«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» 
коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу қорытындысы туралы 

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2024 жылғы 29 қантардағы № 6  бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағиадаларға сәйкес жоғарыда нұсқалған бұйрықпен құрылған Жұмыс тобы «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – аппарат) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Талданатын мерзім: 2023 жылғы 01 маусымнан бастап 2024 жылғы 31 мамырға дейін.

Талдау жүргізу мерзімі: 22 күнтізбелік күн, 2024 жылғы 05 маусымнан бастап 26 маусымға дейін.

Жұмыс тобының құрамы:

Батырбаева Әсел Сағамбайқызы

-

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, топтың басшысы

Дүйсенова Марал Владимировна

-

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекетті мекемесінің бас маман

Сәдуақасова  Айнагүл Болатқызы

-

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекетті мекемесінің бас маман-бухгалтері

Кушнаренко Татьяна Сергеевна

-

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекетті мекемесі басшының хатшысы

Мушарапова Аида Хасановна

-

Мамлют ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Аппараттың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдер;
  2. Аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдер.
  3. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР.

Ескерту: Келесі нормативтік құқықтық актілер зерделенді:  

1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексі;

2.ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР.

2.1. Қоғамдық мүддені білдіретін объектінің қызметі туралы ақпаратты толық және уақтылы жарияламау туралы Сыбайлас жемқорлық тәуекелі.

2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның (бұдан әрі - ақпаратқа қол жеткізу туралы Заң) 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңның 8-бабының1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иелері өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда ақпаратқа қол жеткізу туралы жалпы ақпаратты орналастыруға міндетті:

ұйымдық құрылымы, басшылары және олардың орынбасарлары туралы мәліметтер;

байланыс деректері (пошталық мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, анықтамалық қызметтердің, құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың телефон нөмірлері);

құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізбесі, олардың міндеттері мен функциялары, сондай-ақ басшылар мен олардың орынбасарлары туралы мәліметтер.

Алайда, талдау барысында ұйымдық құрылым туралы ақпараттың жоқтығы анықталды.

Ұсыныстар:

1) Бөлімнің қызметі туралы ақпаратты жаңарту.

Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңның 16-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иелері өз құзыреті шегінде кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпаратты интернет-ресурстарда орналастыруға міндетті:

Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке түсу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер;

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жарияланған конкурс туралы мәліметтер;

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптар;

бос лауазымдарға орналасу мәселелері бойынша кеңес беруге уәкілетті персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қызметкерлерінің байланыс деректері (Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы);

Алайда, талдау барысында кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпарат жаңартылмайтыны анықталды.

Ұсыныстар:

2) Кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпаратты жариялау.

 Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңның 16-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иелері өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы ақпаратты интернет-ресурстарда орналастыруға міндетті:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін;

мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын.

Ұсыныстар:

3) Мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты жариялау

 ҚОРЫТЫНДЫ:

- Жұмыс тобының басшысы:

1) қорытынды Талдамалық анықтамаға қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

2) ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күнінен бастап 6 ай ішінде ұсыныстардың орындалуына мониторинг және бағалауды жүзеге асырсын.

Бөлім басшысы                                                            Ә. Батырбаева

КЕЛІСІЛДІ:  

Батырбаева Әсел Сағамбайқызы

-

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, топтың басшысы

Дүйсенова Марал Владимировна

-

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекетті мекемесінің бас маман

Сәдуақасова Айнагүл Болатқызы

-

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекетті мекемесінің бас маман-бухгалтері

Кушнаренко Татьяна Сергеевна

-

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекетті мекемесі басшының хатшысы

Мушарапова Аида Хасановна

-

Мамлют ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

 

Дата публикации
05 июля 2024