GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Бөлім туралы
Байланыс ақпараты
Все материалы
12 октября 2026
2026 жылғы 19 қазаннан бастап ішкі сауда қағидаларына өзгерістер енгізіледі

2026 жылғы 19 қазаннан бастап ішкі сауда қағидаларына өзгерістер енгізіледі

 

Қағидаларға бақылау (сәйкестендіру) белгісі, материалдық жеткізгіш, сәйкестендіру коды, сәйкестендіру құралы, тауар санаты және тауар санатшасы ұғымдары қосылды.

Қайта сату мақсатында азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу Қазақстан Республикасының тиісті ұлттық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұлттық стандарттар болмаған жағдайда Қағидаларға қосымшада көрсетілген талаптар қолданылады.

Сатушы сатылатын тауарларға тауардың атауы, сорты, салмағы немесе бірлігі үшін бағасы көрсетілген баға белгілерінің болуын қамтамасыз етеді.

1, 2, 3 және 4-санаттағы сауда объектілерінде тауар сататын ішкі сауда субъектілері:

  1. Қазақстанда өндірілген тауарлар қойылған орындарды «Қазақстанда жасалған» деген арнайы маңдайшамен немесе жазумен белгілейді. Бұл жазуды қатар орналасқан бірнеше отандық тауарға ортақ пайдалануға болады.
  2. «Қазақстанда жасалған» деген жазуы бар отандық тауарларды кросс-мерчандайзинг әдісін қолдана отырып, сұранысы жоғары өнімдердің жанына орналастырады.
  3. Қазақстанда өндірілген азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға сауда алаңының және (немесе) сөре кеңістігінің кемінде 30%-ын бөледі:

   - әрбір тауар санатшасы бойынша — осы санатшаға бөлінген сауда алаңының немесе сөре кеңістігінің кемінде 30%-ын;

   - әрбір тауар санаты бойынша — осы санатқа бөлінген сауда алаңының немесе сөре кеңістігінің кемінде 30%-ын;

   - бүкіл сауда объектісі бойынша — азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға бөлінген сауда алаңының немесе сөре кеңістігінің кемінде 30%-ын.

  1. Қазақстанда өндірілген тауарларды әрбір тауар санаты мен санатшасының сөре кеңістігінің орталық бөлігіне, тұтынушыларға көз деңгейінде көрінетін және қолжетімді жерлерге, сұранысы жоғары өнімдермен қатар орналастырады.

Ішкі сауда субъектілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін өндірушінің сату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің жеткізу шарттарында көрсетілген сатып алу бағасынан 15%-дан асырмай белгілейді.

Әлеуметтік маңызы бар тауарларды тасымалдауға және (немесе) импорттауға байланысты нақты жұмсалған әрі құжатпен расталған шығындар сомасына, сондай-ақ электрондық сауда кезіндегі жеткізу қызметтеріне және бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормалары шегіндегі шығындарға сауда үстемесін ұлғайтуға жол беріледі.

08 октября 2026
Сатып алу бағасы жарияланды

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ

Сатып алу бағасы жарияланды

«Продкорпорация» форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша қаржыландыру алған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 2026 жылғы өнімнің астығын қабылдауды бастады.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерін астық бағасының маусымдық төмендеуі жағдайында қолдау мақсатында ұлттық астық операторы ауыл шаруашылығы өнімдеріне сатып алу бағаларын белгіледі.

2026 жылғы астық өнімінің бір тоннасының бағасы:

— 3-сыныпты бидай (желімтек 27% және одан жоғары, құлау саны 250-ден бастап) – 115 мың теңге;

— 3-сыныпты бидай (желімтек 25–26%, құлау саны 200-ден бастап) – 96 мың теңге;

— 3-сыныпты бидай (желімтек 23–24%, құлау саны 160-тан бастап) – 92 мың теңге;

— 4-сыныпты бидай (желімтек 18% және одан жоғары, құлау саны 80-нен бастап) – 82 мың теңге;

— 5-сыныпты бидай (желімтек 18% және одан жоғары) – 75 мың теңге;

— қатты бидай (шынылылығы 60%, құлау саны 200-ден бастап) – 90 мың теңге;

— 2-сыныпты арпа – 75 мың теңге.

Биыл ұлттық астық операторы агроқұрылымдарды форвардтық қаржыландыруға 31,9 млрд теңге бағыттады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы аграрлық секторды қолдаудың ең сұранысқа ие құралдарының бірі болып қала береді. Бағдарлама фермерлерге көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін алдын ала қолжетімді қаржыландыру алуға мүмкіндік береді және егін жинау науқаны аяқталғаннан кейін болашақ өнімнің өткізілуіне кепілдік береді.

Бұл туралы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі ведомствоның ресми сайтында хабарлады.

Форвардтық сатып алу бағдарламасына қатысушылар қосымша ақпаратты «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның өңірлік өкілдіктерінен ала алады:

Ақмола облысы: Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 19, тел.: (8-716-2) 55-11-53, 55-11-54, 55-11-55;

Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қаласы, Партизанская көшесі, 160, тел.: (8-715-2) 55-11-60, 55-11-61, 55-11-62, 55-11-63, 55-11-64.

 

 

 

 

24 сентября 2026
2026 жылғы 24 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өткізілді.

2026 жылғы 24 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өткізілді

Бірыңғай

есеп күні кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелері бойынша сындарлы шешімдер әзірлеу, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін талқылау және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу бойынша кездесу нысанында өткізілді

 Кездесуге мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының басшылары мен Тимирязев ауданының кәсіпкерлері қатысты

17 сентября 2026
КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ГРАНТТАР

She ' s Next, empowered by Visa — 2026 атты өз бизнесін дамытып жатқан немесе өз ісін ашуды жоспарлап отырған Қазақстан әйелдеріне арналған жаңа байқау басталды.

 💰 Ең бастысы-гранттық қолдау:

 🔹 Қолданыстағы бизнес — грант 10 млн теңге

 🔹 Инклюзивті бизнес — грант 10 млн теңге

 🔹 Бастаушы бизнес — грант қолына 5 млн теңге

 🔹 It-бизнес-грант 5 млн теңге

 Қаражаттықолданыстағы бизнесті дамытуғанемесежаңабизнестіашуғабағыттауғаболады.

Жеңімпаздар грантты мақсатты пайдалану туралы да есеп беруі керек.

 👩💼Кімқатыса алады:18жастан бастап ҚРазаматтары.

📅 Тіркеу-2026 жылдың 8 қарашасына дейін. Тіркелгеннен кейін қатысушылар бизнес-жоспарды 23 қарашадан 13 желтоқсанға дейін бере алады.

 Іріктеу қорытындысы бойынша 12 финалист финалға шығады, онда 4 жеңімпаз анықталады — әр санатта бір.

 📌 ақпарат кәсіпкер әйелдер мен өз бизнесін бастауды жоспарлап отырған әйелдер үшін.

 толығырақ https://shesnext.kz/ru/about

 

15 сентября 2026
15 қыркүйекте санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері

15 қыркүйекте Тимирязев ауданының санитарлықэпидемиологиялық қызметінің қызметкерлері кәсіби мерекелерімен құттықталды

 Биыл елімізде санитарлықэпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің кәсіби мерекесі алғаш рет аталып өтілуде

 Осы айтулы күні санитарлықэпидемиологиялық қызмет мамандарына халықтың санитарлықэпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге, азаматтардың денсаулығын сақтауға және жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған жауапты және маңызды жұмысы үшін алғыс сөздер айтылды

 Санитарлықэпидемиологиялық қызмет қызметкерлеріне мықты денсаулық амандық кәсіби қызметте табыс жаңа жетістіктер мен бейбіт еңбек тілейміз

14 сентября 2026
Астанада Әлеуметтік кәсіпкерлер саммиті өтті

Астанада Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ және Солтүстік өңірдің әлеуметтік кәсіпкерлері Әлеуметтік кәсіпкерлер саммитіне қатысты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Е. Е. Сағынаев қатысты.

Саммит әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және әлеуметтік бизнес өкілдері үшін жаңа мүмкіндіктерді кеңейтуге арналған маңызды алаңға айналды.

Іс-шара аясында әлеуметтік кәсіпкерлер өнімдерінің этно-жәрмеңкесі, сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық бастамаларға арналған ақпараттық және фотокөрмелер ұйымдастырылды.

Қатысушылар мемлекеттік және халықаралық қолдау шараларымен, білім беру және қаржылық бағдарламалармен, сондай-ақ инкубация және акселерация құралдарымен танысуға мүмкіндік алды. Көрме аймағының жұмысына «Атамекен» ҰКП, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, ЕҚДБ, QazInnovations, SES, Astana Hub, KazakhExport және басқа да ұйымдар қатысты.

Саммиттің іскерлік бағдарламасы өңірлік диалогты және БҰҰ, Дүниежүзілік банк, БҰҰДБ, ЕҚДБ өкілдері, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың қатысуымен өткен халықаралық сессияны қамтыды.

Сондай-ақ Best Social Entrepreneur 2026 Awards марапаттау рәсімі өтті. Оның аясында инновацияларды, инклюзияны, экология мен білім беруді дамытуға елеулі үлес қосқан кәсіпкерлер марапатталды.

Саммит Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында мемлекет, бизнес және халықаралық қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайту үшін маңызды алаңға айналды.

 

07 июля 2026
СҚО-ДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖАЛҒАСУДА

СҚО-ДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖАЛҒАСУДА

 

Өңірде ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және ауыл экономикасын нығайтуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

 

Бағдарлама іске қосылғалы бері мемлекеттік қолдауға ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың 377 тұрғыны ие болды.

 

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Биыл бағдарламаны іске асыруға 3,7 млрд теңге бөлінді. Бұл ауыл тұрғындарының жаңа бастамаларын қолдауға, қосымша жұмыс орындарын ашуға және өңірдің ауылдық аумақтарының дамуына жаңа серпін беруге мүмкіндік береді.

Микрокредитті кімдер ала алады

 

Микрокредиттер жұмыссыз азаматтарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, отбасылық кәсіпкерлікке қатысушыларға, табысы төмен жеке қосалқы шаруашылық иелеріне, жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және өндірістік кооперативтерге беріледі.

 

Міндетті талаптар:

 

* жоба іске асырылатын жерде тіркелуі (жеке тұлғалар үшін – кемінде 12 ай);

* жоба мақұлданған жағдайда жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі (егер мұндай мәртебесі болмаса);

* ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобаларын жеке кәсіпкерлер мен кооперативтер жүзеге асырады.

 

Микрокредит берудің негізгі шарттары

 

Ауыл шаруашылығына қатысы жоқ жобалар бойынша кредит беру мерзімі – 5 жылға дейін. Ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобалар үшін мерзім 7 жылға дейін болуы мүмкін.

 

Сыйақының атаулы мөлшерлемесі жылдық 2,5 пайыздан аспайды.

 

Жеке жобалардың басым бөлігі үшін қаржыландырудың ең жоғары сомасы 2 500 АЕК-ке дейін белгіленген. 2026 жылғы АЕК мөлшеріне сәйкес бұл 10 812 500 теңгеге дейін.

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және кооперативтерді дамыту жобалары бойынша ең жоғары сома 8 000 АЕК-ке дейін немесе 2026 жылғы көрсеткіш бойынша 34 600 000 теңгеге дейін болуы мүмкін.

 

Ең жоғары сома әрбір өтініш берушіге дәл осы көлемде кредит беріледі дегенді білдірмейді. Қаржыландыру көлемі сатып алынатын активтердің құнына, қаржылық есептерге, қарыз алушының төлем қабілеттілігіне, өзінің қаражатының қатысуына және кепілмен қамтамасыз етілуінің жеткіліктілігіне қарай айқындалады.

 

Қағидаларға сәйкес негізгі қарызды өтеу бойынша 12 айдан аспайтын жеңілдік кезеңі қарастырылған. Бұл ретте сыйақыны төлеуді кейінге қалдыру жеке норма ретінде көзделмеген. Сондықтан қаржылық модельді әзірлеу кезінде негізгі қарызды өтеу кейінге қалдырылған кезеңде де сыйақы төлеу қажеттілігі ескерілуі тиіс.

 

Бұрын алынған микрокредит бойынша міндеттемелерін толық орындаған қарыз алушыларға қайтадан кредит алуға рұқсат етіледі. Қайталама қаржыландырудың ең жоғары сомасы 8 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылуы мүмкін. Алайда қайта кредит беру екі реттен артық жүргізілмейді және бағдарламаға қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылады.

 

Қандай мақсаттарға кредит берілмейді

Микрокредит мына мақсаттарға берілмейді:

* жеңіл автокөлік сатып алуға;

* жақын туыстарынан ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға;

* көтерме және бөлшек сауда саласындағы жобаларға;

* кейіннен жалға беру мақсатында нысандарды сатып алуға немесе салуға (туризм саласындағы жекелеген нысандарды қоспағанда).

Өтінім беру тәртібі

Өтінімдер қабылдау ашық болған кезде Amanatnesie.kz платформасы арқылы беріледі. Сенім білдірілген агент құжаттарды 3 жұмыс күні ішінде тексереді, содан кейін жобаны бағалап, 15 жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды. Өтінім мақұлданған жағдайда кредиттік құжаттар рәсімделіп, кепіл шарты тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде қаражат аударылады. Қаржыландыру болмаған жағдайда өтінімдерді қабылдау уақытша тоқтатылуы мүмкін.

«Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша Тимирязев ауданының кәсіпкерлік бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.

 

 

 

"Іскер аймақ" шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы
02 июля 2026
Шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай «Іскер аймақ» бағдарламасы бекітілді

Шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай «Іскер аймақ» бағдарламасы бекітілді

2025 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай «Іскер аймақ» бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды.

Атап айтқанда, мынадай құжаттар бекітілді:
• сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;
• шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық емес қолдау шараларын көрсету қағидалары;
• шағын кәсіпкерлік субъектілеріне инфрақұрылымдық қолдау көрсету қағидалары.

