«Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ жергілікті атқарушы органының 2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі.

«Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы

бөлімі» ММ жергілікті атқарушы органының

2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері

жөніндегі қызметі туралы есебі.

 

  1. Жалпы ережелер

    Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, жергілікті атқарушы орган «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетеді, оның ішінде:

  1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»;
  2. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі беру»;
  3. «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, олардың тіркемелерінің кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайта кепілге) беру) және тіркелген кепілдің қолданысын, өтімділігі жоғары арнайы машиналар»;
  4. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»;
  5. «Басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялау».

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бөлімге түскен 219 мемлекеттік қызмет көрсетілді, 209 мемлекеттік қызмет «Е-Лицензиялау» МДҚ жүйесі арқылы көрсетілді және 10 қызмет қағаз түрінде көрсетілді және барлығы «Е-Лицензиялау»МДҚ жүйесіне енгізілді.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс:

Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық стендте және Шахтинск қаласы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы, ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Стандарт пен Регламент, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесі, иемлекеттік қызмет көрсету бойынша нәтижелер, мемлекеттік қызметтерге шағымдану тәртібі және басқа да пайдалы ақпараттар орналастырылған.

Тиісті бөлімдегі ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

2021 жылдың есептік кезеңінде бөлім қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардарлығын арттыру бойынша 3 түсіндіру іс-шарасын (тікелей эфир) өткізді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін жетілдіру жөніндегі қызмет:

          Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде ХҚКО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (ХҚКО ЫАЖ), ИАЖ МОНИТОРИНГ құралы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуына күнделікті бақылау жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілеріне жол бермеу мақсатында бөлім басшысы жыл сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді.

2021 жылы Шахтинск қаласы әкімдігімен бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

 Көрсетілетін қызметті алушыларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік корпорация және «Электрондық үкімет»порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы халықпен түсіндіру жұмысы жалғасатын болады.

Тұтастай алғанда, 2022 жылғы жұмыс мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрау салуларына тұтастай бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталатын болады.

 

 

Басшы                                                                                        А. Акишев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ жергілікті атқарушы органының 2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі.
Дата публикации
17 января 2022