«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты
шешіміне баспасөз релизі
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының салық кодексінің 726-бабына сәйкес әзірленді.
Осы жобаның мақсаты Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2026 жылға алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға (шығыстарды есепке алмағанда) дейін төмендету.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2025 жылғы 23 қазанынан бастап 10 қарашаға дейін көпшілік талқылауда орналасқан, сілтеме
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15633391
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.
«Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің
кәсіпкерлік бөлімі» КММ-нің
басшысы Ә. Батырбаева