«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету қызметі туралы есеп
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Тізілімге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы саны - 6.
2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімімен барлығы - 692 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
2025 жылы өзін-өзі қызмет көрсету секторы арқылы келесі қызметтер көрсетілді:
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту қабілеті жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру»;
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркелген тіркемелерді (арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту қабілеті жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және оларға тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгіні беру»;
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркелген тіркемелерді (арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту қабілеті жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»;
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркелген тіркемелерді (арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту қабілеті жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу (кепілден шығару), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл)) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе оның телнұсқасын беру».
Жалпы көрсетілген қызмет саны – 679.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қатысты шағымдар тіркелген жоқ. Сондай-ақ есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту жағдайлары болған жоқ.
«Адал көмек» жобасы аясында Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшада «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркелген тіркемелерді (арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту қабілеті жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары тақырыбында тікелей эфир өткізілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету және ақпараттандыру мақсатында Бөлімде көрнекі ақпараттық стенд орналастырылған, онда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы, мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары, өтініш үлгілері, шағымдар мен ұсыныстар журналы бар.