Екінші деңгейдегі банктердің "Даму" Қоры арқылы "Бизнестің жол картасы - 2025" және "Қарапайым заттар экономикасы"мемлекеттік бағдарламалары бойынша жеңілдікпен несие беруге өтініштер қабылдауды қайта бастағаны туралы хабарлаймыз.
"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасының 2 – ші бағыты бойынша айналым қаражатын толықтыруға 500 млн. теңгеге дейін, оның ішінде саудаға 100 млн. теңгеге дейін өтінімдерді қабылдау жалғасуда!
"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша жеңілдікпен несие беру 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады: Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс, агроөнеркәсіптік кешенді қайта өңдеу, Өңдеу өнеркәсібі.
Мемлекеттен 10 жылға дейінгі мерзімге несие мөлшерлемелерінің % субсидиялау, соның есебінен кәсіпкер 6% мөлшерінде жеңілдікті мөлшерлеме алады.
Өз бизнесіңізді дамыту үшін жеңілдікті қаржыландыру алуға үлгеріңіз!
Бизнесті қолдау бағдарламалары бойынша толық ақпаратты сайттан алуға болады damu.kz және Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі 29, 2 қабат мекенжайы бойынша. Тел.8(7212)55-90-20.