GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Мәслихат аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Все материалы
07 октября 2026
ҚАУІПСІЗДІКТІҢ СЕНІМДІ ҚАЛҚАНЫ – ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ
ҚАУІПСІЗДІКТІҢ СЕНІМДІ ҚАЛҚАНЫ – ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ
Бүгін Қараспан ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы маңызды нысан – жаңа өрт сөндіру бекеті ашылып, пайдалануға берілді.
Жаңа бекеттің іске қосылуы – ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт оқиғаларына жедел ден қою мүмкіндігін арттыратын маңызды қадам.
Өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанатына аудан әкімі Азат Оралбаев, ауыл ақсақалдары, тұрғындар және мәслихат төрағасы ретінде өзім қатыстым.
Іс-шара барысында жаңа нысанның ауыл үшін маңызы атап өтіліп, оның материалдық-техникалық базасы мен қызмет атқаруға қажетті жағдайлары таныстырылды.
Қауіпсіздік – баршаға ортақ жауапкершілік. Сондықтан елді мекендерде осындай маңызды нысандардың бой көтеріп, халық игілігіне берілуі – тұрғындардың алаңсыз өмір сүруіне жасалған нақты қолдау.
Жаңа өрт сөндіру бекеті Қараспан ауыл округіндегі 14 елді мекеннің қауіпсіздігін нығайтып, төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың салдарын жедел жоюға өз үлесін қосады деп сенемін.
Жаңа нысан ел игілігіне қызмет етсін! Қараспан ауыл округінің тұрғындары аман, ел-жұрт тыныш болсын!
06 октября 2026
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ұстаздар күніне орай Ордабасы аудандық Мәдениет үйінде білім саласының қызметкерлері мен ардагер ұстаздарға арналған тағылымды мерекелік іс-шара өтті.
Маңызды басқосуға аудан әкімі Азат Оралбаев, өзім мәслихат төрағасы ретінде, білім саласының ардагерлері, мектеп директорлары мен ұстаздар, сондай-ақ білім беру саласының үздік қызметкерлері қатысты.
Мерекелік жиында ұстаз еңбегінің қоғамдағы орны мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы ерекше атап өтілді. Ұстаз – ұлттың болашағын қалыптастыратын, жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, олардың бойына адамгершілік, отансүйгіштік, жауапкершілік пен еңбекқорлық қасиеттерін сіңіретін аса қадірлі мамандық иесі.
Іс-шара барысында мәслихат төрағасы ретінде білім саласының барша қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Құрметті ұстаздар!
Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаздық – жай ғана мамандық емес, ол – үлкен жауапкершілік пен биік азаматтық парызды талап ететін қасиетті жол. Сіздер шәкірттерге білім беріп қана қоймай, олардың өмірден өз орнын табуына бағыт-бағдар беріп, ел болашағының қалыптасуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер.
Бүгінгі жетістіктерге жеткен талай азаматтың алғашқы ұстазы болған ардагер педагогтеріміздің еңбегі ерекше құрметке лайық. Сіздердің саналы ғұмырларыңыз бен жинақтаған мол тәжірибелеріңіз – кейінгі буын үшін баға жетпес өнеге.
Ал қазіргі таңда білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарға заман талабына сай сапалы білім беріп, ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарап жүргендері үшін алғыс білдіремін.
Еліміздің ертеңі – білімді, білікті, тәрбиелі ұрпақтың қолында. Ал сол ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып отырған ұстаздардың еңбегі қашанда ел назарында және мемлекет тарапынан лайықты бағалануы тиіс.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Шәкірттеріңіздің жетістігіне қуанып, абырой биігінен көріне беріңіздер!
Ұстаз еңбегі әрдайым құрметке лайық, ал ұстазға көрсетілген құрмет – білімге, болашаққа және ұлттың ертеңіне көрсетілген құрмет.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Іс-шара барысында білім саласының ардагер ұстаздарына құрмет көрсетіліп, ұстаз еңбегінің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы кеңінен айтылды.
Мерекелік кеш одан әрі эстрада жұлдыздарының әсерлі ән-шашуымен және сахналық қойылымдармен жалғасып, ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ұстаздар күніне арналған бұл тағылымды кеш – білім саласы қызметкерлеріне деген ел құрметінің, ұстаз еңбегіне деген жоғары бағалаудың жарқын көрінісі болды.
30 сентября 2026
ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ
ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ
Бүгін аудан орталығы Темірлан ауылындағы «Мирас» мейрамханасында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай тағылымды іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, ардагерлер, қазыналы қариялар мен ақ жаулықты әжелер қатысты.
Іс-шара барысында аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіліп, олардың ел мен жердің дамуына қосқан елеулі үлесі ерекше атап өтілді. Қариялар – ұрпаққа өнеге, өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпір, елдік пен бірліктің берік негізі екені айтылды.
Аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Құрманбекұлы мерекеге жиналған ардагерлер мен қарияларды Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар аудандық мәслихаттың Алғыс хаттарымен бірқатар ардагерлерді марапаттап, олардың ел игілігі жолындағы еңбектеріне ризашылығын жеткізді.
Жиында қариялардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолы кейінгі ұрпаққа үлгі екені айтылып, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілектері білдірілді.
Мерекелік шара барысында қазыналы қарияларға сый-құрмет көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды.
Қартын ардақтаған елдің ырысы артып, берекесі молаяды. Аға буынға құрмет көрсету – баршамызға ортақ парыз.
29 сентября 2026
ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС LII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС LII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс LII сессиясы өтті.
Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Құрманбекұлы ашып, жүргізіп отырды.
Сессия жұмысына аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан әкімінің орынбасары, тиісті бөлім басшылары мен ауыл округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіне аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы «2026–2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін жалға алу құқығын беру жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды) дайындау және өткізу мақсатында конкурстық комиссия құруға қатысты мәселе енгізілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты мамандардың баяндамалары тыңдалып, депутаттар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды. Әр мәселе жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.
Сессия барысында көтерілген мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныстары ескеріліп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шешімдер қабылданды.
11 сентября 2026
ЖЕРГІЛІКТІ ӘСКЕРИ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНА – 35 ЖЫЛ
ЖЕРГІЛІКТІ ӘСКЕРИ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНА – 35 ЖЫЛ
⚜️Ордабасы ауданында жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 35 жыл толуына орай салтанатты мерекелік шара өтті.
09 сентября 2026
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аудандық өнер мектебінің мәжіліс залында «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» тақырыбында кездесу өтті.
01 сентября 2026
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бүгін Ордабасы ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында екі жаңа білім беру нысаны пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Төрткүл ауылдық округіне қарасты Елшібек батыр ауылындағы 200 орындық «Төрткүлтөбе» жалпы білім беретін мектебінің және Бөржар ауылдық округіне қарасты Ынтымақ елді мекеніндегі Сұлтан Ысқақов атындағы негізгі орта мектептің 200 орындық жаңа ғимараттары ел игілігіне тапсырылды.
Салтанатты шараларға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл ақсақалдары, ұстаздар, ата-аналар мен тұрғындар қатысты.
21 августа 2026
ОРДАБАСЫ: АУДАНДА ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ
ОРДАБАСЫ: АУДАНДА ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ
🔱 Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында аудандық Тамыз кеңесі өтті.
12 августа 2026
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ОРДАБАСЫЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСІП, ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ОРДАБАСЫЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСІП, ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің өңір тұрғындарымен кездесулері және жеке қабылдаулары тұрақты жалғасып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, кезекті кездесу Ордабасы ауданында жалғасып, аудан тұрғындарының талап-тілектерін тыңдады.
09 июля 2026
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ XXI ҚЫТАЙ ТАУАРЛАРЫ КӨРМЕСІНДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ XXI ҚЫТАЙ ТАУАРЛАРЫ КӨРМЕСІНДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
✔️Алматы қаласындағы «Атакент» халықаралық көрме орталығында Қазақстандағы XXI Қытай тауарлары көрмесі өз жұмысын бастады.
✔️Түркістан облысының делегациясы облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің жетекшілігімен аталған халықаралық көрмеге қатысып, өңірдің инвестициялық және кәсіпкерлік әлеуетін таныстыруда. Делегация құрамында Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, аудан әкімінің орынбасары және аудан кәсіпкерлері бар.
✔️Көрменің ресми ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Түркістан облысының инвестициялық даму қарқынына тоқталып, өңірде инвесторларға ұсынылатын қолайлы жағдайлар мен мемлекеттік қолдау тетіктері туралы баяндады. Сонымен қатар шетелдік инвесторларды өндіріс орындарын ашуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
✔️Көрме аясында Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев қытайлық бірқатар ірі өндірістік компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіп, инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
✔️Атап айтқанда, JIANGNAN CABLE, Zhejiang Xunfeng Industry and Trade, Jinhua Jinlong Home Products және Qinnastan Health Industries компанияларының өндірістік мүмкіндіктері таныстырылып, олардың Ордабасы ауданында өндіріс орындарын орналастыру перспективалары қарастырылды.
✔️Келіссөздер барысында өндірістік кооперацияны дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, заманауи технологияларды енгізу және инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері талқыланды. Тараптар өзара тиімді әріптестік орнатуға қызығушылық білдіріп, алдағы уақытта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жөнінде уағдаласты.
✔️Халықаралық көрмеге қатысу Түркістан облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға, өңірге шетелдік капитал тартуға және жаңа өндірістік жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы