Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жоба

 

 

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

 Тимирязев ауданы

бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған

туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының                2 тармағының 2-10) тармақшасына сәйкес, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрінің  2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының туризм және спорт Министрінің м.а. 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 бұйрығына сәйкес, ШЕШТІ:

  1. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін орналасу жері құнының 0 (нөл) пайызын қоса алғанда туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.    

 

 

         Аудандық мәслихат

төрағасы                                                           А.Асанова

 

 

 

 

 

 

 

жоба
Дата публикации
19 января 2024