Шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

  

         ЖОБА

 

 

Шахтинск қалалық мәслихатының

 2022 жылғы «___» __________ № ______ шешімі

 

 

Шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – болу құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы

 

 

 

 

Қалалық мәслихат хатшысы

 

 

 

   
 

 

 

 

 

 

Шахтинск қалалық мәслихаты шешімінің жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Дата публикации
12 декабря 2022