8 айда атқарылған жұмыс туралы есеп

2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2318 бірлікті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 98,6% құрайды (2020 жылы – 2351 бірлік).

2021 жылғы 8 айда ШОБ – та жұмыспен қамтылғандар саны 5680 адамды немесе өткен жылға қарағанда 98,9% - ды құрайды (2020 жылы-5743 адам).

Көрсеткіштердің төмендеуі сауда және қызмет көрсету объектілерінің жабылуына байланысты.

Ағымдағы жылдың соңына дейін жұмыс істеп тұрған объектілердің санын 2370 бірлікке дейін немесе 2020 жылға қарай 100,9% – ға дейін арттыру жоспарлануда (2020 жылы-2349 бірлік).

2022 жылғы 1 қаңтарға шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санының көрсеткіші 4,3% - ға ұлғайып, 5741 адамды құрайды (2020 жылы-5503 адам).

2021 жылдың сегіз айында ШОБ субъектілері шығаратын өнім көлемі 7130,0 млн.теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 123,9% (2020 жылы – 5754,0 млн. теңге) күтілуде.

Жыл соңында бұл көрсеткіш 13065,0 млн.теңгені немесе өткен жылға 101,0% – ды құрайды (2020 жылы-12936 млн. теңге).

Көрсеткіштердің орындалуы Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жобаларды іске асыру және жеке бастамалар есебінен бизнестің жаңа объектілерін ашу есебінен қамтамасыз етіледі.

 

Дата публикации
14 сентября 2021