Туризм

Мамлют ауданы Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында орналасқан. Ауданның жалпы ауданы 4,1 мың км2 құрайды (облыс аумағындағы үлес салмағы 4,2 %). Аудан орталығы – Мамлютка қаласы, облыс орталығына дейінгі қашықтық-40 км, ауданда 11 ауылдық округ, 41 ауылдық елді мекен бар.

Мамлют ауданы батыста Жамбыл ауданымен, солтүстікте – Ресей Федерациясының Қорған облысымен, шығыста және оңтүстік-шығыста – Қызылжар ауданымен, оңтүстікте – Есіл ауданымен шектеседі.

Мамлют ауданында туризмнің табысты дамуы үшін географиялық, табиғи, экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүмкіндіктер бар. Аудан облыс орталығынан шағын қашықтықта орналасқан (40 км), аудан орталығы арқылы өтетін "Мамлютка-Қостанай" республикалық тас жолы, аудан аумағы арқылы Ресей Федерациясына өтетін "Челябинск - Новосибирск" халықаралық автожол бар. Ауданда ішкі туризмді дамыту әлеуеті бар.

Аудан аумағында туристік бизнестің 2 субъектісі тіркелген: "Петрович"  "Лада"дәмханалары. 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында 6  нөмірлі қормен 105 адамға қызмет көрсетілді, біржолғы сыйымдылық 16 төсек-орын.

Менгисор көлі киелі жер боліп танылған, Минкесер ауылынан 3 км қашықтықта және аудан орталығынан 61 км қашықтықта орналасқан Мамлютка. 2020 жылы "Кардиология және ішкі аурулады ғылыми-зерттеу институты" АҚ "Менгисор"тұзды көлінің  балшығы мен суының емдік сиратына медициналық қорытынды берді.

Менгисор шипалы көлінің жағасын абаттандыру  және демалушылардың ыңгаймығы мақсатында инфрақұрылымды қамтамасыз ету бойынша мынадай іс шаралар өткізілді:

"Менгесер" ЖК басшысы Р. Н.Қасенова жеке қаражаты есебінен Минкесер тұзды көлінің демалыс аумағына электр қуатын төртты, ауыз су және техникалық су арнайы көлікпен тасымалданады. Аумақта 4 орынға арналған жылжымалы монша, шезлонгтар, душ кабиналары, киім ауыстыруға арналған кабиналар, стационарлық дәретханалар, футбол және волейбол алаңы, киіз үйлер, балалар ойын алаңы орнатылған, және уақытша пайдалануға беріледі

Туризм
Дата публикации
22 декабря 2023