Өңделген өнімнің экспортын ілгерілету жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде "QazTrade" АҚ 2025 жылғы 15-16 ақпанда Тегеран қаласында (Иран Ислам Республикасы) алғашқы сауда-экономикалық миссияны (бұдан әрі – ТЭМ) өткізуді жоспарлап отыр.

Өңделген өнімнің экспортын ілгерілету жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде "QazTrade" АҚ 2025 жылғы 15-16 ақпанда Тегеран қаласында (Иран Ислам Республикасы) алғашқы сауда-экономикалық миссияны (бұдан әрі – ТЭМ) өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шараның негізгі мақсаты қазақстандық тауар өндірушілер мен әлеуетті ирандық сатып алушылар арасында тікелей байланыс орнату, сауда қатынастарын жандандыру болып табылады.

«QazTrade» АҚ СЭМ шеңберінде өңделген дайын өнімді өндіруші- қатысушылардың келесідей шығындары жабылады:

- Қазақстандық қатысушылардың тұруы (кәсіпорыннан бір адамнан артық емес және СЭМ өткізудің ресми мерзімдерінде ғана);

- Қазақстандық қатысушылардың болу еліндегі трансфері;

- В2В кездесулер кезінде аудармашылар.

Өзге шығыстарды (ұшу, тәуліктік, визалық алым және т.б.) қатысушылар дербес жабады.

Бизнес-топтардың белсенділігін ескере отырып, іс-шара Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту, тәжірибе алмасу және екі елдің кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды кеңейту, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында екіжақты ынтымақтастықты нығайту және дамыту үшін платформа болады деп санаймыз. СЭМ шеңберінде Иран кәсіпкерлерімен B2B кездесулер өткізу жоспарлануда, сондай-ақ Тегеран қаласының кәсіпорындарына көшпелі кездесулер.

Өңіріңіздегі кәсіпкерлер қызығушылық танытқан жағдайда, 2025 жылғы 27 ақпанда сағат 18.00-ге дейінгі мерзімде СЭМ алаңдарында өткізілетін В2В-ға қатысу үшін толтырылған сауалнама жіберуді сұраймыз.

Барлық сұрақтар бойынша келесі нөмерлер арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:

- Байболова Әсел: +7 775 230 09 82, a.baibolova@qaztrade.org.kz;

- Жалмұхамбетова Айсауле: +7 7027029797, a.zhalmukhambetova@qaztrade.org.kz;

- Жанар Ақбердиева: +7 702 435 7799.

СЭМ-ге тіркелу QR  немесе сілтеме арқылы қолжетімді:  

      https://forms.gle/1g9iszH4DpUouXWM8