Меню

Страницы

Статья

Конкурс өткiзу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ

Орналасқан жерi: Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58;

пошталық мекенжайы: 150000, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58;

электрондық пошта мекенжайы: Uiir@sqo.gov.kz;

байланыс телефоны: 8 (7152) 501650

Конкурс нысанасы: «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге, жас кәсiпкерлерге (өз бизнесiн құруға) мемлекеттiк гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiм беру орны: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 5 қабат, 521 кабинет

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер көрсетiлген мекенжайға жеке өзi, пошта арқылы немесе өзiнiң өкiлеттi өкiлi арқылы бекiтiлген нысан бойынша өтiнiм және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмi: 2020 жылғы «5» тамыздан бастап 2020 жылғы «14» тамызға қоса алғанда, жұмыс күндерi сағат 10.00-ден 17.00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен)

Өтiнiмдердi берудiң басталатын күнi мен уақыты: 2020 жылғы «5» тамыз сағат 10.00-ден бастап (жергiлiктi уақытпен)

Өтiнiмдердi берудiң аяқталатын күнi мен уақыты: 2020 жылғы «14» тамыз сағат 13.00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен)

Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн түскен өтiнiмдер қабылданбайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker?lang=kk сайтында танысуға болады.

Гранттық қаржыландыру шарттары:

  • Бiр кәсiпкер үшiн мемлекеттiк грант сомасы 2 (екi) млн. теңгеден 5 (бес) млн. теңгегедейiнқұрайды;
  • Мыналар:

1) берiлетiн мемлекеттiк грант көлемiнiң кемiнде 10 %-ы мөлшерiнде оны iске асыруға арналған шығыстарды кәсiпкердiң, оның iшiнде

бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлiкпен (талап халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары үшiн мiндеттi емес) бiрлесе қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен);

2) жаңа жұмыс орындарын құру;

3) кәсiпкердiң бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны iске асыру үшiн жеткiлiктi инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға арналған бизнес-жобаның мiндеттi шарттары болып табылады.

  • ескiру мерзiмi 2 (екi) жылдан аспайтын, Бағдарламаның және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 13 қараша № 746 қаулысымен бекiтiлген Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының шеңберiнде кәсiпкердiң оқудан өткенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

Құжаттар тiзiмi (ZIP 13 Kb)

Дата публикации
22 декабря 2023
Дата обновления
22 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
2026 ж қаңтар қыркүйектегі ӘЭД
Ақпарат
30 сентября 2026
2026 жылғы ІV тоқсанға азаматтарды қабылдау кестесiн бекiту туралы
Ақпарат
31 августа 2026
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң:жаңа талаптар туралы нені білу қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы