2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды.
ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУҒА КӨШУДІҢ МАҚСАТТАРЫ:
ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
IІ кезең – 2023 жылдан бастап
⦁ Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары;
⦁ Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары.
IІІ кезең – 2024 жылдан бастап
⦁ Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;
⦁ Жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.
IV кезең – 2025 жылдан бастап
⦁ Азаматтардың қалған санаты.
Жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).
Активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылған жылдан кейінгі жылдан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну қажет (270.00-нысан).
ДЕКЛАРАЦИЯЛАУҒА НЕ ЖАТАДЫ
1) шет мемлекетте тіркелген жылжымайтын мүлік;
2) шет мемлекетте тіркелген көлік құралы;
3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен жиынтық асатын сомадағы ақша;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның (акционерлік қоғамдарды қоспағанда) жарғылық капиталындағы қатысу үлесі;
5) жылжымайтын мүлік құрылысына, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге үлестік қатысу;
6) инвестициялық алтынның болуы;
7) бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (ТҚҚ), оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде;
8) инвестициялық пай қорларындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі пайлар;
9) зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде;
10) бірлігінің бағалау құны айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен асатын басқа мүліктің, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болуы;
11) дебиторлық / кредиторлық берешек, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде;
12) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік.
Ұсыну мерзімдері
⦁ Қағаз тасығышта – 2023 жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей;
⦁ Электрондық түрде – 2023 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей.
Ұсыну тәсілдері
Электронды түрде келесі әдістермен жүзеге асырылады:
⦁ Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушілер кабинеті» веб-порталы (cabinet.salyk.kz);
⦁ «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz);
⦁ e-Salyq Аzamat мобильді қосымшасы.
Қағаз тасығышта мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібінде немесе тапсырыс хатпен пошта арқылы.
Байланыс нөмірлері:
8 (7212) 41-09-42
8 (7212) 41-08-12
Қарағанды облысы бойынша МКД Интернет-ресурсы
www.krg.kgd.gov.kz
Қарағанды облысы бойынша МКД аккаунттары:
Facebook
https://www.facebook.com/DGD3001
Instagram https://www.instagram.com/Karaganda_MKD/
Twitter
https://twitter.com/@2017DGD
Telegram арнасы
https://t.me/dgdkaraganda
You Tube ДГД Караганда
Байланыс – орталығы
1414
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ
туралы жадынама
Болашақ үшін декларациялаңыз!
2023 жыл