«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша
ТАЛДАУ АНЫҚТАМА
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» басшысының 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығының негізінде (бұдан әрі - бұйрық) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жоғарыда көрсетілген бұйрықпен құрылған Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді (бұдан әрі - талдау) «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - бөлім) қызметінде жүзеге асырылады.
Талданатын мерзім: 2025 жылғы 1 маусымнан бастап 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін.
Талдау жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 9 ақпаннан бастап 27ақпанға дейін.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Жүргізілген нормативтік құқықтық актілерге талдау нәтижесінде тікелей сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындататын нормалар анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының болмауы.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз құзыреті шегіндегі міндеті болып табылады және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау мен нығайтуға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы кешенді шаралар арқылы жүзеге асырылады:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру - қызметкерлердің адамгершілік, зияткерлік және мәдени дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамауға негізделген белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған үздіксіз тәрбие және оқыту процесі;
Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет - бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар арқылы жүзеге асырылады.
Бөлімінің қызметіне жүргізілген талдау барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарының жоқ екендігі анықталды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүйелі тәсілдің болмауы мынадай елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатады:
қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мәселелері бойынша жеткіліксіз хабардар болуы және құқықтық сауаттылық деңгейінің төмендігі;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыруда формалды көзқарастың қалыптасу ықтималдығы;
азаматтар мен қоғамның мемлекеттік орган қызметіне деген сенім деңгейінің төмендеуі;
сыбайлас жемқорлық талаптарының сақталуына бақылаудың жеткіліксіздігі және сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындау мүмкіндігі.
Ұсынымдар: Белгіленген кезеңге арналған білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық шараларды қамтитын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Жұмыс тобының басшысы:
1) қорытынды Талдамалық анықтамаға қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күнінен бастап 3 ай ішінде ұсыныстардың орындалуына мониторинг және бағалауды жүзеге асырсын.
3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша тұрақты негізде ішкі бақылау жүргізу
Бөлім басшысының м.а. Ж. Боранбаев
КЕЛІСІЛДІ:
|
Агафонова Т.В. |
- |
Өсімдік және мал шаруашылығы секторын талдау және жоспарлау жөніндегі бас маман
|
|
Здорнов А.В. |
- |
Бас маман мемлекеттік инженер-инспектор |
|
Александрова Г.А. |
- |
Бас маман бухгалтер |