Салалық шектеусіз микробизнес бағдарламасы. Айналым қаражатын толықтыруға берілетін несие бойынша максималды сома екі жылға дейінгі субсидиялау мерзімімен 5 миллион теңгеден аспайды, бұл ретте несие жаңартылмалы және/немесе жаңартылмайтын негізде беріледі. Инвестициялық мақсаттар үшін несиенің максималды сомасы - үш жылға дейінгі субсидиялау кезеңімен 20 миллион теңге. Бір қарыз алушыға шектеу сомасы - 20 миллион теңге. "Даму" қорының кепілдік мөлшері – қарыз сомасының 85% дейін.
Несие мөлшерлемесі жылдық 18% құрайды, оның ішінде жылдық 12% -ды «Даму» қоры субсидиялайды, қалған 6% -ды кәсіпкер төлейді.
Бұл бағдарлама және кәсіпкерлікті қолдаудың басқа да мемлекеттік бағдарламалары туралы толық ақпаратты damu.kz сайтынан немесе келесі мекен-жайынан білесіздер: Қарағанды қ., Ермеков көш., 29, 2 қабат. Тел. 8 (7212) 55-90-20