Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғалардың банкроттығының тәртібі

⦁ Соттан тыс банкроттық
Мемлекеттік кірістер басқармасымен қарастырылады
Өтініш EGOV электрондық үкімет порталы арқылы беріледі

Қарыздар:
1. Екінші деңгейдегі банктер;
2. Микроқаржы ұйымдары;
3. Коллекторлық агенттіктер алдындағы бойынша.

Шарттары:
1. Қарыз 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК) аспайды және 12 айдан артық өтелмейді
Ақпарат https://id.mkb.kz сайтында қол жетімді

2. Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік (Жылжымайтын мүлік, жер және көлік құралдары) жоқ
Ақпарат E.gov.kz сайтында қол жетімді

3. Банкпен, микроқаржы ұйымымен борышты реттеу туралы құжаттың болуы (коллекторлар бойынша талап етілмейді)

Ерекше шарттары:
1. Егер борышкер өтініш берген күннің алдындағы 6 ай ішінде мемлекеттік атаулы көмекті алушы болып табылса, өтініш беруге құқылы.

2. Егер қарыз 5 жылдан артық өтелмесе - жоғарыда аталған барлық шарттар ескерілмейді.
Борышкер де өтініш беруге құқылы.

 

 


2. Сот банкроттығы
Сотпен қарастырылады
Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі

Шарттары:
Барлық кредиторлар алдындағы қарыздың барлық түрлері бойынша
Нені білу керек:
1. Сот банкроттығы барысында борышкердің мүлкі сауда - саттықта сатылады
2. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылса, онда кредитор оны сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы
3. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болып табылмаса, ол мүліктік массаға енгізілмейді
4. Қаржы басқарушысы тағайындалады
5. Қаржы басқарушысының қызметтеріне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүргізіледі (айына 1 ЕТЖ)
Банкроттықты жүргізу мерзімі - 6 ай, ұзарту мүмкіндігі 6 ай
Рәсімді қолдану барысындағы шектеулер:
1. Мүлікті иеліктен шығару немесе жаңа міндеттемелер қабылдау (қарыздар алу, кепілдіктер мен кепілгерліктер беру) бойынша мәмілелер жасауға тыйым салынады
2. Рәсімді жүргізу кезеңінде шетелге шығуға тыйым салынады.

 

 

 


3. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру
Сотпен қарастырылады
Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі

Шарт:
Қарыздың мөлшері тиесілі мүліктің құнынан аспайды

Сауықтыру шаралары:
1. Мүліктің бір бөлігін сату, мүлікті жалға беру
2. Жаңасын сатып алу арқылы тұрғын үйді сату, құны төмен тұрғын үйге айырбастау және т.б.
Артықшылықтары:
⦁ «Банкрот» мәртебесі берңлмейді
⦁ Теріс салдарсыз (қаржылық мониторинг жүргізілмейді, несие алуға шектеулер жоқ)

⦁ Қарыздар бойынша бөліп төлеу (5 жылға дейін)
⦁ Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу кезінде қаржы басқарушысының көмегі
⦁ Қарыздың бір бөлігін есептен шығару мүмкіндігі.

 


(«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңы 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII ҚРЗ)
Банкроттыққа өтініштер
2023 жылдың наурызында қабылданады
Азаматтардың банкроттық рәсімдері


1. Соттан тыс банкроттық (банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы қарыз 5,5 млн. теңгеге (1600 АЕК) дейін

2. Сот банкроттығы (қарыздың қалған түрлері бойынша (сомасына қарамастан) 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК) астам

3. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру (борышкер мүлкінің құны барлық қарыздардың мөлшерінен аспайды)

 

 

 

 

 

 

Байланыс нөмірлері:
8 (7212) 41-09-42
8 (7212) 41-08-12

Қарағанды облысы бойынша МКД Интернет-ресурсы
www.krg.kgd.gov.kz

Қарағанды облысы бойынша МКД аккаунттары:

Facebook
https://www.facebook.com/DGD3001

Instagram https://www.instagram.com/Karaganda_MKD/

Twitter
https://twitter.com/@2017DGD

Telegram арнасы
https://t.me/dgdkaraganda

You Tube ДГД Караганда

Байланыс – орталығы
1414

 

 

 

 


Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Жеке тұлғалардың банкроттығының тәртібі

Дата публикации
17 апреля 2023
Дата обновления
17 апреля 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

18 сентября 2026
Сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидалары
18 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
18 сентября 2026
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі туралы типтік ереже

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы