"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 315 қаулысы
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
|
Аудан әкімі |
Е. Степаненко |
|
|
|
Солтүстік Қазақстан облысы |
|
|
|
Мамлют ауданы әкімдігінің |
|
|
|
2024 жылғы 13 желтоқсандағы |
|
|
|
№ 315 қаулысымен бекітілген |
|
"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
1) құқықтары:
кәсіпкерлікті, туризмді, өнеркәсіпті дамыту, сондай-ақ индустриялық-инновациялық даму саласындағы құзыретке кіретін мәселелер бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, ұйымдармен және мекемелермен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;
мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Қазақстан Республикасының қолданыстағы Кәсіпкерлік кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген көлемде оған жүктелген даму жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін құжаттарды, ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
кәсіпкерлік пен туризмді, өнеркәсіпті және индустриялық-инновациялық дамуды дамыту, мемлекеттік қызметті жетілдіру, баға жағдайындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты әкім, аудан, облыс әкімдігі және мемлекеттік органдар өткізетін отырыстарға, жиналыстар мен кеңестерге (селекторлықты қоса алғанда) қатысу;
кәсіпкерлік пен туризмді дамыту, өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму, баға белгілеу мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу;
шағын және орта кәсіпкерлікті, туризмді дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат беру;
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкіміне кәсіпкерлік пен туризмді, өнеркәсіпті және индустриялық-инновациялық дамуды, баға белгілеуді дамыту мәселелері бойынша қаулылардың, шешімдер мен өкімдердің жобаларын енгізу.
2) міндеттері:
Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын жұмысқа тарта отырып, Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс топтарын, комиссияларды, штабтарды құру;
жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін, арыздарын, шағымдарын, ұсыныстарын қарау, олардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беру;
жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру.
1) бөлім қызметін қаржылық шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етеді;
2) бөлімнің іс қағаздарын жүргізеді және қызметін құжаттамалық қамтамасыз етеді;
3) бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастырады;
4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес кадр жұмысын жүргізеді;
5) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Үкіметінің қаулыларының, жоғары тұрған өкілді және атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімдерінің қаулылары мен өкімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
6) жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін, арыздарын, шағымдарын тіркейді, оларды қарау бойынша есеп жасайды;
7) бөлім әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламалардың жобаларын әзірлейді;
8) құзыретіне сәйкес автоматтандыруға жататын мемлекеттік органдардың функцияларын көрсетеді;
9) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасайды;
10) аудан әкімдігі алдында кәсіпкерлік саласындағы ауданда мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын және орындалуын қамтамасыз етеді және жауапты болады;
11) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аудандық бағдарламаларының жобаларын әзірлейді;
12) ауданда шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін дамытуды қамтамасыз етеді;
13) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;
14) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтайды және қорғайды;
15) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға әдістемелік көмек көрсетеді;
16) бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат ұсынады;
17) жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды;
18) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
19) жұмыс жоспарын әзірлейді және бекітеді;
20) ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын әзірлейді және бекітеді;
21) өз құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады;
22) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
23) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
24) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақы мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
25) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 199, 204, 250-баптарында (астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды және істерді қарайды;
26) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша аудан әкімі мен әкімдігі шешімдерінің, аудандық бағдарламалар мен ауданның әлеуметтік - экономикалық даму жоспарларының жобаларын әзірлейді;
27) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар мен құжаттарды жасайды;
28) аудан әкімдігінің және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысады;
29) ақпаратты ашық деректердің интернет-порталына орналастырады;
30) ақпаратты ашық бюджеттердің интернет-порталында орналастырады;
31) ақпаратты ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырады.
1) аудан әкімдігінің бекітуіне бөлімнің Ережесін ұсынады, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады, Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
3) Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;
4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) еңбек заңнамасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметкерлерді көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді, Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
6) өз құзыреті шегінде Бөлім қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
7) Бөлімді мемлекеттік органдарда, ұйымдарда ұсынады;
8) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдік туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
9) Бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы үшін дербес жауапты болады;
10) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, еңбек, мемлекеттік қызмет, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады;
11) бөлімге берілген мүліктің тиімділігі мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және мемлекеттік мүлік туралы заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады
______________________________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК