
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті ағымдағы жылдың 19-21 ақпанында Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының астанасы Уфа қаласында «УралСтройИндустрия» халықаралық көрмесі өтетіні туралы хабарлайды.
Бұл жобаның негізгі мақсаты – заманауи құрылыс материалдары мен техникасы көрсету және дамыту, сондай-ақ халықаралық әріптестермен сауда-экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайту.
Ресейдің Құрылыс министрлігі, Госдума өкілдерінің қатысуымен «Өмірге арналған инфрақұрылым : құрылыс саласын дамытудың жаңа жиегі» тақырыбында пленарлы отырысы жоспарланып отыр.