«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандының мәслихаты шешімінің жобасына түсіндірме жазба
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 726-бабына сәйкес әзірленді.
Қолданыстағызаңнаманормаларынасәйкесшешімжобасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы қоса алғанда, келісудіңбарлықрәсімдеріненөтті.
Бұл жағдайда салық мөлшерлемесін төмендету, әсіресе Мамлют ауданы сияқты экономикалық белсенділігі төмен өңірлерде бизнесті ынталандыруға және кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.
Салықкомитетініңмәліметінше, арнайысалықрежимінауданның 5жекекәсіпкеріқолданады.
Ставка мөлшерін төмендету туралы шешімнің жобасы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Бөлім басшысы Ә. Батырбаева