|
|
Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында бөлшек салықтың 2025 жылға арналған салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданық мәслихаты шешімінің жобасына түсіндірме жазба
- Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы кәсіпкерлік бөлімі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
- Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес мақсатында әзірленді.
- Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).
Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.
- Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.
- Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес мақсатында әзірленді.
- Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.
Жоқ
- Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.
Талап етілмейді.
- Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).
Жоба 2024 жылғы «3» қыркүйек Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
- Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.
2024 жылғы «3» қыркүйек Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылған.
- Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.
Сәйкес келеді.
- Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.
Талап етілмейді.
Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ә. Батырбаева