Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

ЖОБА

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

 

Қазақстан Республикасының салық кодексінің 726-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихаты                        ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2026 жылға алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға (шығыстарды есепке алмағанда) дейін төмендетілсін.
  2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Мамлют аудандық

мәслихатының төрағасы                                            Ж. Каримова

 

 

О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации на 2026 год в Мамлютском районе Северо-Казахстанской области
Дата публикации
11 ноября 2025