GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Бөлім туралы
Байланыс ақпараты
Все материалы
03 сентября 2026
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң:жаңа талаптар туралы нені білу қажет?

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі» заңда мемлекеттік қызметтің мотивациялық әлеуеті мен тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ оның институционалдық жадын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар көзделген.Мәселен, мемлекеттік қызметшілерді де, мемлекеттік заңды тұлғалардағы басқарушылық лауазымдарға кандидаттарды да қамтитын «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметке іріктеудің цифрлық форматы заңнамамен бекітілген.

Мемлекеттік қызметке цифрлық іріктеуді енгізу кандидаттарға мемлекеттік қызметке оңайлатылған және тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге (мерзімдері 5-7 жұмыс күніне дейін қысқартылған), қатысушыларды иесіздендіру және конкурс жеңімпазын автоматты түрде айқындау арқылы конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен объективтілігін арттыруға, бюрократиялық кедергілерді барынша азайтуға, сондай-ақ адам факторын (прокторинг) жоюға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын арттыруға ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты қосымша ақылы демалыс күндерін (ұзақтығы үш, бес және он күнтізбелік күн), сондай-ақ күнтізбелік жыл ішінде қысқа мерзімді ақылы демалыс (күнтізбелік он күннен аспайтын мерзім) беру мүмкіндігі көзделген.

Жұмыс уақытының режиміне байланысты мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарының кепілдіктері бекітілді. Мемлекеттік қызметшінің немесе мемлекеттік органның бастамасы бойынша тараптардың келісімі бойынша қызметші үшін лауазымдық жалақының мөлшерін барабар қысқарта отырып, толық емес жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін, оның ішінде: толық емес жұмыс күні, толық емес жұмыс аптасы, күнделікті жұмыс ұзақтығын бір мезгілде қысқарту және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту көзделген.

Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы – аптасына отыз алты сағаттан аспайтын уақыт белгіленеді. Бұл ретте жалақы мемлекеттік лауазымның белгіленген мөлшерлемесіне сүйене отырып, толық жұмыс аптасы ретінде толық көлемде төленеді.

Заңда тәртіптік жауапкершіліктің профилактикалық әлеуеті жәнетепе теңділігін арттыруға бағытталған заңнамалық шаралар көзделген, тәртіптік жазалардың қолданылу мерзімдері олардың ауырлығына байланысты (екі айдан алты айға дейін) шектелген, жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды бір мезгілде ескеруге, сондай-ақ құқықтық салдарларды саралауға мүмкіндік беретін тәртіптік жауапкершіліктің икемді негіздері айқындалған.

Заңмен лауазымдық өкілеттіктерін атқарумен байланысты емес, бірақ мемлекеттік қызметтің абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер үшін жауапкершілік күшейтілді. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес пайдалану, алкогольдік, есірткілік және мас күйінде көлік құралын басқару мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жатқызылады.

Заңда құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызметтің кәсібиленуін және ұйымдастырушылық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық бұзушылықтардың алдын алу қызметтерін құру көзделген.

Осы қызметтің функцияларына тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастыру, қызметтік тергеу жүргізу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету, қызметтік әдептің сақталуын бақылау, жауапкершілікке тарту не өзге де құқықтық ықпал ету шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу, соттарда мемлекеттік қызметшілердің өкілдігі мен мүдделерін қорғау және тағы басқасы жатады.

Өз кезегінде заңда персоналды басқару қызметтерінің қызметін стратегиялық кадрлық жоспарлауды іске асыруға қайта бағдарлау, сондай-ақ құзыретті кадрларды тарту және ұстап қалу жөніндегі шаралар көзделген.

Қызметтік әдеп талаптарын сақтауы, мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілікті қолдану мәселелері реттелді.

Заңныңжекенормасы әдептілік мен мінсізбеделнормаларынаарналған. Мемлекеттікқызметшіқызметтікәдептісақтауға, мінсізбеделдіұстануға, жағымсызқоғамдық резонанс туғызуғанемесемемлекеттікқызметкекіркелтіретінәрекеттер мен мінез-құлықтантартынуғаміндетті.

Мемлекеттікқызметшінің, мемлекеттіклауазымғаорналасуғаүміткерадамныңмінсізбеделімемлекеттікқызметкекіругежәне оны өткеругекедергікелтіретінмән-жайлардыңболмауынабайланыстыжеке, әдептікжәнекәсібиқасиеттержиынтығынқамтиды.

12 августа 2026
«Ұлы дала астығы» дала күні
Аққайың ауданының Дайындық ауылында егін жинауға дайындыққа арналған «Ұлы Дала Астық» егіс күні өтті. Бұл жыл сайынғы іс-шараға аймақтың жетекші фермерлері, ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ Тимирязев ауданының өкілдерін қоса алғанда, аудандардың ауыл шаруашылығы өндірушілері қатысады. Ауыл шаруашылығы техникасы, агродрондар, перспективалы дақыл сорттары және тәжірибелік дақылдар көрмеге қойылды.
30 июля 2026
Операторлар тізімі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау жөніндегі комиссияның 2026 жылғы 17 шілдедегі №1 хаттамасымен бекітілген операторлардың тізбесі

№

п/п

Заңды тұлғаның немесе ЖК атауы

БСН (ЖСН) телефон нөмірі; эл.пошта;

мекен-жайы.

Басшының Т. А. Ә.

Мұнай өнімдерінің базалары

Деректемелер, банктегі ағымдағы шоттар

ЭЦҚ-ның болуы

(иә / жоқ)

1

«PetroRetail» ЖСШ

181040037076, 87152631021, office.sko@petroretail.kz РК, г. Астана, проспект Туран, здание 1

Шотанов Тулемис Садыкович

 

г. Петропавловск, Мамлютский р-н с. Мамлютка

АО «Народный Банк Казахстана», KZ236010131000194211 БИК HSBKKZKX

иә

2

«QZQ Munai» ЖСШ

220240000547, 87477032253,                              a-samal@mail.ru,                           РК, г. Кокшетау, ул. Промышленная зона Восточная, проезд 17, дом 38

Имангазиев Нуркен Нурланович

Айыртауский р-н с. Никольско-Бурлукское , Тайыншинский р-н село Ильечевка

АО «Народный Банк Казахстана», KZ59601A871003043231 БИК HSBKKZKX

иә

3

НОРД КЗ ЖК

630313301269,87152469952,

Zhamalieva_a@mail.ru, РК, СКО, г. Петропавловск, ул. Конституции Казахстана 54, оф. 231

Нурмульдин Темирхан

СКО, г. Петропавловск, Тайыншинский район, г. Тайынша, Тимирязевский район, с.Тимирязево, Мамлютский р-н, г. Мамлютка, район Г.Мусрепова, с. Новоишимское

АО «ForteBank»

KZ4996508F0008171691

БИК IRTYKZKA

иә

4

«Горгаз-Сервис» ЖСШ

020540001653, 87152462456, info@gorgaz.kz,                СКО, г. Петропавловск, ул. Е. Букетова 34

Иванов Олег Александрович

г. Петропавловск

АО «Народный Банк Казахстана»,       KZ726010251000024640                 БИК HSBKKZKX

иә

5

«Диамон Север» ЖСШ

101140011041, 87152535921, diamond_sever@mail.ru, СКО, г. Петропавловск, ул. Жамбыла Жабаева, 6

Чернышов Олег Александрович

г. Петропавловск, Аккайынский р-н ст. Киялы, Тимирязевский р-н с. Тимирязево,  Тайыншинский р-н село Ильечевка, Мамлютский р-н  с. Мамлютка

АО «Народный Банк Казахстана», KZ346010251000050350 БИК HSBKKZKX

иә

6

«Limoil» ЖСШ

230240013164,

87152390051,

СКО, г. Петропавловск ул. М. Ауэзова, 335

эл.почта: info-pf@limoil.kz

Митрофанов Анатолий Константинович

г. Петропавловск

АО «ForteBank»

KZ4896508F0008102936 БИК IRTYKZKA

иә

7

«Северная Топливная Компания» ЖСШ

121140014179, 87152518166, azs_shelf@mail.ru                   СКО, г. Петропавловск, ул. Нұрсұлтана Назарбаева, 207

Есболсынов Нуртай Владимирович

Аккайынский р-н ст. Киялы , Мамлютский р-н с. Мамлютка, Тимирязевский р-н с. Тимирязево

АО «BankRBK» KZ34821152LG10000001 БИК KINCKZKA

иә

8

«Эталон Регион» ЖШС

150140023606, 87152520369, etalonautokz@mail.ru, РК, СКО, г. Петропавловск, ул. Героя Советского Союза, Чкалова 48

Жумагулов Маден Дауренбекович

СКО, г. Петропавловск, р-н Г. Мусрепова, с. Новоишимское, Уалихановский р-н, с. Кишкенеколь, Айыртауский р-н, с Саумалколь

АО «Народный Банк Казахстана», KZ526010251000217836 БИК HSBKKZKX

иә

9

«Ишим-Казнефть» ЖСШ

240140009977, 87783369090, kazneft_sko@mail.ru, РК СКО, р-н им. Г.Мусрепова с. Новоишимское, ул. Промышленная зд.2

Нугуманов Данияр Уразбекович

Мамлютский р-н, г. Мамлютка

АО «Народный Банк Казахстана», KZ56601A251009223671 БИК HSBKKZKX

иә

10

«ODS OIL» ЖСШ

191140012105, 87772503777, odsoil@mail.ru, РК г. Астана, пр. Жеңіс, зд.29, БЦ «Табыс» каб.205

Байгозин Олжас Акилбекович

СКО, г. Мамлютка, Тайыншинский район: г. Тайынша, с. Ильичёвка

АО «Bereke Bank» KZ77914012203KZ00H4B БИК BRKEKZKA

иә

11

ТОО «Altyn Munai»

240640020906, 87753835236, usin.kairat@mail.ru,РК, СКО, Айыртауский район, с. Арыкбалык, улица ДЭУ 32

Усин Кайрат Серикович

СКО, Тайыншинский район, г.Тайынша

АО «Народный Банк Казахстана», KZ09601А321011531901 БИК HSBKKZKX

иә

12

КТ «Зенченко и К»

920440000253, 87776227749,  kt_zenchenko@mail.ru, СКО, Кызылжарский р-он с. Новоникольское

Зенченко Геннадий Геннадьевич

 

 

иә

13

«ИванЗенченко» ЖСШ                                                    

041240001768, 87776227749, tooizenchenko@mail.ru, СКО, Аккайынский р-он с. Ленинское

Зенченко Геннадий Геннадьевич

 

 

иә

14

«ТайыншаАгроИнвест» ЖСШ

191040007165, 87478845373, y.roshhenko@mail.ru СКО, Тайыншинский р-н, Чермошнянский сельский округ, село Чермошнянка, Промышленная зона Чемрошнянка, здание 3, индекс 151041

Асанкулов Нурлан Арынрашитович

 

 

иә

15

«ТамызАгроИнвест» ЖСШ

200840001632, 87478845373, y.roshhenko@mail.ru, СКО, Тайыншинский р-н, Чермошнянский сельский округ, село Чермошнянка, Промышленная зона Чемрошнянка, здание 3, индекс 151041

Асанкулов Нурлан Арынрашитович

 

 

иә

16

«ТайыншаЖер Плюс» ЖСШ

221040006889, 87478845373, y.roshhenko@mail.ru, СКО, Тайыншинский р-н, Чермошнянский сельский округ, село Чермошнянка, Промышленная зона Чемрошнянка, здание 3, индекс 151041

Асанкулов Нурлан Арынрашитович

 

 

иә

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысыТокужинов Д.М._________________

                                                                                                                                                                                                                                                                          (қолтаңбажәнемөр)

 

08 июля 2026
«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ

Облыста ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және ауыл экономикасын нығайтуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Бағдарлама іске асырылған сәттен бастап ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың 377 тұрғыны мемлекеттік қолдауға ие болды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Биыл бағдарламаны іске асыруға 3,7 млрд теңге бөлінді. Бұл ауыл тұрғындарының жаңа бастамаларына қолдау көрсетуге, қосымша жұмыс орындарын құруға және өңірдің ауылдық аумақтарының дамуына жаңа серпін беруге мүмкіндік береді.

***

2026 жылғы несиелеудің жаңа шарттары және қаржыландыру алу тәртібі

«Ауыл аманаты» жобасы ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды жеңілдетілген шарттармен қаржыландырудың негізгі құралдарының бірі болып қала береді. Жобаның басты мақсаты – микрокредиттер беру ғана емес, сонымен қатар ауыл тұрғындары үшін тұрақты табыс көздерін қалыптастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту және тиімді жұмыс істейтін кооперативтерді құру.

Жоба шеңберінде ұсынылатын қаржыландырудың қайтарымды негізде жүзеге асырылатынын түсіну маңызды. Бұл грант немесе өтеусіз мемлекеттік көмек болып табылмайды. Қаржыландыруды алушы қаражатты мақсатты түрде пайдалануға, кәсіпкерлік мәртебесін сақтауға, мәлімделген жұмыс орындарын құруға және берешекті белгіленген мерзімде өтеуге міндеттеме алады.

Микрокредитті кімдер ала алады

Микрокредит алуға Қазақстан Республикасының жұмыссыз азаматтары, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, отбасылық кәсіпкерлікке қатысушылар, табысы төмен жеке қосалқы шаруашылық иелері, кооператив мүшелері, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және өндірістік кооперативтер үміткер бола алады.

Жеке тұлға жоба іске асырылатын ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада кемінде 12 ай тұрақты тіркеуде болуы тиіс.

Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға жобаны іске асыру орны бойынша тіркелуі қажет. Егер азаматтың жеке кәсіпкер мәртебесі болмаса, қаржыландыру мақұлданған жағдайда ол жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі жобаларды жеке кәсіпкерлер мен кооперативтер жүзеге асыра алады.

Кооператив бір ауылдық елді мекеннің немесе бірнеше көршілес ауылдық округтердің қатысушыларын біріктіре алады. Бұл ретте қатысушылардың аумақтық және логистикалық жақындығы, жеткілікті көлемдегі тауарлық өнімнің болуы, сондай-ақ олардың өзара тиімді іс-қимыл жасау мүмкіндігі расталуы тиіс.

Микрокредиттеудің негізгі шарттары

Ауыл шаруашылығына жатпайтын жобалар бойынша микрокредит беру мерзімі 5 жылға дейінгі кезеңді құрайды. Ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобалар үшін микрокредит беру мерзімі 7 жылға дейін болуы мүмкін.

Сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 2,5 пайыздан аспайтын мөлшерде белгіленеді.

Жеке жобалардың басым бөлігі бойынша қаржыландырудың ең жоғары сомасы 2 500 АЕК-ке дейін белгіленген. 2026 жылғы айлық есептік көрсеткіш мөлшерін ескере отырып, бұл 10 812 500 теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және кооперативтерді дамыту жөніндегі жобалар үшін қаржыландырудың шекті сомасы 8 000 АЕК-ке дейін немесе 2026 жылғы көрсеткіш бойынша 34 600 000 теңгеге дейін болуы мүмкін.

Қаржыландырудың ең жоғары сомасының белгіленуі әрбір өтініш берушіге микрокредиттің толық шекті мөлшерде берілетінін білдірмейді. Микрокредит сомасы сатып алынатын активтердің құнына, қаржылық есептерге, қарыз алушының төлем қабілеттілігіне, меншікті қаражатпен қатысу деңгейіне және кепілмен қамтамасыз етудің жеткіліктілігіне қарай айқындалады.

Қағидаларда негізгі борышты өтеу бойынша ұзақтығы 12 айдан аспайтын жеңілдікті кезең көзделген. Бұл ретте аталған нормада сыйақыны төлеу бойынша жеке кейінге қалдыру қарастырылмаған. Сондықтан қаржылық модельді әзірлеу кезінде негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең ішінде сыйақы төлеу қажеттілігі ескерілуі тиіс.

Бұрын алынған микрокредит бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған қарыз алушыларды қайта қаржыландыруға жол беріледі. Қайта қаржыландырудың ең жоғары сомасы 8 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылуы мүмкін. Алайда қайта микрокредит беру екі реттен артық жүзеге асырылмайды және бағдарлама қаражатының қайтарылған есебінен қаржыландырылады.

Кепілдік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Микрокредит жеткілікті кепілдік қамтамасыз ету болған жағдайда беріледі. Кепіл ретінде жылжымайтын мүлік, ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы, көлік құралдары, ауыл шаруашылығы, арнайы және жол-құрылыс техникалары, сондай-ақ жабдықтар қабылдануы мүмкін.

Кепілге ұсынылатын мүліктің нақты нарықтық құны болуы, заңнамаға сәйкес ресімделуі және оған тыйым салу, кепіл немесе өзге де ауыртпалықтардың қойылмауы тиіс. Нарықтық құнын тәуелсіз бағалаушы айқындайды, содан кейін оған өтімділік коэффициенті қолданылады.

Қысқа мерзімді уақытша жер пайдалану құқығы кепіл ретінде қабылданбайды. Жылжымайтын мүлік объектілері бойынша құқық белгілейтін құжаттар, техникалық паспорт, мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері, тіркелген құқықтар, қайта жоспарлау фактілерінің болуы, кәмелетке толмағандардың үлестері, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) немесе өзге де меншік иелерінің келісімдерінің болуы тексеріледі.

Қандай мақсаттарға кредит берілмейді

«Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде жеңіл автокөлік сатып алуға қаржы қаражаты берілмейді.

Жақын туыстарынан ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға жол берілмейді. Жақын туыстарға ата-аналар, балалар, асырап алушылар мен асырап алынғандар, ата-анасы ортақ және ата-анасының бірі ортақ аға-інілер мен апа-сіңлілер, аталар, әжелер және немерелер жатады.

Көтерме және бөлшек сауда қызметін қаржыландыруға жол берілмейді. Сондай-ақ туристік-рекреациялық аймақтарда орналасқан жекелеген туристік объектілерді қоспағанда, кейіннен жалға беру мақсатында ғимараттар мен үй-жайларды сатып алуға немесе салуға қаржы бөлінбейді.

Мал шаруашылығы жобалары бойынша қаржыландыру жайылымдардың, шабындықтардың, су ресурстарының, қажетті қора-жайлардың, жемшөп базасының, ветеринариялық және зоотехникалық қызметтердің болуымен негізделуі тиіс. Жемшөп қоры мен малды ұстауға қажетті жағдайларсыз мал сатып алуға кредит алу малдың шығынға ұшырау, оны мәжбүрлі түрде өткізу және мерзімі өткен берешектің қалыптасу тәуекелін арттырады.

Өтінім беру тәртібі

Бірінші кезеңде жобаға сүйемелдеу жүргізуге жауапты ауылдық округ әкімдігіне немесе аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне жүгіну қажет. Жобаның скрининг нәтижелері бойынша айқындалған басым бағыттарға сәйкестігі анықталады.

