2026 жылғы 15 қазанда Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары С.Е. Капаевтың төрағалығымен мемлекеттік мекемелер мен өндірістік кәсіпорындардың басшылары және мамандарының қатысуымен кеңес өткізіліп, онда «Салауатты жұмыс орындары» бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты — жұмыс орындарындағы зиянды және қауіпті факторлардың әсерін төмендету, еңбек жағдайларының санитариялық-гигиеналық деңгейін жақсарту, қызметкерлер арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ кәсіптік аурулар мен созылмалы инфекциялық емес аурулардың алдын алу.
Жиын барысында жұмысшылардың денсаулығын сақтау мен қолайлы еңбек жағдайын жасаудағы жұмыс берушілердің рөліне ерекше назар аударылды. «Салауатты жұмыс орындары» бағдарламасын іске асыру еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, жұмысшылардың денсаулығын нығайтуға және кәсіпорындарда салауатты орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Сіздерді Ұстаздар күнімен құттықтаймын!
Еңбектеріңіз, даналықтарыңыз және өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздерге амандық, құрмет, шабыт және жұмыстарыңызға табыс тілеймін!
Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары! Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.
Қарағанды облысы аймағында хабарландыру жүйесінің техникалық тексерісі жүргізіліп жатыр. Тыныштық сақтауларыңызды және ешқандай іс-әрекет қолданбауларыңызды сұраймыз.
Хабарламаға бейқам болмаңыз. Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары! Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.
«Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында, 2026 жылғы 16 қыркүйекте сағат 10.55-те барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Сабыр сақтауыңызды және дүрбелең мен қауесеттерге бой алдырмауыңызды сұраймыз.
Хабарламаға бейқам болмаңыз. Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) функцияларының біріне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары және заңды мүдделерін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау болып табылады.
Осы бағытта, 2026 жылдың 8 айының нәтижесінде Департаментпен
230-дан астам мемлекеттік қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті сұрау салулар жолдау, сондай-ақ Telegram-бот қосымшасы арқылы келіп түскен өтініштерді қарау нәтижес інде жүзеге асырылуда.
Соңғы уақытта жылжымайтын мүлік мәселелері бойынша азаматтардан келіп түскен 2 өтініштің негізінде Департаментпен жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік тіркеу бойынша тексеру барысында мемлекеттік қызмет көрсетушінің бас тартуы негізсіз деп танылып, анықталған сәйкессіздіктердің қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болмағаны анықталды.
Бұдан бөлек, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау кезінде тиісті ақпараттық жүйеге қате мәлімет енгізілгені анықталып, Департаменттің ықпалымен ақпараттық жүйедегі деректер құқық белгілейтін құжаттарға сәйкестендірілді. Нәтижесінде екі жағдайда да қызмет алушылардың бұзылған құқықтары толық қалпына келтірілді.
Аталған бағыттағы жұмыс Департаментпен тұрақты және жүйелі түрде жүргізіліп, мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғау
және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері ерекше бақылауда.
С. Шеримбаева
МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы
Камбоджа Корольдігі Ішкі істер министрлігінің делегациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін цифрландыру мен модернизациялаудағы қазақстандық тәжірибені үйрену мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына барды.
Сапар барысында шетелдік қонақтар фронт-офистердің жұмысымен, өтінімдерді қабылдау және дайын құжаттарды беру процесімен, сондай-ақ азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасы мен жылдамдығын арттыруға бағытталған заманауи шешімдермен танысты.
Қолданыстағы жүйенің ауқымы делегацияға Қазақстандағы халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру барысын іс жүзінде көруге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда елде жұмыс істейтін 318 фронт-офистарында азаматтарға мемлекеттік қызметтің 1330 түрі қолжетімді. Оның 1272-сі электрондық үкімет порталы арқылы онлайн-форматта көрсетіледі.
Сапар аясында делегацияға Кайдзен қағидаттары бойынша жобаланған, өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары кеңейтілген заманауи «Халыққа қызмет көрсетудің цифрлық офистері», сондай-ақ азаматтарға дайын құжаттарды 24/7 режимінде алуға мүмкіндік беретін постаматтар таныстырылды.
Камбоджа өкілдерінің ерекше қызығушылығын цифрлық технологиялар мен биометриялық сәйкестендіруді ұштастыратын цифрлық ХҚКО-ның жаңа форматы – AI-офистер тудырды. AI-офистер үш функционалдық аймақты қамтиды: SELF – өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы анықтамалар алуға, DIGITAL – онлайн қызметтерді рәсімдеуге және ASSIST – күрделі мәселелерді консультанттың көмегімен шешуге бағытталған.
Камбоджа Ішкі істер министрлігінің өкілдері таныстырылған цифрлық шешімдердің тиімділігі мен практикалық маңызын жоғары бағалады. Делегация мүшелері мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін цифрландыруға, өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге және заманауи технологияларды енгізуге ерекше қызығушылық танытты. Қазақстанның бұл бағыттағы тәжірибесі Камбоджада мемлекеттік қызметті көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту және жетілдіру барысында пайдалы болатынын атап өтті.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " КЕАҚ
Сіздерді шын жүректен Кеншілер күнімен және туған қаламыз Шахтинск қаласының 65 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Осынау мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік, отбасылық амандық, бақыт пен бақ-береке тілеймін!
Кеншілер еңбегінің ардагерлеріне — ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, жақындарыңыздың құрметі мен қамқорлығын, ал жас ұрпаққа — өз күшіне деген сенім, толағай табыс және кәсіби жетістіктер тілеймін.
Әр шаңырата құт-береке, ырыс, махаббат, өзара түсіністік пен татулық орнасын!
Туған қаламыз дамып, көркейіп, гүлдене берсін, тұрғындар үшін одан әрі жайлы қалаға айналсын! Қаламыздың әр тұрғыны өзінің туған жері мен оның тарихын әрдайым мақтан тұтсын!
Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.