініш беруші мемлекеттік қызметті орындау мерзімі мен сапасын бақылай алады.
2024 жылдың 12 айында барлығы 212 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде
- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру-122;
- эскизді (эскиздік жобаны) келісу -28;
- Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну -46;
- мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы-15;
- халықаралық және Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін келісу -1;
Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.