2021 жылы барлық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 36 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 115,5 млн.теңгеге 19 жоба іске асырылды.
"Бизнестің жол картасы 2025" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында 45,2 млн.теңге сомасына 5 жоба іске асырылды, 19 жұмыс орны құрылды.
"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы 63,0 млн.теңге сомасына, 15 жұмыс орнын құрумен 13 жоба мақұлданды.
"Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы "Іскер" бағдарламасы аясында "жылқы сатып алу" жобасы жүзеге асырылды .