|
|
Нормативтікқұқықтықактілерді әзірлеу, келісужәнемемлекеттік тіркеу қағидаларына 1-қосымша Нысан
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы жобасына түсіндірме жазба
- Әзірлеушімемлекеттікорганныңатауы.
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы кәсіпкерлік бөлімі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
- Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.
Жоба «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармақшасына, «мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы Үлгілік ережеге сәйкес әзірленді, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 15 наурыздағы №208-VII ҚРЗ Заңы негізінде Ішкі сауда субъектілерін бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жергілікті атқарушы органның функциясынан алып тастауға байланысты жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағыныстылығынан істерді қарау және жаза қолдану жөніндегі құзыретті алып тастау туралы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 193, 204-2, 204-3, 204-4-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін.
- Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).
Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.
- Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етпейді.
- Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.
Ережені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру, 2024 жылғы қараша
- Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.
Жоқ
- Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.
Талап етілмейді.
- Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).
Жоба 2024 жылғы «25» қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды .
- Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.
2024 жылғы «25» қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылған.
- Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.
Сәйкес келеді.
- Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.
Талап етілмейді.
Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ә. Батырбаева