Аталған бағдарламаға сәйкес, субсидиялау жергілікті немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Сонымен бірге республикалық бюджет қаражаты мынадай тәртіппен бөлінеді:
• бюджет қаражатының 70%-ы облыстарда, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларынан басқа барлық өңірлерде іске асырылатын жобаларды субсидиялауға бағытталады;
• бюджет қаражатының 30%-ы Абай, Ұлытау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында іске асырылатын жобаларды субсидиялауға бөлінеді. Бұл ретте олардың әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері мен даму міндеттері ескеріледі.

Егер Ұлытау, Абай, Жетісу, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында бөлінген қаражат толық игерілмеген жағдайда, пайдаланылмаған қаражат қаржы агенттігі тарапынан уәкілетті органмен келісу арқылы осы облыстар арасында қайта бөлінуі мүмкін немесе жобаларды іске асыруға сұраныс пен дайындық деңгейіне қарай басқа өңірлерге бағытталуы мүмкін.

Республикалық бюджет есебінен субсидиялауға көзделген қаражат уәкілетті орган арқылы қаржы агенттігінің арнайы шотына аудару туралы жасалатын шарт негізінде аударылады.

Жергілікті бюджет есебінен қарастырылған қаражат өңірлік үйлестіруші арқылы қаржы агенттігінің арнайы шотына уәкілетті орган бекіткен қаражат аудару шарты негізінде жіберіледі.

Қаржы институты қаржы агенттігі үшін субсидияларды аударуға арналған ағымдағы шот ашады.

Субсидия беру тәртібі

Кәсіпкер қаржы институтына қаржылық құрал ұсыну туралы өтінім береді. Өз кезегінде қаржы институты жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптама жүргізеді.

Аталған бағалау аяқталғаннан кейін қаржы институты кәсіпкердің өтінімі бойынша чек-парақты қаржы агенттігінің филиалдарына келісу үшін жолдайды.

Қаржы институты қолданыстағы қаржылық құрал бойынша субсидиялау жүргізілгенге дейін, кәсіпкердің негізгі қарызды және шартта көзделген сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаратыны көзделген.

 

Қаржы институты қаржылық құралды ұсыну туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, сондай-ақ қаржы агенттігінің жазбаша келісімі алынғаннан кейін және субсидиялау шеңберінде шарт жасалғаннан кейін қаржы институты қаржы агенттігіне төмендегілерді ұсынады:

  • шарттың немесе төлем кестесінің көшірмесін не шарт бойынша деректерді қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жолдау. Бұл ретте ұсынылатын құжаттарда субсидиялау мерзімінің басталуы қаржы агенттігіне жолданған күнге дейін күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзіммен белгіленеді;
  • уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарлама-хат (қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне деректер берілген жағдайда хабарлама-хат талап етілмейді);
  • Кәсіпкерлердің өтінімі бойынша чек-парақ (чек-лист), уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес.

 

Шартқа қол қою кезінде кәсіпкер қаржылық құралды мақсатты пайдалану және жобаның Қағидалар талаптарына сәйкестігі жөніндегі міндеттемелерді өзіне алады. Аталған міндеттемелер орындалмаған жағдайда субсидиялау тоқтатылады, ал кәсіпкер қаржы агенттігіне төленген субсидия сомасын қайтаруға міндетті.

 

Жобалар бойынша субсидиялар тиісті өңірлік үйлестіруші немесе уәкілетті орган тарапынан қаражат болған жағдайда төленеді.

 

Бюджетте субсидиялауға арналған қаражат болмаған жағдайда кәсіпкер субсидияланатын және субсидияланбайтын бөліктерді өзі төлейді. Бюджет қаражаты түскен жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкерге төлем кестесіне сәйкес субсидияланатын бөлікті өтейді.

 

Субсидиялауға арналған қаражатты аудару қаржы агенттігі арқылы қаржы институтының немесе төлем агенті-банктің ағымдағы шотына ай сайын аванстық төлемдер түрінде (бір рет немесе айына бірнеше рет) жүзеге асырылады. Бұл ретте қаржы институты ұсынған шарттың төлем кестесі және бұрынғы кезеңдер үшін өтемақылар ескеріледі.

 

Қаржы институты осы Қағидалардың нормаларын ескере отырып, тиесілі субсидия сомасын дербес есептейді. Аталған есептеулерді қаржы агенттігі тексермейді.

 

Қаулы 2026 жылғы 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

02 июля 2026
Қазақстан Республикасының Конституциясы күшіне енді: билік пен азаматтар үшін не өзгереді

Қазақстан Республикасының Конституциясы күшіне енді: билік пен азаматтар үшін не өзгереді

1 шілдеде 2026 жылғы 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда қабылданған елдің Негізгі Заңы күшіне енді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Елдің Негізгі Заңын шын мәнінде халықтық құжат деп атауға болады. Мәтінді дайындауға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей қатысып, бұл құжатқа ерекше легитимділік беріп, оның қоғаммен байланысын айқындады.

