Бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары Пилоттық жобаны масштабтау бағдарламасы "ауыл АМАНАТЫ" ауыл халқының табысын арттыру
Қарыз
алушыға қойылатын негізгі талаптар
Қаржыландыруға өтінім беру сәтіндегі қарыз алушының жасы 18 жастан бастап болуға тиіс және жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жастан аспауға тиіс; Дара кәсіпкер ретінде тіркеудің болуы (дара кәсіпкер шаруа қожалығы фермер қожалығы Ауыл шаруашылығы кооперативі); Кредит беруге өтінім берілген күнге салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы; Кредиттік бюролардың мәліметтері бойынша банктер мен басқа қаржы ұйымдары алдында соңғы есепті күнге (өтінім берудің ағымдағы айына) мерзімі өткен берешектің болмауы; Кепілмен қамтамасыз етудің болуы; Бизнесті іске асыруды қарыз алушының салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелген жері бойынша жүзеге асыру Несиелеу Шарттары Сыйақының номиналды пайыздық мөлшерлемесіжылдық 2,5% Шағын несие сомасыауылдық елді мекендерде( олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда2,5 (екі жарым) мың айлық есептік көрсеткішке дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін8,0 (сегіз) мың АЕК дейін; Микрокредит мерзімі - 5 жылға дейін, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі7 жылға дейін бірақ бюджеттік кредит шартының қолданылу мерзімінен аспайды Жеңілдікті кезең негізгі борыш пен сыйақы бойынша микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды Несиелеу Бағыттары Өсіру өсімін молайту (мал басын ұлғайту) бордақылау және өнім алу мақсатында ет және сүт мал шаруашылығы бағыты бойынша микрокредиттер беру; Мал өсіру өсімін молайту (мал басын ұлғайту) бордақылау және өнім алу мақсатында жылқы шаруашылығы бағыты бойынша микрокредиттер беру; Өсіру өсімін молайту (мал басын ұлғайту) және өнім алу мақсатында қой шаруашылығы бағыты бойынша микрокредиттер беру; Өсіру өсімін молайту (мал басын ұлғайту) бордақылау және өнім алу мақсатында құс шаруашылығы бағыты бойынша микрокредиттер беру; Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне микрокредит беру-Негізгі және айналым қаражатын сатып алу үшін; Жылыжайларды салу және оларға қызмет көрсету үшін микрокредиттер беру; - Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы тауарларды өндіру өңдеу қайта өңдеу бағыты бойынша микрокредиттер; Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығына
техникалық қызмет көрсету және жөндеу станцияларын ашу кеңейту және жаңғырту үшін микрокредиттер беру; Басқа бизнесжобаларға микрокредиттер беру Келесі мақсаттарға қаржыландыруға тыйым салынады: 1. Тұрғын жылжымайтын мүлікті (оның ішінде малшыларға арналған уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) сатып алу салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алу (кез келген нысаналы мақсатпен); 2. бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар); 3. қаруды (оның ішінде қару өндіруге арналған құрамдас бөліктерді) құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті өндіру немесе сатып алу; 4. ойын бизнесін ұйымдастыру және (немесе) дамыту; 5. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған террористік және кез келген өзге де қызметке байланысты; 6. акцизделетін тауарлар/өнімдер шығару; 7. кредиторлық берешекті өтеуге 8. бизнесті жүргізумен байланысты емес жеке тұтынушылық мақсаттар