Құрметті кәсіпкерлер!

Құрметті кәсіпкерлер!

 

«QazTrade» АҚ 2024 жылғы 26-30 маусым аралығында ҚХР, Үрімші қ. ЭКСПО Қытай-Еуразия халықаралық көрмесін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Іс-шараның негізгі мақсаты қазақстандық кәсіпорындар үшін тікелей байланыстар орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасындағы сауда қатынастарын жандандыру, сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу болып табылады.

«QazTrade» АҚ көрмесі аясында қатысушылардың келесі шығындары өтеледі:

- Ауданы 260 ш.м. көрме стендін жалға алу;

- Қазақстандық қатысушылардың тұруы (кәсіпорыннан бір адамнан артық емес және тек көрмені өткізудің ресми мерзімінде);

- В2В кездесулер шеңберінде аудармашылардың және болу еліндегі қазақстандық қатысушылардың трансфері;

- ҚХР, Үрімші қ. қатысушылар өкілдерінің жол жүруі/әуе сапары (кәсіпорыннан бір адамнан артық емес және көрмені өткізудің ресми мерзімдерінде ғана).

Басқа шығыстарды (тәулікақы және т.б.) қатысушылар өздері өтейді.

Тіркеу үшін сілтеме: https://forms.gle/JPFidh4PxZVi7LA37

Тіркеу а.ж. 3 мамырында сағат 10:00-де жабылады.

Барлық сұрақтар бойынша Кашаева Жулдызға хабарласуларыңызды сұраймыз, жұмыс телефоны: 8 (7172) 76-85-20 (ішкі164), ұялы телефоны: +7 701- 555-86-53, электрондық пошта: zh.kashayeva@qaztrade.org.kz .