Қазақстан тарихында алғаш рет Негізгі Заң жалпыұлттық референдум арқылы қабылданды: азаматтардың 87,15%-ы Конституцияны қолдады. Қазақстан

Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі — оның адамға бағытталуы. Ол азаматтардың құқықтары мен мүдделерін негізгі орынға қояды, әділеттілік пен сенім қағидаттарын бекітеді және «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Конституция — мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізі, мемлекеттік құрылымның негіздерін айқындайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекітеді және ел дамуының стратегиялық бағыттарын ұзақ мерзімге белгілейді.

Жаңа Конституция мемлекеттік басқару жүйесін едәуір жаңартты. Құжат преамбуладан, 11 бөлімнен және 104 баптан тұрады.

Жаңа конституциялық заңдар

Жаңа Негізгі Заңның ережелерін іске асыру үшін Қазақстанда конституциялық заңдар пакеті қабылданды. Олар мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін бекітеді және негізгі мемлекеттік институттардың жұмыс тәртібін айқындайды.

Олардың қатарында мына заңдар бар:

  • «Қазақстан Республикасының Президенті институты туралы заң»;
  • «Қазақстан Республикасының Ұлттық құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы»;
  • «Қазақстан Халық Кеңесі туралы»;
  • «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы»;
  • «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы»;

сондай-ақ «Сайлау туралы» конституциялық заңға өзгерістер енгізілді.

Маңызды құжаттардың бірі — «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заң болды. Бұл құжат «Күшті Президент — ықпалды Құрылтай — есеп беретін Үкімет» қағидатына негізделген жаңа мемлекеттік басқару моделін қалыптастыруға бағытталған.

Заң президенттік институт үшін бұрын енгізілген шектеулерді сақтайды. Атап айтқанда, Президент бұрынғыдай бір ғана жеті жылдық мерзімге сайланады және қайта сайлану құқығына ие емес. Ол партиядан тыс болуға міндетті, сондай-ақ оның жақын туыстарының белгілі бір мемлекеттік лауазымдарды атқаруына қатысты шектеулер сақталады.

Сонымен қатар заң Президенттің Қазақстан Халық Кеңесі, Үкімет, Қазақстан Ұлттық құрылтайы және адам құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимылының жаңа тетіктерін бекітеді.

Ең маңызды жаңалықтардың бірі — вице-президент институтының енгізілуі. Заңға сәйкес, бұл лауазымға кандидатураны Президент ұсынады, ал оны тағайындауға Құрылтайдың келісімі қажет. Құжат кандидатқа қойылатын талаптарды, оның өкілеттіктерін, өкілеттігін тоқтату негіздерін және жоғары мемлекеттік билік органдарының тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етудегі рөлін айқындайды.

Парламенттің орнына — Құрылтай

Жаңа Конституциядағы ең ауқымды өзгерістердің бірі — заң шығарушы билікті реформалау. 1 шілдеден бастап Қазақстанда Сенат пен Мәжілістен тұратын екі палаталы Парламент өз жұмысын тоқтатады. Оның орнына жаңа жоғары өкілді орган — Құрылтай жұмысын бастайды.

  • «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңға сәйкес, Құрылтай 145 депутаттан тұрады. Депутаттар 5 жыл мерзімге, біртұтас жалпыұлттық округ бойынша пропорционалды жүйемен сайланады.
  • Өкілді органның жұмысын төраға басқарады, оған депутаттардың көпшілік даусымен сайланатын үш орынбасар көмектеседі.
  • Құрылтайдың өкілеттігі жаңа шақырылымның алғашқы сессиясы ашылған сәттен басталып, келесі құрам жұмысын бастағаннан кейін аяқталады. Құрылтайға сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өтеді.
  • Кезекті сайлау қолданыстағы шақырылым өкілеттігі аяқталғанға дейін кемінде екі ай бұрын өткізілуі тиіс, ал мерзімінен бұрын таратылған жағдайда жаңа сайлау екі ай ішінде ұйымдастырылады.
  • Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаты бола алатын тұлға — Қазақстан Республикасының азаматы, жасы 25-тен төмен емес және ел аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұратын азамат. Сайланғаннан кейін депутаттар Қазақстан халқына ант береді.

Күтілетіндей, Құрылтай бұрынғы Парламентке қарағанда едәуір кең өкілеттіктерге ие болады. Атап айтқанда, Министрлер кабинеті құрамына кандидаттар бойынша консультациялар өткізу, Үкімет мүшелерінің тұрақты есеп беруі, Премьер-Министрдің Құрылтай отырысында Үкімет қызметі туралы жыл сайынғы баяндамасы, сондай-ақ Үкіметке сенімсіздік білдіру рәсімі қарастырылған.