Осыдан кейін қаржылық модель, жобаның сипаттамасы, сатып алу жоспары, жеткізушілер туралы мәліметтер, кірістер мен шығыстардың есебі, жобаны іске асыру орнына қатысты құжаттар және кепілдік қамтамасыз етуге қатысты алдын ала құжаттар топтамасы дайындалады.

Өтінімдерді Amanatnesie.kz цифрлық платформасы арқылы беруге болады. Платформада өтініш беруші бағдарламаның шарттарымен таныса алады, өтінімді толтырып, қажетті құжаттарды қоса тіркей алады және оны қарау кезеңдерін қадағалай алады. Өтінім беру мүмкіндігі қаржыландырудың болуына және өңірлік оператордың өтінімдерді қабылдауды ашуына байланысты.

Сенім білдірілген агент ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бастапқы тексеруден өткізеді. Егер құжаттар топтамасы белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, өтініш берушіге нақты себептері көрсетілген дәлелді бас тарту туралы хабарлама жолданады.

Құжаттар бағдарлама талаптарына сәйкес келген жағдайда, сенім білдірілген агент жобаны бағалап, құжаттар тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жобаны мақұлдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Өтінімді қарау барысында кредиттік тарихқа, төлем қабілеттілігіне, салықтық берешектің болуына, қаржылық модельге, сатып алынатын мүліктің құнына, жеткізушіге, кепілдік қамтамасыз етуге және жобаны іске асыру тәуекелдеріне талдау жүргізіледі.

Жоба мақұлданғаннан кейін кредиттік және кепілдік құжаттары рәсімделеді. Микрокредит қаражаты кепіл шартын мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде аударылады.

Егер бөлінген қаржы қаражаты толық игерілсе, сенім білдірілген агент қосымша қаржыландыру немесе бағдарлама қаражатының қайтарылуы қамтамасыз етілгенге дейін жаңа өтінімдерді қабылдау мен қарауды уақытша тоқтатуға құқылы.

Жобаны қарау кезінде қандай көрсеткіштер бағаланады

Жобаны бағалаудың негізгі өлшемшарттары – оның скрининг нәтижелері бойынша айқындалған басым бағыттарға сәйкестігі, жаңа жұмыс орындарын құруы және жаңа техника немесе жабдық сатып алуды көздеуі болып табылады.

Алайда, тәжірибеде бұл өлшемшарттар кредиттің қайтарымдылығын бағалау үшін жеткіліксіз. Сондықтан жоба өндіріс көлемінің, күтілетін кірістің, шығыстардың және қарызды өтеудің нақты әрі негізделген қаржылық есебін қамтуы тиіс.

Мал шаруашылығы жобалары бойынша жемшөптің құны, жайылымдар мен шабындықтардың болуы, малдың өнімділігі, төл алу мерзімі, ветеринариялық шығындар және мал шығынының ықтимал тәуекелдері жеке бағаланады.

Сүт кооперациясы жобалары бойынша кооперативке нақты тартылған жеке қосалқы шаруашылықтардың саны, сиыр басының саны, күнделікті өндірілетін сүт көлемі, салқындату жабдығының, сүт тасымалдауға арналған көліктің болуы, халықпен есеп айырысу кестесі және қайта өңдеуші кәсіпорынмен жасалған шарттың болуы расталуы тиіс.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобалары бойынша шикізат базасы, жабдықтардың жүктемесі, санитариялық және ветеринариялық рұқсаттардың болуы, өнімді буып-түю, таңбалау және оны өткізудің нақты арналары айқындалуы тиіс.

Шикізат базасы мен дайын өнімді өткізу нарығы болмай тұрып тек жабдық сатып алу толыққанды жоба болып саналмайды. Сол сияқты тек кредиттің жоғары лимитін алу мақсатында ғана кооператив құру бағдарламаның мақсаты мен мәніне сәйкес келмейді.

Қаражат алғаннан кейінгі бақылау

Қаржыландыру берілгеннен кейін жобаны сүйемелдеу жұмысы аяқталмайды. Сенім білдірілген агент пен жергілікті атқарушы органдар қаражаттың мақсатты пайдаланылуына тұрақты мониторинг жүргізеді.

Мониторинг барысында малдың, техника мен жабдықтың нақты сатып алынуы, сатып алынған мүліктің шарт талаптарына сәйкестігі, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің ақпараттық жүйесінде жануарларды тіркеу, техниканы мемлекеттік тіркеу, кепілге қойылған мүліктің сақталуы және жұмыс орындарын құру жөніндегі міндеттемелердің орындалуы тексеріледі.

Кооперативтер бойынша қосымша түрде қатысушылар саны, микрокредит алған мүшелердің саны, мерзімі өткен берешектің болуы, міндетті зейнетақы жарналарының деректері негізінде құрылған жұмыс орындары, қайта өңдеу қызметінің болуы, өндірілетін өнім түрлері, өндіріс көлемі және өнімді өткізу бағалары мониторингке жатады.

Кооперативтік жобаларды бағалау кезінде негізгі көрсеткіш құрылтайшылардың саны емес, жеке қосалқы шаруашылықтардың нақты қатысуы болуы тиіс. Мұндай қатысу жасалған шарттармен, өткізілген өніммен, көрсетілген қызметтермен және халыққа жүргізілген төлемдермен расталуы қажет.

Өтініш беруші нені ескеруі қажет

Қаржыландыру алу үшін кепілдік қамтамасыз етуді және жеткізушінің коммерциялық ұсынысын ұсыну жеткіліксіз. Жоба жұмыс істейтін экономикалық модель ретінде жан-жақты әзірленуі тиіс.

Өтінім берер алдында өнімді кім сатып алатынын, оның қандай бағамен, қандай көлемде және қандай мерзімділікпен өткізілетінін айқындау қажет. Сондай-ақ жемшөптің, шикізаттың, жер учаскелерінің, өндірістік үй-жайлардың, электр қуатының жеткіліктілігін және рұқсат беру құжаттарының толықтығын алдын ала тексеру ұсынылады.

Кепілдік қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Техникалық паспорттағы қателер, заңдастырылмаған қайта жоспарлау, кәмелетке толмағандардың үлестерінің болуы, жұбайының (зайыбының) нотариаттық келісімінің болмауы, құқық белгілейтін құжаттардағы сәйкессіздіктер және ауыртпалықтардың болуы жобаны алдын ала мақұлдағаннан кейін де оны қарау процесінің тоқтатылуына себеп болуы мүмкін.

Жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген кредит алу жобаның өздігінен табысты болуын қамтамасыз етпейді. Егер қаржылық есептеулерде жемшөпке, салықтарға, жөндеу жұмыстарына, ветеринариялық қызметтерге, тасымалдауға, коммуналдық шығыстарға және маусымдық факторларға байланысты шығындар ескерілмесе, қарыз алушы қызметінің алғашқы жылында-ақ айналым қаражатының тапшылығына тап болуы мүмкін.

***

«Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша «Солтүстік» ӘКК» АҚ-ның шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бөліміне (8 (7152) 50-27-16), «Ауыл аманаты» жобасының үйлестірушісіне (8 777 925 79 07), сондай-ақ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдеріне және ауылдық округтер әкімдері аппараттарына хабарласуға болады.

24 февраля 2025
Киберқауіпсіздік туралы видео

11 декабря 2023
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарландыру.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023 жылғы 2 мамырдан бастап 2023 жылғы 31 мамырға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды. Талданатын кезең 2022 жылғы 1 шілдеден 2023 жылғы 1 мамырға дейін.

11 декабря 2023
Ақпарат

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін Қоғамдық кеңестің отырысында тыңдау өткізу туралы хабарлама «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023 жылғы 16 мамырда сағат 15:00-де «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін Қоғамдық кеңестің отырысында тыңдау өтетінін хабарлайды. 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы