Мемлекеттік гранттар бойынша өзгерістер
Кәсіпкерлік субъектілеріне гранттық қаржыландыру түріндегі мемлекеттік қолдау шараларын Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларына, мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларына (бұдан әрі-қағидалар) сәйкес ұсынады.
2024 жылғы қаңтардан бастап жоғарыда аталған ережелерге өзгерістер енгізілді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік гранттар "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі.
Акцизделетін өніммен байланысты қызметті жүзеге асыратын "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік грант бермейді.
Бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары:
1) кәсіпкердің оны іске асыруға арналған шығыстарды, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті беретін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20%-ы мөлшерінде қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен);
2) жаңа жұмыс орындарын құру;
3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және (немесе) жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы.
Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы мемлекеттік грант алуға ұсынылған өтінімге байланысты 5 (бес) млн теңгеге дейін құрайды.
1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысында тұрған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатыла тұрған;
2) мемлекеттік бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;
3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын;
4) мемлекеттік грант алуға өтінім беру кезінде ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруды растамаған (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен);
5) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміндегі адамдарға;
6) конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі бар;
7)осы мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде мемлекеттік гранттар беру бойынша қолдау алғандарға (оның ішінде бұрын қолданыста болған бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының қолданылу кезеңінде);
8) конкурс өткізілетін аймаққа сәйкес келмейтін басқа өңірде тіркелген және бизнес-жобаны іске асыруды жоспарлап отырғандар кәсіпкерлерге беру мүмкін емес.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер Басқарманың сайтында құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру ресми жарияланғаннан кейін KEZEKTE.KZ ақпараттық жүйесінің қаражаты бойынша қабылданады.
Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге pdf форматындағы құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін тіркейді:
1)басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған өтінім беру сәтіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);
2) кәсіпкердің ескіру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне немесе кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шараларын ұсыну қағидалары шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесін; сертификатты сайттан электрондық түрде алуға болады
3) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландырудың (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар; (немесе) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік;
4) "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалисті болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
Кәсіпкер мемлекеттік грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және грант беру туралы шарттың талаптарын орындауға міндетті. Осы тармақтың шарттары орындалмаған кезде кәсіпкер грант қаражатын осындай хабарламада көрсетілген тәртіппен және мерзімде өңірлік үйлестірушінің алғашқы жазбаша хабарламасы бойынша қайтаруға міндетті.
«Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің
кәсіпкерлік бөлімі» КММ