Сонымен қатар Құрылтайға маңызды кадрлық өкілеттіктер беріледі. Ол Президенттің вице-президентті, Премьер-Министрді, Қазақстан Республикасының Конституциялық соты судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін және Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындауына келісім береді. Сондай-ақ депутаттар Мемлекет басшысының ұсынуы бойынша Жоғарғы сот судьяларын сайлайды.

Заңның жекелеген нормалары Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты және Қазақстан Республикасының Конституциялық соты судьяларының иммунитетінен айыру тәртібін реттейді, сондай-ақ бұрын тек Парламент регламентінде болған депутаттық әдеп нормаларын бекітеді.

Қазақстан Халық Кеңесі: мемлекеттік деңгейдегі қоғам үні

Жаңа Конституциядағы тағы бір маңызды жаңалық — Қазақстан Халық Кеңесі құрылуы. Бұл — азаматтардың мүддесін білдіретін және ел дамуының негізгі мәселелерін талқылауға қатысатын жаңа жоғары консультативтік орган.

Қазақстан Халық Кеңесінің басты міндеті — ішкі саясат бойынша ұсыныстар әзірлеу, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ қоғамның ұстанымын мемлекеттік органдарға жеткізу.

Сонымен қатар Кеңеске заң шығару бастамасы құқығы беріледі. Бұл оның Құрылтайға заң жобаларын ұсына алатынын, республикалық референдум өткізуді бастамалай алатынын, қоғамдық талқылаулар ұйымдастырып, қоғамдық бақылауға қатыса алатынын білдіреді.

Қазақстан Халық Кеңесі құрамына қоғамның әртүрлі өкілдері — қоғамдық ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес сектор, қоғамдық кеңестер мен мәслихаттар мүшелері кіреді. Кеңес мүшелерін 4 жыл мерзімге сайлау жоспарланған, ал оның төрағасы да осы мерзімге сайланып, бұл лауазымды шексіз мерзім бойы атқару мүмкіндігі болмайды. Жаңа органның құрамына 126 адам кіреді.

Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы таратылатын болады. Реформа әзірлеушілерінің тұжырымдамасына сәйкес, Халық Кеңесі мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың жаңа алаңы болып, азаматтардың маңызды шешімдер қабылдауға қатысуын кеңейтеді.

Жаңартылған преамбула және даму қағидаттары

Жаңа Конституция мемлекеттің негізгі қағидаттарын сақтап қалды — Қазақстан унитарлық мемлекет болып қала береді, ал оның аумағы тұтас, бөлінбейтін және иеліктен шығарылмайтын деп танылады.

Сонымен бірге преамбула — Негізгі Заңның кіріспе бөлігі — айтарлықтай жаңартылды. Оған елдің жаңа құндылықтары енгізілді: Ұлы дала тарихының сабақтастығы, қазақ жерінің байырғы аумағы туралы қағида, «Әділетті Қазақстан» идеясы, «Заң және тәртіп» принципі, сондай-ақ мемлекеттің бірлігі мен шекарасының мызғымастығы ерекше атап өтілді.

Өзгерістер сот жүйесіне де әсер етті. Конституцияда судьялардың тәуелсіздігіне кепілдіктер күшейтіліп, азаматтардың сот арқылы қорғалу мүмкіндіктері кеңейтілді және Конституция үстемдігін қамтамасыз етудің қосымша тетіктері бекітілді.

Тағы бір жаңа норма елдің жекелеген аумақтарында арнайы құқықтық режимдер енгізуге мүмкіндік береді. Олар қаржы саласында немесе «жедел даму қалаларында» қолданылуы мүмкін, мұнда мемлекеттік басқару мен бизнесті жүргізудің ерекше шарттары қарастырылады. Мұндай тетіктер, атап айтқанда, «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Алатау қаласының одан әрі дамуы үшін қолданылуы мүмкін.

Цифрлық құқықтар және дербес деректерді қорғау

Конституцияда алғаш рет азаматтардың цифрлық ортада қорғалу құқығы тікелей бекітілді. Дербес деректер мен цифрлық технологияларды пайдалана отырып өңделетін ақпаратты қорғау нақтылай түсірілді.

«Жеке өмірге қол сұғылмаушылық, жеке және отбасылық құпияны сақтау, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы қорғау құқығы заңмен кепілдендіріледі», — деп Конституцияның 21-бабында көрсетілген.

Сонымен бірге банк операцияларының, хат алмасудың, телефон және пошта хабарламаларының құпиялылығына құқық сақталады, бірақ енді цифрлық байланыс арналары да нақты ескеріледі. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды тұлғалардың және бұқаралық ақпарат құралдарының әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен және шешімдермен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету міндеті бекітіледі.

Әлеуметтік кепілдіктер және білім беру

Азаматтардың денсаулық сақтау және білім алу саласындағы негізгі әлеуметтік құқықтары сақталады. Тегін медициналық көмек ұғымы «тегін кепілдендірілген» дегеннің орнына «ақысыз төленбейтін» деп нақтыланды, ал ақылы қызметтер заңды негізде қолжетімді болып қала береді. Денсаулық сақтау жүйесіне қолжетімділіктің бұрынғы қағидаты сақталғанымен, тұжырымдама нақтырақ берілген.

«Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгіленген, өздері төлемейтін медициналық көмекті алуға құқылы», — деп 32-баптың 2-тармағында көрсетілген.

Білім беру саласында да негізгі құқықтар сақталған: орта білім міндетті, жоғары білім заңға сәйкес беріледі, ал жеке оқу орындарындағы ақылы қызметтер заңмен реттеледі.

Сонымен қатар білім беру жүйесінің зайырлы сипаты енгізіледі, бастауыш және негізгі орта білімнің міндеттілігі нақтыланады және барлық оқу орындарының жалпыға міндетті стандарттарға сәйкестігіне мемлекеттік бақылау күшейтіледі.

Сөз бостандығы

Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы нормалар бұрынғыдан егжей-тегжейлі нақтыланған. Бұрынғы 20-бапта жалпы қағидаттар ғана бекітілсе — сөз және шығармашылық еркіндігі, цензураға тыйым салу, ақпаратты алу және тарату құқығы көрсетілсе — жаңа 23-бап бұл құқықтарды кеңейтеді. Енді ол ғылыми, техникалық және көркем шығармашылықты, зияткерлік меншікті қорғауды және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген заңды тәсілмен ақпаратты алу және тарату мүмкіндігін де қамтиды.

«Сөз бостандығы, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылыққа еркіндік кепілдендіріледі», — деп Конституцияның 23-бабының 1-тармағында көрсетілген.

Сөз бостандығы басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, азаматтардың денсаулығына, адамгершілік пен қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірмеуге тиіс. Ал насихатқа тыйым салу егемендікке, аумақтық тұтастыққа, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайда қолданылады.

Дін мемлекеттен бөлінген

Конституцияда саяси және қоғамдық әралуандылық туралы нормалар нақтыланып, кеңейтілген.

Қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне тыйым салынады, егер олардың мақсаты немесе іс-әрекеті конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға, қоғамдық тәртіпті әлсіретуге, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни алауыздықты қоздыруға, сондай-ақ заңда көзделмеген қарулы құрылымдар құруға бағытталса.

Алғаш рет 7-бап жеке түрде бекітіліп, дін мен мемлекеттің нақты бөлінуін және білім мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипатын бекітеді.

Некенің құқықтық мәртебесі

Қазақстан Конституциясында алғаш рет некенің құқықтық мәртебесі нақтыланды. 30-бапта неке мемлекетте тіркелген, ер мен әйелдің өзара ерікті және тең құқылы одағы ретінде айқындалады.

Неке еріктілігі қағидатын Конституцияда бекіту кез келген мәжбүрлеу түрлерімен күреске қосымша құқықтық негіз қалыптастырады. Мемлекеттік тіркеу неке институтына құқықтық айқындық беріп, ерлі-зайыптылар мен балалардың құқықтарын қорғайды және отбасылық қатынастардың теңдігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар бұрынғы нормалар сақталады: ата-аналардың балаларды тәрбиелеуі — олардың табиғи құқығы әрі міндеті, ал кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар өздерінің еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқор болуға міндетті.

Адвокаттардың құқықтық мәртебесін күшейту және баспанаға қол сұқпаушылық

Алғаш рет адвокатура мен адвокаттық қызмет туралы арнайы бап енгізілді.

86-бапта былай делінген:

  1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура мемлекет кепілдік берген сот арқылы қорғалу құқығын және заң көмегін алу құқығын іске асыруға жәрдемдеседі. Заң көмегі адвокаттар және заңда көзделген өзге де тұлғалар арқылы көрсетіледі.
  2. Адвокаттық қызметті жүзеге асыру тәртібі, адвокаттың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі заңмен айқындалады.

Үйден айыру немесе шығару тек сот шешімімен ғана мүмкін. Сонымен бірге мемлекет азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға міндетті.

Халықаралық пактілер әрбір адамды жеке және отбасылық өмірге заңсыз араласудан, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұғудан қорғауды қамтамасыз етеді. Тұрғын үй — адамның және отбасының лайықты өмір сүру құқығымен тікелей байланысты ерекше конституциялық қорғалатын мүлік түрі.

Табиғатты азаматтар мен мемлекет қорғауға міндетті

Алғаш рет Конституцияда азаматтардың табиғатқа ұқыпты қарау және оның байлығын сақтау міндеті бекітілді. Мемлекет адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қала береді, ал лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі енді тек адам өмірі мен денсаулығына ғана емес, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйіне қауіп төндіретін фактілерді жасыру жағдайларына да қолданылады.

Табиғатты сақтау бойынша жеке және мемлекеттік жауапкершілік бекітіліп, экологиялық мүдделерді қорғаудың құқықтық тетіктері нақтыланды.

Партиялар Құрылтайдағы алғашқы сайлауға дайындалуда

Жаңа Конституцияның күшіне енуі саяси партиялар үшін жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Тамыз айында елде Құрылтайға алғашқы сайлау өтеді, оның нәтижесінде жаңа өкілді орган қалыптасады.

Осыған байланысты маусым айы саяси күштердің сайлауалды дайындық белсенділігімен ерекшеленді. Партиялар съездер өткізіп, бағдарламалары мен жарғыларын жаңартып, кандидаттар тізімін қалыптастырып, жаңа конституциялық ережелер бойынша алғашқы сайлауға қатысу стратегиясын айқындады.

Алғашқылардың бірі болып AMANAT партиясы съезін өткізді, онда Әділет партиясы партиясына қосылу туралы шешім қабылданды. Бұл партия 2026 жылғы 7 мамырда құрылған.

Ең елеулі өзгерістер Ақ жол партиясы қатарында болды. Делегаттар жарғыға өзгерістер енгізіп, оны жаңа Конституцияға сәйкестендірді және жаңа төрағаны сайлады. Азат Перуашевтің өз еркімен отставкаға кетуінен кейін партияны Дания Еспаева басқарды.

Әділет партиясы партиясының II съезінде саяси күштің ұйымдық дамуын жалғастыру, өңірлік желіні құру және Құрылтай сайлауына дайындалу туралы шешім қабылданды. Жалпы алғанда, бұл саяси партиялар үшін тек кезекті сайлауға дайындық емес, сонымен қатар мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне бейімделуді білдіреді.

Қазақстан дамуының жаңа кезеңі

Жаңа Конституцияның күшіне енуі Қазақстан үшін мемлекеттік және саяси дамудың жаңа кезеңін ашады. Жаңартылған Негізгі Заң билік құрылымын өзгертумен қатар, ел дамуының ұзақ мерзімді бағдарларын айқындайды және институционалдық реформалардың негізін қалайды.

Алдағы айларда Қазақстанға жаңа Конституция ережелерін іс жүзінде жүзеге асыру қажет болады: Құрылтайға алғашқы сайлауды өткізу, жаңа мемлекеттік институттарды қалыптастыру және жаңартылған мемлекеттік басқару моделіне көшу процесін аяқтау.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей:

— Жаңа Конституция біздің мемлекеттілігіміз бен егемендігіміздің сенімді тірегіне айналады. Оның әрбір нормасы, әрбір ережесі біздің тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталған. Әділет қағидаты Негізгі Заңның бүкіл мазмұнына өзек болып өтеді. Сондықтан Жаңа Конституция — Әділетті Қазақстанның басты құжаты, — деді Мемлекет басшысы.

 

08 мая 2026
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты конкурсына өтінім қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 2026 жылға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау конкурсының басталуына арналған брифинг өтті. Аталған алаңда конкурсқа қатысудың негізгі ережелері мен талаптары түсіндірілді.

Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Камбаров, конкурстық комиссия мүшесі Гайни Есембекова және 2025 жылғы грант иегері Айжан Өмірбаева сөз сөйледі.

Брифинг барысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен талантты жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалып келе жатқаны атап өтілді.

2026 жылы республикалық деңгейде әрқайсысы 3 млн теңгені құрайтын 30 грант беріледі.

Грантқа Қазақстан Республикасының 14 жастан 35 жасқа дейінгі (34 жас қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.

Грант конкурстық негізде 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін беріледі:

  • «Ғылым» – жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыру үшін;
  • «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, ұлттық дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобалар үшін;
  • «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін;
  • «Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін;
  • «Медиа» – жастарға арналған танымдық, пайдалы әрі қызықты контент жасау жобаларын қоса алғанда, жаңа медиа-жобаларды іске асыру үшін;
  • «Волонтерлік» – өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды жүзеге асыру үшін.

Конкурсқа өтінімдер 2026 жылғы 21 сәуірден 21 маусымға дейін (21 маусым күні сағат 24:00-ге дейін) қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде):

  1. Конкурстық өтінім мына сілтеме арқылы толтырылады: https://forms.gle/8Edm9PwoqQZQyw287
  2. Жобаның сипаттамасы (2-қосымшаға сәйкес, PDF форматта);
  3. Бейнеролик (60 секундтан аспайды) немесе жоба презентациясы (10 слайдтан аспайды);
  4. Шығындар сметасының жобасы (3-қосымшаға сәйкес, PDF форматта);
  5. Зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болған жағдайда, PDF форматта);
  6. Жеке куәліктің немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (PDF форматта).

Анықтама үшін байланыс телефондары:

8 (7172) 74-12-78, 8 777-114-66-82

E-mail: t.urpaqtary2026@gmail.com
(жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін)

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы