«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша
ТАЛДАУ АНЫҚТАМА
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Мамлют ауданы әкімінің аппараты басшысының 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 16 бұйрығының(бұдан әрі - бұйрық) негізінде,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағиадаларға сәйкес жоғарыда көрсетілген бұйрықпен құрылған Жұмыс тобы «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлімі)қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талданатын мерзім:2025жылғы 1 ақпаннан бастап 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін.
Талдау жүргізу мерзімі:2026 жылғы9 ақпаннан бастап 27ақпанға дейін.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Жүргізілген нормативтік құқықтық актілерге талдау нәтижесінде тікелей сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындататын нормалар анықталған жоқ.
2.ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР.
2.1. Персоналды басқару
Тәуекел: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі талаптарының сақталмауы, яғни қызметкерді жұмыс берушінің актісімен таныстырмау.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес:
жұмыс беруші қызметкерді ұжымдық шартпен, келісу комиссиясының жұмысы туралы келісіммен (бар болған жағдайда), ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен, қызметкердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысты өзге де жұмыс беруші актілерімен, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда басқа да актілермен жеке өзі немесе оларды курьерлік пошта, пошта байланысы, факсимильдік байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жіберу жолымен таныстыруға міндетті.
Аталған талап қызметкердің өз құқықтары мен міндеттері, еңбек жағдайлары және жұмыс берушінің қолданыстағы жергілікті нормативтік актілері туралы хабардар болуын қамтамасыз етуге, еңбек қатынастарының құқықтық айқындығын қалыптастыруға, сондай-ақ тараптар арасындағы еңбек даулары мен түсінбеушіліктердің алдын алуға бағытталған.
Талдау барысында Мамлют ауданының кәсіпкерлік бөлімінде қызметкерді 2026 жылғы 13 қаңтардағы №2 «Шерипов А.П.-мен еңбек шартын бұзу туралы» бұйрығымен таныстыру фактісінің болмағаны анықталды.
Қызметкерді кадр мәселелері бойынша бұйрықтармен уақтылы және тиісті түрде таныстыру жөніндегі еңбек заңнамасы талаптарының сақталмауы заңдылық, жариялылық және құқықтық айқындық қағидаттарының бұзылуына әкеледі, кадрлық әкімшілендіру рәсімдерінің ашық еместігін қалыптастырады, шешімдерді еркін қабылдауға жағдай жасайды, сондай-ақ мұндай шешімдерді заңсыз деп тану және лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту тәуекелін арттырады.
Ұсынымдар:
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес қызметкерді еңбек шартын бұзу туралы бұйрықпен тиісті түрде және құжаттамалық растай отырып таныстыруды қамтамасыз ету.
2.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастыру
Тәуекел сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының болмауы.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз құзыреті шегіндегі міндеті болып табылады және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау мен нығайтуға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы кешенді шаралар арқылы жүзеге асырылады:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру - қызметкерлердің адамгершілік, зияткерлік және мәдени дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамауға негізделген белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған үздіксіз тәрбие және оқыту процесі;
Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет - бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар арқылы жүзеге асырылады.
Мамлют ауданы әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген талдау барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарының жоқ екендігі анықталды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүйелі тәсілдің болмауы мынадай елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатады:
қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мәселелері бойынша жеткіліксіз хабардар болуы және құқықтық сауаттылық деңгейінің төмендігі;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыруда формалды көзқарастың қалыптасу ықтималдығы;
азаматтар мен қоғамның мемлекеттік орган қызметіне деген сенім деңгейінің төмендеуі;
сыбайлас жемқорлық талаптарының сақталуына бақылаудың жеткіліксіздігі және сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындау мүмкіндігі.
Ұсынымдар:
3) Белгіленген кезеңге арналған білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық шараларды қамтитын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Жұмыс тобының басшысы:
1) қорытынды Талдамалық анықтамаға қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күнінен бастап 3 ай ішінде ұсыныстардың орындалуына мониторинг және бағалауды жүзеге асырсын.
Бөлім басшысы Ә. Батырбаева
КЕЛІСІЛДІ:
|
Батырбаева Әсел Сағамбайқызы |
- |
кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, топтың басшысы
|
|
Насибулин Темирлан Аянович
|
- |
кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бас маман |
|
Насыров Искак Исмагилович |
- |
Мамлют ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |